Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:08, реферат
Ежелгі тас ғасырына жататын тұрақтан жазуы бар тас тақтаны тапқан археологтер ондағы жазудың мағынасын оқып білгенде таң-тамаша қалады. Тақтада «жастар бұзылып барады» деген сөз жазылған екен. Осыдан ондаған мың жыл бұрын өмір сүрген тас ғасырының адамдары кейінгі жас ұрпақтың бұзылып бара жатқандығын айтып жабықса, жастар арасында кездесіп жататын небір сойқан сұмдықтарды көзбен көріп, құлақпен естіп жүрген бүгінгі заманның аға ұрпағының олар туралы пікірі қандай болуы мүмкін?!
Ежелгі тас ғасырына жататын тұрақтан
жазуы бар тас тақтаны тапқан археологтер
ондағы жазудың мағынасын оқып білгенде
таң-тамаша қалады. Тақтада «жастар бұзылып
барады» деген сөз жазылған екен. Осыдан
ондаған мың жыл бұрын өмір сүрген тас
ғасырының адамдары кейінгі жас ұрпақтың
бұзылып бара жатқандығын айтып жабықса,
жастар арасында кездесіп жататын небір
сойқан сұмдықтарды көзбен көріп, құлақпен
естіп жүрген бүгінгі заманның аға ұрпағының
олар туралы пікірі қандай болуы мүмкін?!
«Қорқамын кейінгі жас балалардан...» - деген Абай Құнанбаев сөздері мені қатты толғандырады ,себебі ол кісінің уайымы бекер болмағанын қазіргі таң баласы жарыса дәлелдеуде. Иә,шыныменде заманды тоздырған жас қоғам болар. Қалай айтсақ та «заман тозбайды,адам тозады...» демекші, өспелен жас ұрпақ күннен-күнге рухани азуда деп ойлаймын,бірақ бес саусақ бірдей емес қой,сол себепті барлық жастарға күнә арта алмаймыз, бірақ барлығы болмаса да көбісі өз көлеңкелерімен бүкіл қоғамды ластап жүр емес пе.Сонау зар заман ақыны Шортанбай Қанайұлы қазір «Мына заман қай заман?» деп сұрақ қойғанда бәлкім, « ... жастар тозған қу заман» деген жауап алар ма едік,кім біледі?! Жастардың тозуы неден басталады, немен айқындалады деген сұрақ қоймайтын ашулы да ызалы жас болмас. Шынымен немен айқындалады,мүмкін білімсіздікпен,нашақорлықпен, өзіне-өзі қол жұмсаумен,бәлкім субмәдениетпен шығар. Неде болса жас ұрпақтың рухани тозуы ол – ақиқат.
Сол ақиқатқа
бір себепкер болған
Субмәдениет дегеніміз
латын тілінен аударғанда
Айталық, жастар субмәдениеті әлем-жәлем киінген готтар да бар, фэндом, хиппи, растофарлар, металист және панктер т.б ағымдар осы мәдениетті құраушы өкілдерге жатады. Жастардың субмәдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз – шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды. Тағы осы сияқты субмәдениеттің 45-тен астам түрі бар екен. Ол түрлер өздері бірнеше топты құрайды, олар төмендегідей бөлінеді:
1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ. Оларға:
Ал енді готтар дегеніміз кімдер? Готтар – ағылшын тілінен аударғанда варварлар, яғни тағылар деген мағынаны білдіреді екен. Жасөспірімдер арасында кең таралған бұл ағымды ұстанушылар өмірден түңілген, сарыуайымға салынған, өмірдің көлеңкелі жағына бейім тұратын жандар болып келеді. Олардың ұстанымы көбіне өліммен байланысты. Осыған орай, готтар белгілі күндерде қорымның басында кездесіп, сонда өздерінің түрлі шараларын өткізеді. Сатанашылардың бір буыны түріндегі готтар сезімдерін тежемей, ойларына не келсе, соны істеуге бейім тұрады. Қара киім киіп, шаштарын тікірейген үлгіде немесе тақырлатып алдырып, көздерін, беттерін қара бояумен бояп алатын олардың сыртқы кескін-келбетінің өзі сұрқай, адамның көңілін құлазытатындай болып келеді. Готтардың орташа жасы, негізінен, 15-19 жас аралығында. «Еркін махаббатты» ұстанатын олардың арасында гомосексуалистер мен бисексуалистер де көп кездеседі. Тәнін саудаға салатын жезөкше гот қыздар мен көгілдір жасөспірімдер де аз емес. Мәскеуде, басқа да ірі қалаларда готтардың киім үлгілерін сататын арнайы дүкендер де бар екен. Олардың тыңдайтын музыкалары ақыл-естен айыратын даңғаза әндер немесе қорқыныш туғызатын үрейлі саздар болып келеді. Сырттай қарағанда бұл ағымның өкілдері жиналып алып, музыка тыңдайтын ешкімге залалсыз жандар сияқты көрінгенімен, іс жүзінде олай емес. Готтардың жекелеген топтары қорымдарда түрлі тағылық әрекеттер жасайтындығы жайлы мәліметтер бар. Олар өлілердің тыныштығын алып, қабірлерді қиратып, қорым басында ойларына келгенді істеп жатады. Готтар арасында жиі кездесетін тағы бір келеңсіздік – өздеріне қол салуға бейім тұратындығы. Бұл қозғалыстың басты мақсаты да жастарды депрессия күйге түсіріп, сарыуайымға салдыратын және өліммен байланысты түсінікті санаға сіңіретіндігін ескерсек, өздеріне қол салатындардың көп кездесуінің себебін түсіну қиын емес.
