Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:02, курс лекций
Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.
Лекция тақырыптары
|
Ес туралы жалпы анықтама. Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы.Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы.
Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А. Смирнов, П.И. Зинченко) психологиясында естің психологиялық табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік бағыты.^ Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
1. Ес туралы жалпы анықтама. Ес түрлерінің жіктемесі және олардың сипаттамасы. Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап, оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э. Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Естің жоғарғы формаларының дамуын орыс ғалымы Л.С. Выготский ХХ ғ. ашты. Әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін дәлелдеді. А.А. Смирнов, П.И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы заңын ашып, жадта қалдырудың алға қойған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеді. Келе-келе ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табу және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашушы зерттеулер пайда болды. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типін: 1. сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.(бұл сезім мүшеміз қабылдаған көріністерді толық дәл сақтау, бірақ 1 сек. еске түсіп, тез жойылып кетеді). 2. Қысқа мерзімді ес: ( Бұнда есте қалған бейне оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді). 3. Ұзақ мерзімді ес: ( жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді). Есте қалдыру, қайта жаңғырту үшін жүретін әрекеттердің сипатына орай ес 3 өлшемге сай болуы керек:
2. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мысалы, оқу материалын жаттап алу. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барлық іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Ниетті әрекеттің мақсаты-қажетті материалды есте сақтау. Есте қалдырып, оны қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет-мнемикалық (мнема ес) әрекет д. а.
5. Ойлау сипаттамасы. Ойлау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қиял процестері ырықтылық немесе
деңгейі бойынша бөлінеді. Ырықты қиялдың адам үшін
маңызы зор. Қиялдың бұл түрі сырттан түрткі
келгенде немесе адам алдында бір мақсат
пайда болғанда көрінеді. Бұл жағдайды
адам өзі бақылап, бағыттайды. Ырықты қиялдың
формасы мен түрлерінің ішінде қайта құрушы
қиял, шығармашылық қиял және арманды
көрсетуге болады. Қайта құрушы қиял обьектісі
өзіне сәйкес сипатта елестету сипатта
елестету міндеті болғанда көрінеді. Бұл
қиял түрімен географиялық орындармен
немесе тарихи орындармен, әдеби батырларды
оқығанда кездесеміз. Қайта құрушы қиял
көру, есту және сипап сезу қиялдарын қалыптастырады.
Көбіне, естіп сипаттаған бойынша бір
обьекті құрастырған кезде кездесеміз.
бұл адамның ойлауы мен есімен тығыз байланысты.
Шығармашылық қиял адам елестетулерін
бір объектіге негіздеп емес, өзі контурын
оған қажетті материалды өзі ұйымдастырып,
құрастырады. Қиялдың ерекше түрі арман
болып табылады. Бұл адамның жеке жаңа
обрыздарды бейнелейді. Шығармашылық
қиялға қарағанда, арманда біріншіден
адам өз қалауы бойынша образ жасайды,
ал шығармашылығында құрастырудың ойлағанындай
болмайды. Екіншіден, арман бұл қалауы
болашаққа бағытталған қиял. Арман типтері
саналы процесс болып табылады (активті
және пассивті тұрғыда болады).
Белсенділік деңгейі бойынша қиял әр адамда
әр түрлі дамыған және олардың іс-әрекетімен
қозғалыстық өмірде әр түрлі көрінеді.
Қиялдың жеке ерекшеліктері адамда қиялдың
даму деңгейі, образдар типй бойынша әртүрлі
дамиды. Адам қиялы туа дамымайды. Ол онтогенезде
даму барысында қалыптасып дамиды. Қиялдың
алғашқы дамуының көрінуі қиялмен байланысты,
мысалы бір жарым жас бала әңгіме, ертегі
тыңдай алмайды ал өздерінің бастан кешіргендерін
қосып айтса, қабылдайды себебі мәнін
түсінеді. Бала өз ойындарында алған әсерлерін
қиялмен байланыстырады, оны ойында қолданады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
4 бөлім. Тұлғаның эмоционалды
–еріктік сферасы
Глоссарий:
Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни
қобалжу деген мағынаны білдіреді. Эмоция
– бұл адамның айналадағы өмір шындығына
және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.
^ Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне,
пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан
көрінеді.
Шаттану –мұң, үрей мен қорқу, масаттану, өкіну
осылардың барлығы адамның тітіркендіргіштерге
психикалық реакциясының түрлерін көрсетеді.
^ Эмоцияның субъективтілігі - адамдағы барлық психикалық құбылыстар
субъективті болады, ол адамның өмірлік
тәжірибесіне, жағдайына, ұстанымдарына
байланысты болады, бірақ субъективтілік
эмоцияда ерекше аңғарылады.
^ Эмоцияның полярлылығы - оның өзі эмоцияның анықтамасынан бастау
алады, яғни қанағаттану мен қанағаттанбау
қажеттіліктерінің ағымдық процесі.
Эмоцияның фазалығы - эмоцияның динамикасына байланысты
болады. Бір эмоциялық жағдайдың өзінде
қысым мен бәсеңдік, қозу мен тынышталу
көрінеді.
Аффект - («аффект» - сөзінің мағынасы жалпы алғанда
қанағаттанудың әртүрлілігі, ауырсыну,
тілек) – ол эмоцияның бірте-бірте күшеюінен
көрінеді.
^ Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте
күшті эмоциялық реакция.
Стресс - бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын
эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы
әрекеттер, жылдам шешімге келу қажеттілігі,
қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген
жағдайдағы мінез-құлық стресстік күйлер
болып табылады.
Көңіл күй – адамның барлық толғаныс тебіреністері
мен әрекеттеріне өң беретін ұзақ эмоциялық
күй.
Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар
ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық
фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің
бұзылуының негізі болады.
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары
және құбылыстарымен қатынас жасауынан
туындаған әрқилы формада көрініс беретін
толғаныс, күйзелістері.
^ Моральдік сезімдер - қоғам талабына орай, адамның өз мінезіне
лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйді
білдіреді.
Эстетикалық сезімдер –әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззәттану,
рухани күшін арттыру сезімі.
^ Зияттылық сезім - адамның таным әрекетімен байланысты.
Шығармашылдық пен өнерге деген көңіл
– күй қатынасынан туындайды.
Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы
реттей алу қабілеті, өзінің барлық күшін
қойылған мақсатқа жетуге бағыттау.
Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген
психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті
орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін
ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады,
яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
^ 8-тақырып. Сезім және эмоция. Ерік
Дәріс мақсаты: Студенттерде сезім және эмоция, ерік
мәселелері туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
Дәріс тезисі.
^ 1.Сезім және эмоциялық белсенділік. Тұлғаның эмоционалды белсенділігі бірнеше
атауларға ие: сезім, аффект, құмарлық,
эмоция. Эмоция адамның түрлі органикалық
қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын
шағын, адам қуанғаннан , қамыққаннан көзіне
жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып,
шек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың
ұзаққа созылмайтындығы.
Эмоция – оң немесе теріс бастан кешудің
организмге мәнді өзгерістер әкелуі. Бұл
өзгерістер органикалық өзгерістер нәтижесі
немесе таным іс-әрекетіне байланысты
рефлекторлы туындауы мүмкін. Эмоция тамаққа
қажеттілікте, қандай да міндетті шешуде
немесе адамның терең ойға, қиял кезінде
көрінетін реакциялары.
«Эмоция психологиясының» негізін салушы
Бенедикт Спиноза : адам денесінің әрекетке
мүмкіндігін жоғарылататын немесе төмендететін,
ықпал жасайтын немесе шектейтін және
осы жағдай идеяларын аффект деп атады.
Қазіргі кездегі теорияларға сәйкес эмоция
жайлы теориялардың пайда болуырефлекторлы
психофизикалық және қысымның танымдық
анықтамасына және оған мән берумен шартталған.
Эмоционалды белсенділік сәйкес құрылымдармен
жүзеге асырылады: олар тұлғаның қажеттіліктері,
құндылықтары және эмоционалды сапалары.
Сезім – эмоционалды реакциялардың белгілі
түрлеріне деген тұрақты бейімділік. Олардың
кейбіреулері туа берілген, ал кейбіреулері
өмір барысындағы тәрбие мен тәжірибеден
қалыптасады. Сезім мысалдары: патриоттық,
ата-аналық сезім, әуенге деген сүйіспеншілік.
Айналадағы қоршағандардың барлығы дерлік
эсоция тудырмайды. Адамның эмоциясын
тудыратын заттар және құбылыстар шеңбері
бар, адамның эмоциясының молдығы адамның
эмоциялық мәдениет деңгейін және эмоционалды
жан-жақтылығын көрсетеді.
Өмір адамнан эмоциялық тұрақтылықты
және күрделі жағдайларда қарсылық көрсетуді
талап етеді.
