Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:51, творческая работа
Әлеуметтік психология-Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид. Әлеуметтік психологтя индивидтен тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда, бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуы 1908 жыл деп санайды.Осы жылы ағылшын психологі В.Макдугалдың «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықты.Америкада Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі жарық көрді.
Әлеуметтік психология-Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид. Әлеуметтік психологтя индивидтен тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда, бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуы 1908 жыл деп санайды.Осы жылы ағылшын психологі В.Макдугалдың «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықты.Америкада Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі жарық көрді.
1897 жылы Дж.Болдуиннің
«Әлеуметтік психологиядан
Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті.
Әлеуметтік психологияның пәні әр түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілген адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын және сол топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген көзқарас басым.
Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің міндеттері:
1. Шетелдік әлеутметтік психологияға талдау жасау, шетезерттеушілерінің тәжірибесін сол қалпында көшіріп алмай, біздің жағдайға қарай қарастыру.
2. Әлеуметтік психолог этникасын мәселені еске ала отырып, бұл мәселені шешуде өз орнын алуға тырысу.
Жаңа әлеуметтік психология төмендегі міндеттерді алға қояды:
Өзгермелі дүниеде адамның рөлі мен орнын табу.
1. Қазіргі социумдағы қатынас пен қарым-қатынастың көп түрлерін зерттеу.
2. Мемлекет, саясат, экономика, қоғам негізінде әлеуметтік-психологиялық қатынастарды ұйымдастыру.
3. Әлеуметтік қақтығыстар теорияларын жасау.
4. Әлеуметтік психологияның диагностикалық теориялық негізін жасау.
Әлеуметтік психолог көпшілік көтерілістерді,
кепілге алынғандарды шығаруға келіссөз
жүргізуге көмек беруі тиіс.
1. Тілдің жетілуімен
2. Этнография, антропология, археология аймақтарындағы маңызды фактілердің жиналуына
3. Қалалардың дамуы мен өндіріс орындарының көбеюіне байланысты.
Бұл кезеңде өзіндік психикалық құбылыстар, халық рухы, топ мінез-құлқы, еліктеу, сену пайда болды.Оларды зерттеу үшін зерттеу әдістері жасалына бастады.Бұл кезеңде ғалымдар әр түрлі этнографиялық, тарихи, антропологиялық, тілдік материалдарды жинап, талдау мн ғана айналысты.Оларды эксерименталды тексеруден өткізбеді.Ағылшын антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық мәдениет жайлы жұмысын аяқтады.Америка этнографы Л.Морган индустар тұрмысын зеттеді.Француз социологы және этнографы Л.Леви-Брюль алғашқы адамның ойлау ерекшеліктерін зерттеді.Әлеуметтік психологияның ата-анасы психология мен әлеуметтану болды.
Әлеуметтік психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) —әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Әлеуметтік-психология адам
мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерімен айналысады. Бұл сала
адамдардың белгілі бір негізде
ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ
топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы
психологиялық кұбылыстардың
а) Үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік
жағдайлар. Бұл проблеманын құрамына жалпы
бұқаралық байланыстар: радио, теледидар,
баспасөз т. б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын
адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі
хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар
мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер,
қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің
психологиялық астарлары жеткізіледі.
Бұған таптық психологияға қатысты мәселелер,
этностык, және ұлттык. психология сипаттары,
дін психологиясының өзекті мәселелері
зерттеу де жатады.
ә) Кіші (шағын) топтардагы психологиялық-әлеуметтік
жагдайлар. Оңашаланып тұйықталған топтардағы
адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарыныд
сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің,
алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып
саналатын ассоциациялар, корпорациялар,
ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы
қатынастар, сол топтар-дың, шеңбері, олардың
бірігуінің себептері мен мақсат-мүлделері,
шоғырлаау денгейі зерттеледі. Бұл мәселеге
отбасындағы ата-ана мен баланың өзара
қарым-қатынасы, үлкендерді сыйлау сияқты
мәселелер де енеді.
б) Қоғамдары адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық
орны, Азамат — әлеуметтік психологиянын.
зерттеу объектісі. Осы ретте олардың
жоғарыда аталған топтарда қандай рөл
атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерде
зерттеледі. Сондай-ак, қоғамдағы азаматтың
өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы
мен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігін,
ұжымшылдығы мен менмендігін, тұрақтылығы
мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі.
Әрине, бұл аталған үш топқа қатысты күрделі
мәселелер әлеуметтік пспхологияда біріне-бірі
қарама-қайшы не бір қатарға қойылмайды.
Азамат пен қоғамның тұтастығы тұрғысынан
бұл мәселелер барлық қарым-қатынастардың
жиынтығы деп қарастырылады және адамның
азаматтық бейнесі мен оның ішкі мәнін
ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның
тармақтары: этностық психологня, ұлт
психологиясы, таптар психологиясы және
дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын
жан-жақты қамтиды.