Эмо-кид. Бұл кiм дейсiз ғой? Эмо — эмоция, сезiм, көңiл-күй; кид — бала, нәресте. Екеуiн қосқанда пәктiк пен тазалықтың жұптасуы жымдасып тұр. Бұл эмолықтардың өздерiне берген атауы. Астарында қоршаған ортаны сәбилерше сезiнiп, көрсете бiлетiн адам деген тұжырым жатыр. Олар әдеттегi адамдардай емес, бәрiн жүрегiне жақын қабылдайды. Мәселен, дүкенде жақсы көретiн кәмпиттерi таусылып қалды делiк, эмо үшiн сол күн қайғы-қасiретке, жылауға толы күн болады-мыс. Егер, жақын досымен сөзге келiп қалса, бұл жылау айдан жылға ұласатын көрiнедi. Махаббатта бiрiн-бiрi құлай сүйсе, Ромео мен Джульетта секiлдi қабiрге бiрге кiруге дайын. Тiптi, эмолықтар арасында қол тамырларын кесiп, өздерiн өлiмге қиюшылық та жиi орын алады. Эмолықтар жаңбырлы күнi жылап жүргендi ұнатады. Себебi, жүздерiн жастарымен қоса, жаңбыр суы шайып, "әдемi" сезiмге бөлейдi. Мұндай күндерi олар кiл қара түстi киiмдер кисе, көңiл-күйлерi орнығып, қуанышқа бөленгенде — қараға күлгiн-қызғылт, сондай-ақ, өзге де көзге түсетiн ашық түстердi араластыруға тырысады. Үнемi рок музыкаға елiтiп жүру де эмолықтарға тән қасиет. Негiзiнен эмо тарихы да музыкамен тiкелей байланысты. 1985 жылдары өзгелерге ұқсамайтын ерекше әуездерде ойнай бастаған вашингтондық топты жұрт "Эмо" деп атаған. Бұл әуездер бiр тыңдағанда сол кездегi панктерге ұқсағанымен, онда вокал мен лириканы эмоциямен орындау басым болған. Эмо да басқа музыкалық стильдер секiлдi өзгерiстерге ұшырады. Бүгiнде эмолықтардың әнұранына айналған музыкалық стиль — рок. Олар әр кеш сайын қолдарына гитара ұстап, билеп, ән салады. Дәл қазiргi таңда Батыста жеткiншектердiң 25%-ы эмолардың қатарын толықтырыпты. Бiздiң елiмiзде әзiрге мұндай пайыздық көрсеткiш анықталған жоқ. Қазақстанда 90-жылдардың екiншi жартысынан бастап пайда болған эмолықтар өздерiне негiзгi ақпарларды интернет сайттарынан алғанын айтады.
2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ.Оларға:
3. Киім үлгісіне,имиджіне байланысты құралған субмәдениеттер:
4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.
5. Саясатқа және өмірлік
Сонымен қатар субмәдениет туралы айтылған бірнеше ойларды да оқып шықтым. Сондай ізденіс барысында қолыма «Алаш айнасы» атты газет түсті. Сол газет бетіне басылған Нәркес Балтоғаеваның «Жастардың субмәдениеті – үлкендер әлеміне жасалған қарсылық...» атты мақаласын оқыдым. Мақала сумәдениет жайлы екен. Қатты толғындырғаны мақаланын өзінен сол мақала тықырыбы еді. Шынымен де,бәлкім солай шығар,кейбір жас құрдастарымның қоғаммен,ата-анасымен тіл табысуда қыйыншылықтар бар шығар? Мүмкін біз жазықсыз күнә артатын шығармыз,мүмкін кінә жастардан емес зиялы қауымнан болар,сол себепті шынын айтсақ, дәл қазiр жастар саясаты жөнге қойылмаған. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Өмiршең емес. Бүгiн ашылып, ертең жабылып жатады. Ұлттық, елдiк, мемлекеттiк мәселелердi емес, жеке бастың мүддесiн көздеудi мақсат еткендей. Тiптi жастардың өмiрiне, болашағына керi әсерiн тигiзетiн, мысықтабандап келген субмәдениеттiң республикамызда дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ. Бұл жағдай да кім кінәлі деген сұраққа дәл жауап табу қиын болар, неде де болса кейбір құрдастарымның тура жолдан адасуы аңыз емес ақиқат.