Перл Изардтың теориясы бойынша базалық
эмоциялар ретінде келесі эмоцияларды
көрсетеді:
Эмоционалды процесс екі қабатты
құрылымға ие: 1- қабат нақты сезімдерді;
қорқыныш, қуаныш, қайғы т.б. бастан
кешіру.
2-қабат арнайы емес үлкен және кіші шамадағы
эмоциялы қысымдар. Ол стресс деген атау алған.
Стресс – бұл ақыл мен дененің бейімделушілік
қабілеттеріне қойылатын талаптар.
^ 2.Тұлғаның еріктік белсенділігі. Ерік күшінің құрылымы 3 буыннан тұрады.
1-буын- әрекетке итермелеудің қалыптасуы;
2-буын - эмоциямен өзара әрекеттестік;
3-буын – күрделілікті меңгеруге арналған
күштерді жұмылдыру.
Ерік адамның физиологиялық функцияларды
жүзеге асырудағы ырықты қозғалыстардың
базасында дамиды. Алғашында балада қандайда
бір ырықты қозғалыстарға белсенділік
болмайды. Өскен сайын балада психофизиологиялық
механизмдердің дамуына байланысты ырықты
қозғалыстарды жүзеге асыру мүмкіндігі
артады.
Адам дамуының белгілі кезеңдерінде еріктік
механизмдер танымдық процестер мен эмоционалдық
аймақтарда көрінеді. Адам өмірдегі күрделілікке
қарсы тұруда белсенді және тұрақты бола
бастайды. Өзін-өзі ұстау дамиды, мінез-құлық
еріктің кешені ретінде көрінеді.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
^ 5. Бөлім Тұлға психологиясы.
ГЛОССАРИЙ:
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының
физикалық алып жүрушісі.
Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен
реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын
биоәлеуметтік жүйе.
Тұлға – мәдени-тарихи даму барысында белсенділік,
субьектілік, құмарлылық, және сапалылық
қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған
жүйелі қасиеттері.
Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және
реактивтілігін біріктіреді.
Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы
қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
^ Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және
аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ
басты, мойыны қысқа адамдар.
Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене
бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең
иықты, жамбасы тар.
Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.
Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің
индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің
белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен
шартталған.
Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті
бастан кешіре алу.
^ Психика – адамның ішкі әлемі ретінде түсіндіріледі,
өзіндік бақылау мүмкіндігі бар.
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың
басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық
теориялық және тәжірибелік бағыт.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген
идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері
тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық
құрылымдар) деп санайды.
Генезис - (грекше – туу, пайда болу, даму) қайсыбір
құбылыс, заттың пайда болу сәтін де сол
сияқты заңды даму процесін де бейнелейтін
ұғым.
Данышпандылық – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің
ең жоғары дәрежесі.
Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын
іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған
әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады.
Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық
стериотип болады.
Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен
байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда
кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша
адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен
шешуші факторы жыныстық еліктеу болып
табылады.
^ 9-тақырып. Тұлға түсінігі. Тұлғаның құрылымы.
Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары
Дәріс мақсаты: Студенттерде тұлға түсінігі, тұлғаның
құрылымы, қазіргі кездегі тұлғаның теориялары
туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
Дәріс тезисі.
^ 1. Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері
мен мінез-құлық тұрақтылығын шарттайтын
индивидуалды сипаты және мінез-құлық
тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы.
Адам индивид болып дүниеге келгеннен
кейін, қоғамдық өзара қатынастар және
процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде
ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни
ол тұлға болып қалыптасады.
Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп,
субъект сапасында көрінуіне байланысты
жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік,
тұлғалық және субъектік деңгейлерінің
даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы
индивидуалдылықты көрсетеді.
Қазіргі психологияның барлық мектептерінің
тұлға жайлы өз көзқарастары бар.
Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы
оң және теріс нығайтуларға байланысты
әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер.
Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы,
оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет
жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне
байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына
әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне
психика, сана, мінез де әсер етпейді.
Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты
құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам
қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады.
Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті
күштер әсер еткенін білу арқылы адамның
қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген
жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз.
Бұл пікір авторы психоанализ бағытының
өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық
психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының
теориясы және практикасын, оның өзіндік
«Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған.
Когнитивті психология
Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама
береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа
қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын
дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы
белсенді әрекетті көрсетеді.
^ 2.Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану
– бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған
құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған
мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану –
мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат
бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі
қуат, ішкі мәнділік береді.
Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші
өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық
құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа,
біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар
жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа,
кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс
бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында
нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам
бағыттылығы жайлы теориялар өте көп.
Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің
тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты
бағдарлану типтері.
Кеңестік психологияда «тұлға бағыттылығы»
түсінігін С.Л.Рубинштейн 1940 жылы жарық
көрген «Жалпы психология негіздері» кітабында енгізген. Бұл түсініктің
енгізілуі адамның қажеттілік, қызығушылық,
идеал, бейімділік, бағдар, бағыттылығына
байланысты болады. Тұлғаның бұл жүйелерінің
құрылымын талдау адамның неге талпынатынын
анықтауға мүмкіндік береді.
А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін
түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын
ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық
қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі
өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы
келесідегідей:
Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде
орналасқан, ол одан жоғары орналасқан
қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде
қанағаттандырылған болуы керек. Бір
типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке
өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу
бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер
адамның мотивациясы негізінде жатқан
негізгі принцип болып табылады. Адам
қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты
жоғары көтерілген сайын, оның сапасы,
индивидуалдылығы , психикалық денсаулығы
жоғарылайды. Гуманистік психологияда
тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі
пайда болған психологиялық құрылым ретінде
қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама
дамыды. Гуманистік психология бастапқыда
нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды,
яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға,
агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді
дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың
көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик
мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір
өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында
дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек.
Дәрігер мен пациент арасындағы контакт
өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің
тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау
категориясы болып табылады. Баланың үлкен
адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның
өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта
өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды.
Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік
бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам
қоршаған ортаның бағалауын қабылдау
керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек
пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық
бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың
көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде
жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей,
тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған
тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік
рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың
өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі
қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге
тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не
дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі
өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен
әуестенген. Олар бір іске берілген, олар
үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады».
Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі:
алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы
мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту.
Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға
ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін-өзі
өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз
мүмкіндіктерін практикада іске асыру
процесі болып табылады. Маслоу бойынша
- өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын
құбылыс, ол адамның табиғатына жатады.
Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа
деген қажеттілікпен туады. Ол адамның
ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді
жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін-өзі
өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің
бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам
Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987)
және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды,
өйткені ешкім оны қайталай алмайды»;
Эрих Фром.
^
Тұлғаның өмірлік жолы-оның даралылыққа
айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев)
Тұлғаның даралылық ретінде дамуын түсіну
үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде
қарау керек. Тұлғаны іс-әрекет субьектісі
ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті
жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды
мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің
нәтижесіне сүйенетінін анықтады.Даралылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан
басқа адамдардан адамның ерекшеленуі,
индивидтің психикасы мен тұлғасының
өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы,
яғни темперамент, мінез, қызығушылық,
қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен
ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты
болып анатомо-физиологиялық нышандар
жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі
ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды
анализдеудің 2 жағы бөлінді:
^ Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар,
ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі
белсенділігінен көрінеді. Продуктивті
көріністерге және де тұлғалың мәдениетке
және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы
жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға
да өз әсерін тигізеді.
^ Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез
тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын
шегендейді, сол арқылы оның мотивтері
жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің
жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды
және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі
ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін
анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы
адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары
мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы,
бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі.
Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей
келе оның дамуының функционалды динамикасы
ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік
ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс,
фрустрация, конфликт, кризис) және оның
өмір сүру жолындағы психологиялық жасының
өзгеруінде көрінеді.
^
«Тұлға» термині латын тілінің
«пенсона» сөзінен аударғанда «маска»
деген ұғымды білдіреді. Тұлға түсінігіне,
бұл саланың теоретиктері әртүрлі
бағыттан қарады. М.К.Роджерс тұлғаны «сомость» терминімен түсіндірді,
яғни ұйымдастырушы, ұзақ уақытты біздің
барлық переживаниямызды субьективтік
қабылдайтын сущность ретінде түсіндірді.
Г. Олпорт индивидуум адамның сыртқы ортамен
өзара әрекеттесуін детермин ациялайтын
сипат,, ішкі «нечто» ретінде анықтаған.
