Өлшеу
шкалаларының типтері
Шкала
- бұл зерттелінетін объектінің белгілер
жиынтығын белгілі бір сандық
жүйеге реттейтін форма. Шкаланы
қолдану, белгілі бір белгілер мен
айнымалыларды сапалық және сандық
бағалау қажеттілігімен байланысты.
Белгілер және айнымалылар – бұл
өлшенетін психологиялық құбылыс.
Мұндай құбылыс ретінде мазасыздық
деңгейі, интеллектуалды лабильділік
көрсеткіші, агрессивті реакцияның интенсивтілігі,
социометриялық статус және басқада
көптеген айнымалылар болуы мүкін,
олар мысалы тапсырманы шешу уақыты, жіберілген
қателер саны, социометриялық статус
көрсеткішінің ерекше индикаторларына
куә бола алады.
Белгі
және айнымалы түсінігі бір-бірін алмастыру
ретінде қолданылуы мүмкін. Олар неғұрлым
ортақ болып табылады. Кейде олардың
орнына көрсеткіш немесе деңгей түсініктері
қолданылады, мысалы, тұрақтылық деңгейі,
вербальды интеллект көрсеткіші
және т.б. Көрсеткіш және деңгей түсініктері,
белгінің сандық түрде өлшеу мүмкіндігін
көрсетеді, оған «жоғарғы» немесе
«төменгі» анықтамалары қолданылады,
мысалы, интеллектінің жоғарғы деңгейі,
мазасызданудың төменгі көрсеткіштері
және т.б.
Белгінің мәні арнайы өлшеу
шкаласының көмегімен анықталады.
Өлшеу дегеніміз бұл өлшенетін
объект кейбір эталондармен салыстырылады
және белгілі бір масштабта
немесе шкалада сандық көрсеткіш
алынады. Өлшеу шкалалары метрикалық жүйелерді
көрсетеді, зерттелінетін объектінің
тура белгілерін кейбір белгілермен алмастыру,
сыналушыны бағалау және көрсетудің дәрежесі
сандық мәнмен, графикалық бейнелеумен
(фигуралар, вертикальді немес горизонталды
сызық) немесе вербальді формада (мысалы,
белгінің көріну дәрежесі жөніндегі пікір
түрінде).
Өлшеу
процесіне шкалалау жатады, ол –
құбылысты сандық жүйе көмегімен
моделдеу әдісі. Өлшеу шкаласының неғұрлым
ортақ классификациясын С.Стивенс
ұсынады. Осы белгі бойынша шкалалар
метрикалық (интервалдық, қатыстық шкалалар)
және метрикалық емес (номинативті, реттік
шкала) болып бөлінеді.
1. Есімдік
шкала (есімдік шкала латынша
nomen-есімі, аталуы дегенді білдіреді)
- белгінің сол немесе басқа
классқа сәйкестетендіретін шкала.
Аталуы санмен өлшенбейді, ол
тек бір объектіні басқадан
ажыратуға мүмкіндік береді. Есімдік
шкаланың мысалы - бір немесе екі
ұяшықтан тұратын дихотомиялық
шкала, мысалы: «ер адам/әйел адам»,
«аға және әпкелері бар/отбасындағы
жалғыз бала»; «шетелдік/отандық»;
««келісіп» дауыс беру/ «қарсы»
дауыс беру» және т.б. Белгінің
есімдіктің дихотомиялық шкаласымен
өлшенуі альтернативті деп аталады.
Ол тек екі мәнді қолдануы
мүмкін.
Есімдік шкаланың неғұрлым күрделі
варианты - үш және одан да көп
ұяшықтардың классификациясы, мысалы:
экстрапунитивті/интрапунитивті/импунитивті»
реакция немесе «А кандидатты/Б
кандидатты/В кандидатты/Г кандидатқа
дауыс беру» немесе «үлкен/орта/кіші/отбасындағы
жалғыз бала» және т.б.
Классификациялау ұяшығы бойынша
барлық сыналушыларды, объектілерді
немесе реакцияларды классификациялау
арқылы, есімдік шкаладан, әрбір
ұяшықты санау арқылы сандыққа
өте аламыз. Сонымен есімдік шкала
түрлі «есімдіктің» немесе белгілердің
мәнінің кездесу жиілігін санауға
және осы жиілік арқылы математикалық
әдістердің көмегімен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
Реттік шкала – белгілерді
«көп-аз» принципі бойынша классификациялау
шкаласы. Мұнда субъектілерді
салмағы немесе бойы бойынша
рангілеуге болады. Реттік шкалада
кем дегенде үш класс болу
керек, мысалы, «оң реакция/бейтарап
реакция/теріс реакция». Егер біз
төменгі класс 1 ранг, орта класс-2,
ал жоғарғы -3 ранг немесе керісінше
ранглеу шартын қойсақ, класстан
санға өту жеңіл. Мысалы, біз
сыналушылардың олардың неғұрлым
жоғарғы немесе неғұрлым төмен
ранглерді игеруі немесе екі
айнымалылар арасында ранглік
корреляцияны есептеу бойынша
екі таңдау тобы арасындағы
айырмашылықты жеңіл бағалауға
болады, мысалы, басшының кәсіби
компетенттілігі мен басқа эксперттер
берген бағалаулар арасын рангілік
корреляциялау.
Рангілеуді
қолданатын барлық психологиялық әдістер
реттік шкаланы қолданумен құрылған.
Егер сыналушыға 18 құндылықты оған мәнділігі
бойынша реттеу ұсынылса, әлеуметтік
жұмыскердің немесе 10 үміткердің осы
лауазымға олардың кәсіби жарамдылық
дәрежесі бойынша тұлғалық қасиеттер
тізімін рангілейтін болсақ, онда
мұндай жағдайдын бәрінде сыналушы
мәжбүрлі рангілеуді жүзеге асырады, яғни
рангінің саны рангіленетін субъектілердің
немесе объектілердің (құндылықтар, сапа)
санына сәйкес келеді.
- Интервалдық
шкала – «белгілі бір бірліктер санынан
көбірек – белгілі бір бірліктер санынан
азырақ» принципі бойынша классификацияланатын
шкала. Шкала пункттер арасындағы өлшенген
интервалдарды толығымен реттелген қатарларды
көрсетеді. Әрбір белгінің мүмкін мәндері
басқадан тең қашықтықта тұрады. Мұндай
шкаланы құрудағы қиындық – тең болуын
негіздеу немесе пунктер арасындағы дистанцияның
айырмашылығын көрсету керек. Егер біз
тапсырманы шешу уақытын секундпен өлшейтін
болсақ, онда бұл интервалдар шкаласымен
анықталады. Алайда ол шын мәнінде олай
емес, себебі А және Б сыналушылары арасындағы
20 секундтық психологиялық айырмашылық,
Б және Г сыналушылары арасындағы 20 секундтық
айырмашылыққа тең болмауы мүмкін, егер
А сыналушы тапсырманы 2 секундта шешсе,
Б сыналушы 22 секундта, ал Г -242 секундта
шешуі мүмкін.
Мұндай
жағдайда шикі баллдарды стандарттық
ауытқу бірліктеріне ауыстыру арқылы
жол табуға болады, мұнда нәтижелердің
бір бөлігі, өлшенетін қасиеттің
түрлі даму деңгейін теңдестірген,
белгілі бір кесіндіге түсіп
отырады.
- Тең қатынастық
шкала - өлшенетін қасиеттің көріну дәрежесін
пропорционалды түрде объектілер мен
субъектілерді классификациялайтын шкала.
Интервалды шкаладан айырмашылығы нөлдік
мәнділікке ие, яғни ерікті түрде емес,
ал өлшенетін қасиеттің толығымен жоқ
болуын көрсете алады. Қатыстық шкалада
класстар бір-бірімен пропорционалды
санмен белгіленеді, мысалы, 2 саны 4-ке
тең, 4 саны 8-ге қатысты.
Нөлдік
нүктенің болуы – көп психологиялық
айнымалылар үшін бұл мәселе болып
табылады. Адамдық психика мүмкіндіктері
жоғары болғаны соншалықты, қандай
да бір өлшенетін психологиялық
айнымалының абсолютті нөл деп
елестету қиын. Абсолютті ақымақтық
және абсолютті әділ- бұл неғұрлым
тұрмыстық психологияның түсініктері
болып табылады. Бұған да тең қатынастарды
қалыптастыруға болады: бірақ мұнда
Иванов Петровтан екі есе (3, 10, 100)
ақылды деген метафораны қолдануға
болады.
Абсолютті
нөл, объектілер немесе субъектілер
санын санауда орын алады. Мысалы
сыналушы 3 альтернативаның біреуін
таңдауда, А алтернативаны мүлдем
таңдаған жоқ, Б альтернативаны – 14
рет және В – 28 рет таңдады. Мұнда
біз айта аламыз, В альтернативасын,
Б альтернативасына қарағанда екі
есе жоғары таңдады деп тұжырым
жасай аламыз.