Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 07:03, реферат
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы , мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психологиялық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы , мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бейімденіп, жекеленуі болып табылады. Тұлғаны әлеуметтендіруде тек қана қоғам емес, ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы тиіс.Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
Бейімделу – бұл жеке тұлғаның
әлеуметтік құрылымдарға енуі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік
ортаға енгізудің негізгі бір факторы,
ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға
дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы
әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы
бар. Бірінші жолы , мүмкіндігі
шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу.
Бұл жолдың кемшілігі – біржақтылығы.
Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін
емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы
болуы керек. Бұл дайындық процесінде
интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен
қатар белсенді субъектісі болу керек.
Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.
Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен протездермен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар.
Лев Семенович Выготский:-
«Бала бойындағы кемістігін
Тағдырдың тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың өмірге бейімделуі де, өнерде өздерін көрсетуі де оңай емес. Мұның барлығы үлкен қамқорлықтың, зор қолдаудың, тынымсыз баулудың арқасында ғана іске аспақ.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады: логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде мшб көбінде арнайы мектеп интернаттарында білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оларға таң қалмай, балаларды қоғамға бірте бірте бейімдеу отырып білім алуына жағдай жасау енді қолға алына бастады.Бұл білім берудің түрі – инклюзивтік білім беру деп аталады.
Білім берудің бұл түрінде м.ш.б.ның өз өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екені сезінеді, бұл баланың өзіне өзі бағалай білуіне , қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы м.ш.б. өз қабілетіне сай, ата анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата анасыда баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.Бұл білім берудің басты мақсаты – м.ш.б.өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді. Инклюзивтік білім ала отырып, балалар өздерінің қандай да кемістіктерін түзетеді, білімін жетілдіреді . Сонымен қатар олардың денсаулығы түзелген жағдайда кәдімгі сыныптарға ауысуына болады.
Ерекше оқытуды қажет ететін м.ш.б. кәдімгі мектеп бағдарламасында оқитын болса, олар мектеп бағдарламасы бойынша үлгере алмайды да, соның салдарынан өздерін басқа балаларға қарағанда төмен санайды немесе ешкіммен араласпа ұяң болып қалады, яғни олар қоғамнан өзінің сыныптастарынан бөлініп кете береді. Ал инклюзивтік сыныпта жалпы білім беретін бағдарлама әр баланың қабілетіне лайықтап жүргізіледі. Онда баланың коррекциялық дамуы мен білім алуы қатар жүреді.
Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажетсінетін балалар саны жыл санап артып келеді. Осыған орай мемлекетіміз мшб-дың білім алуына қоғамға бейімделуіне аса назар аударып отыр. Биылда осы бастауыш сынып оқушыларына арнап жалпы мектеп жанынан инклюзивтік сыныптар ашуға ұсыныс берілді, осы ұсынысымызды алдағы уақытта жүзеге асуда. Осы мшб ды ескере отырып педаготеріміз әр баланың жанын ойлауға, сезінуге, жақсы қарым қатынас жасауға бір біріне сүйеніш болуға қабілетті деген қағиданы ұстанып және осыны балғындардың көкейіне құйып, мейірімділікке баулып отырса жұмысымыз оң нәтиже береді деген ойдамыз.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Информация о работе Мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға бейімдеу