Ал Э. Эриксон бойынша индивидуум бүкіл
өмір барысында психосоциалды кристерден
өтеді, оның тұлғасы крисизтық нәтиже
функциясы ретінде қалыптасады. ЖД. Келли
тұлғаны кез келген индивидуумға тән өмірлік
тәжірибені тану қабілеттілігімен ерекшелігі
арқылы сипаттаған. Р. Кеттел бойынша тұлға
құрылымы 16 (жағымды және жағымсыз) қырлардан
құралады. Бұл қырларды ол фактор деп атайды.
А. Бандура тұлғаны индивидуум мінез-құлық
және ситуацияның бір-бірімен өзара тығыз
байланысының өзара әсер етуі түрінде
қарастырады. Фрейд бойынша, тұлға үш деңгейден
тұрады: ид, эго, Супер эго. Ид-психиканың
санасыз бөлігі, биологиялық, табиғи, туа
біткен инстинкті құмарлықтар көзі. Санасыздық
жыныстық және агрессивті құмарлығын
тудырады. Жыныстық энергия және жыныстық
құмарлық либидо д.а. Ид санасыз деңгей
бойынша қанағаттану принципіне тәуелді,
ол либидо арқылы жүзеге асады. Фрейд бойынша
екі инстинкті бар: танотос-өмірге деген
талпыныс, эрос-өлімге деген талпыныс.
Сублимация – қоғамға пайдалы әрекеттер
арқылы негативті энергияны шығару. Агрессивті
тұрғыда либидо энергияны шығару. Катарсис
– эмоциясының кенеттен шығарылуы, ыза
болғанда айғайлап, бір нәрсені лақтырып
т.б.
Эго – қорғаныс деңгейін атқарады. адамның
индивидтік өмір тәжірбиесінің өнімділігі
болып табылады. Эго геоместаз, яғни ішкі
тепе-теңдікті сақтау принципіне тәуелді.
Инстинкт-құмарлықтар түрінде бейнеленетін
қажеттіліктің психикалық бейнесі. Эго
адам психикасының саналы деңгейі. Қоршаған
ортаны қабылау мен қарым-қатынас қызметін
атқарады.
Суперэго-моралді ережелердің тасушысы,
ұят, сын, жектеу басқару ролін атқарады.
Фрейд бойынша суперэго туа қалыптаспайды,
баланың суперэгосы адаммен, ересектермен
қарым-қатынаста қалыптасады. бала жақсы
мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыра бастағанда
пайда болады. Супер эго екі деңгейде:
ұят және Эго идеал деп бөлінеді. Ұят ата-ананың
жазалау нәтижесінде пайда болады. Өзін
сын арқылы бағалауды моралді шектеулерді
және кінәлілік сезімі қалыптасады. Эго
идеал-ата-ананың мақтауы, марапаттауы
негізінде қалыптасады. Егер мақсатына
жетсе, бұл өзін өзі бағалау, құрметтеу
сезімін тудырады. Фрейд бойынша тұлға
дамуы жыныстық дамудан басталып және
ол жыныстық даму кезеңіне бөлінеді: Оральді
туғаннан 1,5 жас; анальді саты 1,5-3 жас; Фалидтік
саты 3-6 жас; латентті саты 6-12 жас; генетальді
саты 12-15-16 жас;
Юнг бойынша тұлға психикасы үш деңгейден
тұрады.
Юнг «архетип» деген түсінік
Адлер-ерте балалық шақта қалыптасатын
күштілікке талпынумен өзін-өзі кем
санау сезімі арасындағы қатынас - жеке
адамның негізгі формуласы бойы
А. Адлер – «толымсыздық» - ерте балалық
шақта «ұятты» талпыныстармен тілектерін
санадан ығыстырып шығарумен байланысты
пайда болады: ойлар, сезімдер,күйзелістер.
Адамның өмірлік жолы – адамның ішкі дүниесінде
орын тепкен балалық – шақтағы толымсыздықтың
өмір жағдайларымен әрекеттестік дамуы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
6 Бөлім. Тұлғаның жеке-типологиялық
қасиеттері.
Глоссарий:
Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және
реактивтілігін біріктіреді.
Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы
қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
^ Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және
аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ
басты, мойыны қысқа адамдар.
Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене
бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең
иықты, жамбасы тар.
Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.
Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің
индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің
белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен
шартталған.
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың
басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық
теориялық және тәжірибелік бағыт.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген
идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері
тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық
құрылымдар) деп санайды.
Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен
байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда
кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша
адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен
шешуші факторы жыныстық еліктеу болып
табылады.
^ 10-тақырып. Темперамент
Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент, темперамент
теориялары, темперамент типтері, сипаттары
туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Темперамент жайлы түсінік.
