Өзіндік
жұмыс № 3.
Психикалық
процестер.
1.
Глоссарии: Зейін,
ойлау, қабылдау.
2.
Түйсік және оның
түрлері
1.
Зейін
Егер адам өзінің не істеп
жатқанына зейінін аудармаса,
бірде-бір психикалық процесс
мақсатқа дәл бағытталып, жемісті
болып шықпайды. Біз бір затқа
қарасақ, оны байқамауымыз немесе
нашар көруіміз мүмкін. Өз ойына
терең шомған адам қасында
сөйлесіп отырған адамдардың
сөзін естісе де, мән мағынасын
түсінбейді, әрі бір жерінің ауырып
отырғанын да сезінбеуі мүмкін.
Керісінше, адам бір затқа немесе
іс-әрекетке көңіл аударса, оның
егжей-тегжейіне дейін бәрін білед
және ісі жемісті болып шығады.
Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге
аудара отырып, біз өзіміздің
сезімталдығымызды күшейтеміз.
Зейін – сананың қандай да
болса бір затқа, құбылысқа
немесе іс-әрекетке бағытталуы
және шоғырлануы. Сананың бағытталуы
деп – объектінің таңдап алуды
айтамыз, ал сананың бір нәрсеге
шоғырлануы дегенде бұл объектіге
қатысы жоқтың бәріне көңіл
аудармауды айтады.
Оқу жұмысында зейіннің маңызы
үлкен. Оқудың табысты болуы
көбінесе мұғалімнің, оқушылардың
зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне
байланысты. Егер балалардың зейіні оқу
материалдарына аударылса олар неғұрлым
жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне
балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді.
Сыныпта тәртіптің болуын да қамтамасыз
етеді. Зейін дербес бір психикалық процесс
емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне
алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін
аудармай қараймыз, ойлаймыз, тыңдаймыз
немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін
әр түрлі психикалық процестердің тек
бір жағы немесе немесе қасиеті ғана болып
табылады.
Ойлау
Ойлау заттар мен құбылыстардың
жалпы сипаттарын, олардың арасындағы
табиғи байланыстары мен қатынастарын
бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау таным процестерінің ішіндегі
ең биік сатыда тұрған жоғарғы
процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау
адам баласына ғана тән меншікті
психикалық процесс.
Сыртта ауа райының қандай
екенін білу үшін мен үйден
шығып, тікелей бетімнің, қолымның
терісі арқылы, бүкіл денеммен
бүгін салқын немесе жылы екенін
сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты
түйсікпен қабылдаулар арқылы
тікелей танудың жолы. Бірақ бізге
ауа райы туралы мәселені далаға
шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің
сырт жағында ілінген термометрге қарап-ақ,
біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін
дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын жанама
түрде тану деп атайды, өйткені мұнда білім
тікелей алынбайды, жанама түрде бірқатар
құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтақтарының
желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен
ауа райының арасындағы байланысты түсіну
арқылы алынады.
Білім алудың екінші жолы неғұрлым
күрделі, бірақ оны алуға түйсіктер
мен қабылаудаулар, заттар мен
құбылыстар туралы дұрыс мәліметтер
бере алмаған күнде мүмкіндік
болады.
Адамның нақты ойы адамдарды білімнің
құдіреттілігімен қаруландыруды, оларға
табиғат күштерін өздеріне бағындыруға
мүмкіндік береді. Бірақ ойлау процестері
біздің түйсік пен қабылдаулар арқылы
алған мәліметтерімізге сүйенеді, бұларды
ес жоғалтпай сақтайды. Бұл психикалық
прочестерсіз ойлаудың болуы мүмкін емес.
Ойлау дегеніміз шындықты жалпылап
бейнелеу болғандықтан, ол адамның
іс-тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау
ісін атқарады. Ойлау мен сөз
бір-бірінен ажырағысыз. Ойдың тілсіз
күні жоқ, өйткені ойлау әрекеті
адамдардың өзара қарым-қатынас
жасауын тілейді. Бұл табиғи
қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке
адамның әрекеті ой мен тілдің
қатынасына байланысты дамып
отырады. Тіл адамдардың негізгі қатынас
құралы. Ойлау мен сөйлеудің табиғаты
әр түрлі болғанымен процесс ретінде бір
арнада, бір бағытта өтіп жатады.
Қабылдау
Адамға тікелей әсер ететін
заттардың не құбылыстардың сезгіш
анализаторларында тұтастай бейнелену
қасиетін қабылдау дейді.
Мысалы, ертемен тұрып, тоғайға
барып серуендеп жүрсең, тамылжыған
табиғаттың әсемдігінен есте
қаларлық ләззат аласың. Осыдан
алған әсерлер – қабылдаудың
нәтижесі.
Бұл процеске көру, есту, иіскеу,
температуралық анализаторлар түгел
қатысады.
Адам дүние бейнесін қабылдағанда
заттардың қасиеттері мен сипаттарын
бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі,
дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре
отырып тұтас қабылдайды. Осыдан
шығатын қорытынды: қабылдау –
түйсіктердің жиынтығы. Бірақ мұндай
бірлестік олардың арасындағы
өзіндік қасиет, айырмашылықты жоя
алмайды.
Қабылдаудың айырмашылығы сан
жағынан емес, сапалық жағынан
да болады. Мысалы, алманы қабылдағанда
дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын
санау арқылы емес, оны белгілі
заттың бейнесі деп қабылдаймыз.
Қабылдау адамның іс-әрекетімен
тығыз байланысты активті процесс.
Әдетте, біздің саналы қабылдауымыз
пассивті сырттай қабылдау емес,
нақты танымдық сипаты бар
міндетті шешу болып табылады.
Кез келген объектіні қабылдау
қоршаған ортада жүзеге асады.
Қабылдауды қай жағынан алсақ
та, ол адамның тәжірибесімен
және қабылдайтын объектісімен
бұрын таныс не таныс еместігіне
байланысты болатынын аңғарамыз.
Cондай-ақ адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен,
психикалық қалпымен де тығыз байланысты.
Қабылдауды адамның өткен тәжірибесіне,
жалпы психикалық өмір мазмұнына байланысты
болуын апперцепция деп атайды. «Апперцепция»
- латын сөзі, қазақша «қосымша», «қабылдау»
дегенді білдіреді. Әр түрлі мамандықтағы
адамдар бір заттың өзін әр түрлі қабылдайды.
Мәселен, даладан жұлынып алынған гүлге
суретші ондағы бояулардың түріне көңіл
аударады; ботаник гүлді өсімдіктердің
бір класының өкілі ретінде қарайды.
Қабылдаудың объектісі кейбір
жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен біз оларды бүтіндей,
тұтастай қабылдаймыз.
2.
Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың
жеке сипаттарының сезім мүшелерімізге
әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін
түйсік деп атаймыз.
Түйсік біздің айналамызда, ішкі
жан дүниемізде не болып жатқанын
хабарлап отыратын қарапайым
психикалық процесс, осы процесстің
арқасында біз ортаны бағдарлап,
соның жағдайына қарай қимыл
жасауға ұмтыламыз. Түйсік себепсіз
тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын,
түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап
салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса,
біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары
туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным
процестеріне жатады, өйткені адам таным
процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік
басқа психикалық процестерге – қабылдауға,
есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал
береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің
сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді.
Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне
тікелей әсерін тигізбесе, түйсіну де
пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің
дене мүшелерінің қимылын, аштығын не
тоқтығын ішкі дене мүшелерінің ауырғанын
тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну
біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып
отырады.
Хайуандар да түйсінеді. Бірақ
адам мен хайуанаттардың түйсінулерінің
арасында үлкен айырмашылық
бар. Хайуанаттардың психикалық
әрекеттері де сыртқы дүниенің
сәулелері болып табылады. Бірақ
олардың дүниені сәулелендіру
айналасындағы қоршаумен тек
биологиялық байланысын ғана
сәулелендіреді, екіншіден олардың
сезім мүшелерінің сезгіштігі
шектеулі болады. Адамның дүниені тануы,
сезім мүшелерінің табиғи заттарды түйсінумен
ғана тынбайды, сонымен бірге ол өз еңбегімен
жасап шығаратын заттарды да түйсініп
отырады. Адамның дүниені тануы, хайуанаттардай
жалғыз ғана, оның сезім мүшелері биологиялық
құбылыстары мен олардың құрал-саймандар
арқылы, жай сезім мүшелерімен түйсіне
алмайтын заттарды да түйсіне алады. Мәселен,
бүркіттің көзі қаншалықты өткір болғанымен,
заттардың белгілерін айыруға келгенде
ол адамның көргенінің көбін көре алмайды.
Иттің иіскеу сезімі де қаншалықты күшті
болғанымен, ол адам ажырататын иістердің
мәнін ажырата алмайды.
Адамда пайда болатын түйсіктерді
3-ке бөліп қарауға болады.
1. Біздің
денеміздің сыртқы жағында болатын
сезім органдарының қозуынан
туатын түйсіктер (экстерорецепторлар)жатады.
Бұл латынның сөзі – сыртқы
қабылдаушы деген мағынаны береді.
Бұл түйсіктер бізден сыртқы
заттарды қасиеттерін бейнелейді.
Бұған көру, есту, иіс сезу, дәм,
тері және сипап сезу түйсіктері
жатады.
2. Рецепторлары
ішкі ағзалардағы сезім ағзаларының
қозуынан болатын түйсіктер (интерорецепторлар)
кіреді. Ішке қабылдаушы (ашығу, шөлдеу,
тою, лоқсу)
3. Қозғалыс
түйсіктері бұлшық еттерде, сіңірлерде
болады.
Көру
түйсіктері
Біздің өмірімізде көру түйсігінің
ерекше маңызы бар. Зерттеулерге
қарағанда адам 180 түрлі түсті
және олардың арасындағы 10 000-нан
аса реңкті айыра алады. Адам түйсінетін
түстер ахроматикалық және хроматикалық
болып бөлінеді.
Хроматикалық гректің «түсті, боялған»
деген сөзінен шыққан.
Ахроматикалық - түссіз , ахроматикалық
түстер қара, ақ, сұр түстер.
Хроматикалық түстерге қызыл,
қызғылт, сары, жасыл, көк, көгідір,
күлгін түстердің барлық реңктері
кіреді.
Есту
түйсіктері
Бұлардың құлаққа жағымдыларын – консонанс,
жағымсыздарын – диссонанс дыбыстары
дейді, консонанс француздың «консонансе»
деген сөзі, қазақша үйлесімді, жағымды
деген мағынада айтылады. Диссонанс француздың
«диссонансе» деген сөзі, қазақша үйлесімсіз
деген мағынада.
Біз еститін дыбыстарды 2 бөлуге
болады:
1. Музыкалық дыбыстар (бұлар ән
салғанда, саз аспаптарында ойнағанда
шығатын дыбыстар)
2. Шулар – сықырлау, дүрсілдеу,
тарсыл-гүрсілдер.
Иіс
түйсіктері
Мұрын кеңсірігіндегі кілегей
қабықтың жасушаларына түрлі
химиялық заттардың әсер етуі
нәтижесінде иіс түйсіктері пайда
болады. Осы кілегей қабықтың
таяқша тәрізді сезгіш жасушалары
бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін
иісті заттар иіс мүшесінің
сезім жасушаларын тітіркендіріп
отырады.
Дәм
түйсіктері
Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін
тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм
бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында
көп қабатты эпителиймен оралған сопақ
денелерді айтады. Дәм бүршіктері тілдің
бетінде, жақтың ішіндегі таңдайда, жұтқыншақтың
арт жағында орналасқан. Олардың көп орналасқан
жері – тіл аймағы.