Қоғам және тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 20:56, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу.....................................................4
2. Балалар тұлғасының қалыптасуы......................................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................

Работа состоит из  1 файл

Тұлға.doc

— 67.00 Кб (Скачать документ)

Л.С.Выготскийдің ілімі  бойынша, онтогенетикалық даму кезінде  бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы  да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.

Біртұтас қайшылықсыз  тұлғаны қалыптастыру тек оның саналы түрде өзін-өзі басқару қабілетімен  ғана сипатталмайды. Бұл дамудың аса маңызды қисыны, бірақ жалғыз ғана емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылған адамның себептік жүйелерінің де маңызы зор. Оларда адамның өзімен-өзі күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін мәжбүрлеуші күш болады. Ал бұл үшін тұлғаны қалыптастыру былайша болуы шарт: танымдық және жанға аффективті үрдістер өзара қандай да бір үйлесімді қарым-катынаста болуы қажет. Сонымен, тұлғаның қалыптасуы оның қандай да бір жағының - рационалдық, еріктік немесе эмоционалды – тәуелсіз дамуымен сипатталмайды, - деп есептеуге негіз бар.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.

Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай  білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.

Л.С.Выготскийдің ілімі  бойынша, онтогенетикалық даму кезінде  бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
    2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
    3. Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
    4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.
    5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.

 

 




Информация о работе Қоғам және тұлға