2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық
сипаттамалары.
Дәріс тезисі.
^ 1. Темперамент жайлы түсінік.
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің
бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық
ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін
психологияның зерттейтін маңызды бөлігі
болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының,
психологиялық іс-әрекетінің динамикалық
ерекшеліктері, яғни психикалық процестер
мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы,
қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның
туындау және өшу жылдамдығы, күші мен
тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық
қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан
кешіру жылдамдығы және т.б.
Сонымен, темперамент адамның белсендік
ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.
Темперамент бойынша адамдарды ажырату
сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта
және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы
ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің
туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни
ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне
ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында
темперамент жайлы көптеген теориялар
бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен
үш топқа бөлуге болады:
«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді.
Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық
бөлігі. Сондықтан мінез-құлық
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында
төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт,
сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам
ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған
байланысты 4 темперамент типінің бірі
сай келеді: қан басым болса - сангвиник
типі, сөл басым болса - флегматик типі,
сары өт басым болса - холерик, қара өт
басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың
ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың
біреуінің басым болуы климат жағдайына
және адамның айналысатын іс-әрекетіне
байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген
Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын
тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін
Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне
жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын
флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң
эмоциялары басым сангвиник пен теріс
эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары
қатарына П.Ф. Лесгафтың көзқарасын жатқызуға
болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық
ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі
әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға
дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен
байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші
конституционалды теориялар қатарына
Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері
жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі
және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның
негізгі идеясы белгілі типті адамдар
белгілі психологиялық ерекшеліктерге
ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты
Кречмер төрт конституционалды типке
бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы,
кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және
арық аяқ-қолды.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта
және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ
басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған,
дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы,
кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі
дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр
түрлі дене бітімінің деформациясымен
сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент
типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик,
иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық
дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып
отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын
өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді.
Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты,
жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау
майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл
аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне
ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында
алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам
араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент
теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің
негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге
тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты
– эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды;
2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды;
3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары
жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне
дененің белгілі функцияларына тәуелді
белгілі темперамент типтері сай келеді:
висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония
(дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын
құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне
байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов
еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент
тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері
екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының
негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент
теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан
Б.М. Теплов еңбектері болып табылады.
Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне
психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын
тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды.
Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін
темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің
даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің
мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің
белсенділігі;
7. Майыспалылық – регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік..
^ 2.Темпераменттің физиологиялық негіздері.
Темпераменттің физиологиялық негізі
– жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады.
И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің
физиологиялық негізінде қозу мен тежелу
процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу
күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы
жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу
күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен
тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды.
Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа
қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші
тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің
қызметі.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін
қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және
тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті.
Егер қозу немесе тежелу процестерінің
бірі басым болса, адам ұстамсыз болады.
Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке
процестерінің қозғалымпаздығы – бір
жүйке процесінің екіншісімен алмасу
жылдамдығы.
Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке
жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды
қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән
негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан
құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы,
қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің
Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент
типтеріне жақын негізгі төрт типі бар.
Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне
байланысты күшті және әлсіз типтерге
жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты
және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз
тип қозудың тежелуден басымдылығымен
сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз
және инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш
тип;
Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым
тип.
Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші
де әлсіз тип.
^ 3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық
сипаттамалары.
Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен
сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс.
Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ
бойынша қатынас, пропорция.
Темперамент типтері:
Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық
белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа
қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен,
мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен,
сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады.
Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына
талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын,
қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам.
Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда
болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде
сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан
кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің
теріс жағдайларында сангвиниктердің
қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне,
іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке
әкеледі.
Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық
белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен,
қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен,
талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің
көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз,
қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен,
кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі
кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі
жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына
әкеледі.
Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен
белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың
жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің
бір істен екінші іске алмасуы және жаңа
ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің
көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі
тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі
жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының
жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді
орындауға бейімділігін тудырады.
Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық
белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың
баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі
ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады.
Меланхолик типіндегі адамдар жоғары
эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді.
Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік
теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі
теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда
жоғары эмоционалды жараланғыштықтың,
тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына
әкеледі.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
11-тақырып. Мінез
Дәріс мақсаты: Студенттерде мінез, мінез бітістері,
сипаттары туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылған сұрақтар:
Дәріс тезисі.
^ 1. Мінез туралы түсінік. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің
индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің
белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен
шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік
мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен
- мамандыққа, адамға және өзіне деген
қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің
өзіндік қалыптасуы.
Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып
саналады. 18 ғасырда Европада мінездің
типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді.
Қазіргі уақытта “мінез” ұғымы туралы
көзқарастар әртүрлі. Кейбір психологиялық
ағымдарда бұл қоғамның өмір сүру құқығына
мүлдем қарсы, ал шетел анықтамалар баспаларында
және зерттеулерде мүлдем алынып тасталған.
Бұл неге олай болды? Біріншіден, көптеген
психологтердің пікірлерінше, мінездің
өзіндік көрінулерін біріктіретін, әлдеқайда
зерттелген тұлғаны мінезбен жалпылай
теңдестіру беталысы бақыланады. Екіншіден,
феноменология бойынша мінезді этикаға
жатқызады, сондықтан оны психология жүйесіне
қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден,
жалпы дара құбылыс ретінде мінезді зерттеу
мүмкіндігіне күмәндану байқалады, өйткені
“кейіпкер”, “тұлға” ағылшын тілінде character деген мағананы білдіреді.
Кеңестік психологияда “мінез негізін”
әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың,
тұлға мен интеллекттің өзара қатынасының,
өмірлік мақсаттың бар болуы - ерікті құрайтындығы
баса қарастырылады. Шетелде, мінез элементін
ескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік
қалыптастырушыға синоним ретінде кейде
“Мен Күші”, “Жоғары Мен Күші” ұғымдарын
қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары
арасындағы бөлімдерді анықтау мүмкін
болмаса, онда мінез және темпераментті
бөлу одан да қиын. В. Кречмер келесі дифиницияларды
қолданды. Темперамент - бұл психофизиологиялық
ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың
қозғалыстары, инерттілігі, қызу т.б.).
Мінез - бұл адамның өзіне, қоршаған адамға,
әлемге деген қарым-қатынасының тұрақты
ерекшелігі.
Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның
қоршаған дүниеге деген белгілі мәнді
қатынасын көрсетеді, олардың ішінде төмендегілерді
атауға болады::
1) табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар
(идеология);
2) еңбек - адам өмір сүруінің тәсілі;
3) индивидтің басқа адамдармен қоғамдық
байланысы;
4) өзіндік әрекет және адамның тұлғасы.
Сонымен, А.Ф. Лазурский жүйесінде
психикалық өмір деңгейі бүгінгі
күні А. Маслоу мен Э. Шостром гуманистік
ілімдеріндегі тұлғаның өзіндік
актуализациясы, бағыттылығы теорияларына
жақын.
Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты
анықтамайды, ортаның құбылыстарына индивидтердің
бейімделу тәсілдерінің вариацияларында
көрінеді. А.Ф. Лазурский негізгі психикалық және психофизиологиялық
функцияларды біріктіретін (сезім, ес,
зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика
күші т.б.)эндопсихиканы бөліп көрсетті. Эндопсихика жалпы “формальды-динамикалық
сипаттама” ұғымына жақын; ол кешендер
арқылы сипатталады, тіршілік етеді және
тума биологиялық механизмдер негізінде
беріледі.
Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын
(табиғатқа, адамға, рухани қолайлыққа,
адамның қзінің рухани өміріне және тағы
басқа) біріктіреді. Экзопсихика заттық
- мазмұндық сипаттарға, психикалық өмірге
және орта жағдайларына әсер етеді.
Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі,
шарттасады және эндосипаты экзоның көрінуінің
латентті кезеңінен актуалдыға өзгеруі
мүмкін (мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді,
ал түрткі мен қызығушылық - бұл экзопсихикалық
сапа).
^ 2.Мінез акцентуациялары.
Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір
сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал
болуы мүмкін. Бұл жағдай, онда мінез акцентуациясының
бар екенін көрсетеді.Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген
норма нұсқалары. Айқын акцентуация –
“аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың
әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе
алмаушылығына әкелетін шеткі норма нұсқасы.
Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның
көрінуі.
К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын
құрды, оны шеткі норма нұсқасы деп түсінді.
Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда,
оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды.
Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине,
бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз.
К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып,
4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент
акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды
төменде М және Т әріптерімен көрсетеміз:
1. Демонстративті ( истероидты)
2. Педантивті
3. Тұйықталған тип
4. Қозғыш тип (эпилептоидты)
5. Гипертимді тип
6. Дистимді тип
7. Қауіпті – қорқақ тип
8. Циклотимді тип
9. Эмотивті тип
10. Аффективті – экзальтацияланған
тип.
К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық
туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К.
Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі
А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның
12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын
мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен
жұмыс жасағанда қолданады.
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
12-тақырып. Қабілет
Дәріс мақсаты: Студенттерде қабілет, оның түрлері,
даралық ерекшеліктері, деңгейлері туралы
білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1 Қабілет анықтамасы
2 Қабілет теориялары
3 Қабілет және тұлға даралығы
^ Дәріс тезисі.
1. Қабілет анықтамасы. Әрқандай
іс- әрекетке байланысты адам қандай да
қызметті орындауы қажет және сол істің
тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем
беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай
дара психологиялық ерекшеліктер міндетті
түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық
табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде
өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке
адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның
барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне
ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет
тобына кірмейді, себебі, біріншісі –
психологиялық құбылыс емес, екіншісі
– баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің
табысты іс - әрекетпен байланыстылығын
баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлықдара
өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін
тарылта қарастыру керек.Қабілет өз ішінде
әртүрлі психофизикалық қызметтер мен
психикалық процестерді ғана емес, сонымен
бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін
қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім.
Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің
мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы
көп жәйттерге тәуелді. Білім, ептілік
және дағдылардың игерілуімен олардың
қабілетпен тікелей байланысы көріне
бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында
қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды,
іс - әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Іс - әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі
мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке
тәуелді.
Қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан
әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар
қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден
сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп
не пайдалану сәті болмай қалады.
Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі
сол адамның психикалық таным процестерінің
даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының
жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге
әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және
адамның даралық қасиетіне байланысты.
^ 2 Қабілет теориялары. Қабілеттердің бірнеше концепциялары
бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті
дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен
тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық
детерминді құбылыс ретінде түсінеді.
Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы
және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене
таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген
Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған
қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің
тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың
кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады.
Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті,
қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа
деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.
3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған
қабілеттегі тума және жүре пайда болған
диалектиканы нақтылаған үшінші концепция
болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер
ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі
– қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте
қалыптасатындықтан оның мазмұнына және
балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын
беретін ересектермен қарым – қатынасқа
тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я.
Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі
болып табылатындығын анықтаған.
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті
өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады
деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей
алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық
арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік
сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен
де келісті.
Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс,
олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс
бергенге дейін айтуға болмайды және оларды
толығымен дамыды деп санауға болмайды.
Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына
жауап береді: баланың абсолютті естуі
оған биіктік бойынша дыбыстарды тану
тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді.
Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің
көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық,
бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін
табады.
Қабілеттіліктің психофизиологиялық
негізін ескере отырып, нышандар негізінен
жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады.
А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің
күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті
және ерікті қасиеттерді демеп отырып,
бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады.
Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен
айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер
мен темпераменттің арасындағы байланысты
жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет
түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа
бейімділікте көрінеді.
^ 3 Қабілет және тұлға даралығы. Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы
сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие
болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер
(білімдерді игерумен іс-әрекеттердің
әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік
пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның
индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі)
және арнайы немесе жекеше (қандай да бір
арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық,
сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге
жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер
жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда
ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп
атайды), соның барысында айқын көрінетін
кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық
қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі
кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі
белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық
және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек.
Басында тек қана таланттардың нышандарының
дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық
кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен
қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі
әртүрлі психикалық функциялардың (форманы,
сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының
оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда
толығымен қолданыла бастады.
Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде
деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті
(қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені
үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті,
шығармашылық, талант және данышпандылық,
онда адам субъективті немесе объективті
жаңалық тудырады.
Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін
бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері
мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер
үшін көру анализаторларының сезімталдығы,
сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және
қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін
қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер.
Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда,
қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар
мен операцияларды бөледі.
Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік
мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын
толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін
жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да
бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті
толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше
оқшауланған қабілеттердің бары бірегей
сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер
бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді
және дарындылықтың феноменінің пайда
болуын әкеледі.
Бақылау сұрақтары: