Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 00:01, реферат
Ойлауды дамыту процесі . Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.төмендегілерді қамтиды.
1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/
2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.
3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
1.структуралық/құрылымдық/-
2.функционалды
/қызметтік/ - оқыту процесін басқаратын
негізгі бағыттың көрінісін
3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;
Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.
К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97).
Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады.
Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады.
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес.
Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:
1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;
2.Кеңінен
танылған шарт ретінде
3.Ол
неғұрлым өз бетінше жұмыс
жасай алатын болса, бұл
Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін.
Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады.
Қазіргі қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында жаңа үлгідегі сабақ өткізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
І. Ізденіс кезеңіндегі
қолданылатын әдістер:
2. Байқау;
3.Сұрақ-жауап;
4.Іздендіру;
ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңінде қолданылатын әдістер:
1.Зерттеу;
2.Жалқылау, жалпылау;
3.Салыстыру;
4.Эвристикалық;
ІІІ. Практикалық дағды беру кезеңінде қолданылатын әдістер:
1.Жаттығу;
2.Өзіндік жұмыс;
3.Талдау;
4.Дидактикалық ойындар;
6-сыныпта
күнтізбелік жоспар бойынша
Ойлауды дамытуға негізделген жаңа үлгідегі сабақ жоспары жасалды. Сонымен қатар, сын есімді оқыту барысында қолданылатын сабақтың әр кезеңіне арналған тілдік тапсырмалар, жаттығулар міндетті, мүмкіндік, шығармашылық деңгейлер бойынша жасақталды.
6-7 сынып оқушыларына сын есімді дамыта
оқыту арқылы олардың ойлауын жетілдірудің
негізгі мәні – оқушыларға берілетін
грамматикалық теориялық білімнің басты
орында болуында.6-7 сынып оқушыларының
ұғымдар жасай алуы – дамыта оқытудың
негізгі мақсаты болып алынады да, оған
жету үшін мақсатқа сәйкес арнайы іріктеліп
грамматикалық білім мазмұны жүйеленеді.
Дамыта оқу технологиясының ерекшелігі
теориялық ойлау болып табылады және де
оның моделдік абстракциялау, алғашқы
нақтылық, соңғы нақтылық арқылы көрсетуге
болады. Оқушылардың сын есімді меңгеруі
барысында түрлі оқу-таным қызметін орындайтынына
байланысты дамыта оқуды жұмысымызда
оқушының оқу-таным қызметінұйымдастыру
деп белгіледік. Оқушылар оқу-таным қызметін
орындауда, алдымен танылып отырған нысанның
сыртқы белгілерін, олардың өзара байланыстылығын
кең түрде талдаудан өткізуі керек. Осындай
кең түрдегі талдау қызметі барысында
оқушылардың ойлау қабілеті де шыңдала
бастайды. 6-7 сынып оқушыларына сын есімнің
ұғымдарын теориялық тұрғыдан оқытуда
мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары-
теориялық топтастырылған ұғым жасауға
үйрету, сын есім туралы білім мазмұнын
оқушы өз бетімен жасалатын ақыл-ой әрекеттерін
орындау арқылы меңгеру.
Информация о работе Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары