Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2012 в 16:41, биография

Описание

Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.

Работа состоит из  1 файл

Қонаев Дінмұхамед.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

Қонаев  Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (19121993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.

Тау кен инженері мамандығын алған Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып істейді. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 194252 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 195560 және 196264 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 196062 және 196486 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте [[КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі. 

Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт  қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

2012 жылы Қазақстан көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, үлкен ғалым Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың туылғанына жүз жыл толуын кеңінен атап өтпек. Мерейтойлы жылды Димаш Ахмедұлының туыстары мен жақындары дайындаған бірегей фотоальбомның таныстырылымы ашпақ. 
Д.А. Қонаевтың аса жарқын өмірбаяны көптеген жылдар бойы 20-шы ғасырдағы Қазақстан тарихымен тығыз байланысты, бұл жайт фотоальбомда толығымен көрініс тауып отыр. Альбомды Қазақстан Журналистика академиясының академигі Жандаулетов Валерий Айтмұқашевичтың редакциялауымен Д.А. Қонаевтың ұрпағы – Диар Асқарұлы Қонаев пен Дінмұхамед Диарұлы Қонаев дайындап шығарды. 
Альбом Димаш Ахметұлының өміріндегі маңызды кезеңдерге сәйкес келетін бөлімдер бойынша құрылымдалған. Д.А. Қонаевтың Қазақстан басшылығында болған жылдарында жинақталған жеке мұрағаттағы бірегей фотосуреттері алғашқы рет жарияланбақ. Альбом беттерінен Дінмұхамед Қонаевтің ХХ ғасырдағы белгілі тарих тұлғаларымен және  саясат қайраткерлерімен – Индия басшылары Джавахарлар Неру және Индира Гандимен, АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр және Въетнам президенті  Хо Ши Минмен, Мысыр басшылары - Гамаль Әбдел Насер және Анвар Садатпен, Солтүстік Корея президенті Ким Ир Сен және Қытай премьері  Чжоу Энь Лаймен, Иран шахы Реза Пехлеви және Жапония Ясухиро Накасонэмен, Франция президенті Жорж Помпиду және Алжир президенті  Хуари Бумедьенмен, сондай-ақ, басқа да көптеген шетелдік қайраткерлермен түскен сирек суреттерін  көруге болады. 
Сонымен қатар, Д.А. Қонаевтың өмір жолы қиылысқан Кеңес Одағы және Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалар - Г.Маленкова, К.Ворошилова, С.Буденный, Ю.Гагарин, Н.Хрущев, Л.Брежнев, Ю.Андропов, К.Черненко, М.Горбачев, Э.Шеварднадзе, Г.Алиев, Ш.Рашидов, В.Щербицкий, П.Машеров, А.Громыко, Г.Романов, Н.Назарбаев, Ж.Шаяхметов, Ж.Тәшенев, К.Сәтпаев, Б.Әшімов, А.Асқаров, М.Әуезов, Г.Мүсірепов, Б.Түлегеноваеның фотосуреттері де жарық көрген. 
Фотоалбомда жақын туыстарымен демалыс кездерінде, Д.А. Қонаев өмір сүрген пәтерде түскен сирек отбасылық мұрағаттағы суреттерді  алғашқы рет көруге болады. Фотоальбомға енген қайраткердің марапаттары мен шетел мемлекет басшыларының берген сыйлықтары, оның жинаған суық және оқпен атылатын қару-жарақ  коллекцияларының және оттықтарының бірегей коллекциясының фотосуреттері аса қызықты болып табылады. 
Альбом "Халықтың мәңгілік жадында" деген бөліммен аяқталады. Оған  Дінмұхамед Қонаевқа қойылған ескерткіштердің, ұлы тұлғаның құрметіне аталған мектеп, жоғарғы оқу орындары мен көшелердің суреттері, сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің қайраткерге арнаған туындыларының суреттері енген. Д.А. Қонаевтың сәйкесінше өмір кезеңіне қатысты әрбір бөлім шағын өмірбаян анықтамасымен басталады. 
Ұсынылып отырған фотоальбом 500 дана шағын тиражбен шығарылып, қоғамның кең жігі үшін қызықты болмақ. Тираждың бір бөлігі түрлі ұйымдар мен қайраткерлерге сыйлық ретінде тартылады.

 

Ғ.Мұратбаев  атындағы мектеп- гимназиясы 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дінмұхамед Қонаев 

    

         Орындаған: Тугамбаева Сымбат  
 
 

Сарыкемер 2012ж.

      

Информация о работе Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы