Психоанализ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:27, реферат

Описание

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «

Работа состоит из  1 файл

Психоанализ.docx

— 27.46 Кб (Скачать документ)

 Бірер сөз осы басылымда  кездесетін әттеген-айлар жайында. 

 Мақаланың басында айтқанымыздай,  психологиялық ой-пікірлердің даму  тарихы ұлан-ғайыр кезеңді қамтып  отырғаны хақ. 40-50 мың жыл тарихы  бар адамзаттық өркениеттің қай  дәуірінде болсын жан мен тән  мәселесі елеулі орын алған.  Бірақ тарих әлемінде бұлардан  жөнді із қалмаған. Бізге жеткен  екі жарым мың жыл бұрын  жазылған Аристотель еңбектері  басылымға кірмей қалған.

 Нақтылап айтсақ, кеңес, орыс  психологиясынан 5 том аударылса  (1,2,4,6,9 томдар), Батыстың классикалық  психологиясынан 2 том (3,8), Америкадан 2 том (5,7) тәржімаланған. Аудармадағы  бұл теңсіздік бізді ойлантады.  Өйткені классикалық психология  батыс елдерінде (Англия, Франция,  Германия, Швейцария, т.б.) ерекше  дамыған еді және олардың еңбектері  кезінде орыс тіліне аударылған. Әлемдік психология жинағында  осы ғылымды тек орыстар жасағандай  түсінік туады. Бұл еуроцентризмнің  нұсқасы болып шыққан. Сондай-ақ  аталмыш томдарға шығыс психологиясының  ірі өкілдерінің (әл Кинди,  Ибн Сина, Ибн Рошд т.б) еңбектері  де (бұлардың бәрі орыс тіліне  аударылған) енбей қалған. Әлемдік  психологияға шығыс халықтарының  қосқан үлесін де ұмытуға болмайды.

 Осынау іргелі басылымға  әлемдік психологияның “ең, ең  ” деген ірі өкілдерінің таңдамалы  еңбектерін енгізу керек еді.  Мәселен, кеңес психологиясында  теориялық тұжырымдамалар құрған  А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальпериндермен  қатар есімдері ғылыми әлемге  онша мәлім емес психологтардың (Ю.Д.Бабаева, Н.Б. Березанская,  И.А. Васильев, Н.И. Сачко, Н.И.  Салмина, В.П. Сохина, т.б.) орын  алуы – он томдықтың бағасын  төмендетіп жүрмей ме деген  ой келеді. Мәселен, Салминаның (толық  аты-жөні, ғылыми лауазымы беймәлім) “Бастауыш мектепте сандарды  және олармен әрекет етуді  оқыту” атты мақаласының ең  болмаса қайда, қашан жарияланғаны  туралы мағлұмат жоқ. Осындай  жағдай В.П.Сохинаның “Алғашқы  математикалық түсініктер қалыптасуының  психологиялық негізі ” атты  мақаласына да тән (ІV т, 427-471-беттер).

 Аты-жөні аталған авторлардың  материалдары кеңес психологиясында  ХХ ғасырдың 40-60 жылдары жасалған  ғылыми тұжырымдамаларды насихаттайтын,  түсініктеме сипаттағы дүниелер. Бұлардан теориялық түйіндер  мен ғылыми жаңалықтар табу  қиын. Олай болса, осы авторларды  әлемдік психологияның көрнекті  өкілдерінің қатарына жатқызудың  жөні жоқ сияқты.

 Психология – интернационалистік  ғылым. Бұл ғылымның қалыптасып, дамуына үлес қоспаған ұлт  өкілдері кемде-кем. Осы тұрғыдан  қарағанымызда 10 томдықта немістен  – В.Вундт, Г.Гельмгольц, француз  Р.Декарт, Рибо, ағылшын Т.Гоббс, Дж. Локк, швейцар Ж.Пиаже, т.б. орын  алуы керек еді дейміз. Бұл  есімдердің қай-қайсысы да психология  ғылымының дамуына елеулі үлес  қосқан тұлғалар екені белгілі.

 Төл тілімізде тұңғыш жарық  көріп отырған осы басылымның  үлкен бір кемшілігі – тіл  жұтаңдығы. Мұнда ана тіліміздің  аса бай лексикалық қорын молынан  пайдалану мен ұлттық сөз саптау  ерекшелігімізді қолдана алмаудан  туындайтын кемшілік жәйттер  баршылық. Аудармашылар көбінде  мәтінді сөзбе-сөз аударамын деп,  қазақ тілінің синтаксистік құрылымын  да, психология ғылымының мән-мағынасын  да бұзып алған. Бұл айтқанымызға  төмендегідей тіркестер жақсы  дерек бола алады. “Олар сүйеді  және сүйікті болады, секс кезінде  үстіңгі және астыңғы позицияларда (?!) болады, өздері қалжыңдайды және  басқаларға қалжыңдауға мүмкіндік  береді” (5-том, 323-бет). Келесі осындай  бір дерек, 3-томнан алынып отыр. “Ол (яғни, түс көру – Қ.Ж.) біздің  сергек өмірдегі белгілі рухани  құбылыстармен бірге ортақ тізбек  құруы ықтимал (71-бет), ол түсті шешуді жақындатады және сондықтан (?!) қарсыласуға ұшырайды (173-бет), … ұйқының ортасында оятатын түстер теориялық қызығушылықты көбірек туғызады” (190-бет). Бұл тіркестерді оқу да, түсіну де қиын.

 Аударылған рухани дүниелер  туралы қорыта келе айтарымыз:  әлемдік психология туындыларының  төл тілімізде тұңғыш рет жариялануы  аса құптарлық жәйт. Аудармашылар  қазақ оқырмандарын осы туындылармен  жәй таныстырып қана қоймай, бұлардың  еліміздегі психология ғылымының  дамуына түрткі болатындай жағын,  бізде өріс алуға тиісті кешенді,  іргелі зерттеу жүргізуге ықпал  ететіндерін (мәселен, гуманистік, психоаналитикалық психология) ойластырған.  Осынау аудармалардың төл тіліміздегі  психологиялық ұғымдар қорының  молая түсуіне де себепкер  болатыны сөзсіз. Бұл басылым  әлемдік психология мен қазақ  психологиясының сабақтастығы қандай  деңгейде тұр дейтін проблеманың  қойылуына да мұрындық болары  хақ. 

 Әлемдік психологияның соңғы  оныншы томына қазақ психологиясының  тарихына байланысты материалдар  белгілі бір жүйе бойынша енген.  Бар-жоғы бір томдық болса да  бұл — өте құптарлық жәйт. Қазақ  халқының сан ғасыр бойына  осы салаға қатысты жиған-терген  інжу-маржандары әлемдік психологияның  қатарынан орын алуы елдігіміздің  басты белгісі екендігінің айғағы.

 Халқымыздың психологиялық  ой-пікір тарихының қалыптасып, даму  жолын қазақ елінің азаматтық  тарихымен орайластыра отыра,  бұл үрдісті негізгі үш кезеңге  бөліп қарастыруды ғылыми тұрғыдан  дұрыс тұжырым деп есептейміз.

 Мұның бірінші кезеңі – VІ-XІV ғ.ғ. басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп-төркіні. Бұларға ежелгі түркі ескерткіштері “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған”, Орхон-Енисей жазулары мен Қорқыт ата, Әбу Насыр әл-Фарабидің, Ж.Баласағұни, т.б. тағылымдарын жатқызу ләзім. Екінші кезең қазақ хандығының құрылу дәуірінен басталып (1456) Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің дамуын қамтыса, үшінші кезең психология ғылымының кеңестік Қазақстанда маркстік идеялармен рухтанған, яғни коммунистік идеологияның дәурендеген кезеңіне тұстас келеді.

 Осы томды құрастырушылар  қазақ халқының ғасырлар бойы  қордаланып, сұрыпталған әр түрлі  сипаттағы психологиялық түйіндерін  төл тілімізде белгілі жүйемен  беруді мақсат тұтқан.

 Әлемнің екінші ұстазы атанған  Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың  қазақ топырағында дүниеге келіп,  артына тәлімі мол ұлан-ғайыр  мұра қалдырып кеткені – бүгінгі  біздер үшін зор мақтаныш.

 Осыған орай томға “шығыс  Аристотелінің” жеке психологиялық  еңбектері, оның іргелі туындысы  — “Өлең өнерінің қағида-лары  туралы трактатынан” қазақ психологиясына  ерекше қатысты мәліметтер беріліп  отыр.

 Психологиялық тұрғыдан оның  “Музыканың үлкен кітабы” атты  трактатының мәні де ерекше. Әбу  Әли Ибн Синаның даңқы “Медицина  ғылымының каноны ” арқылы  бүкіл әлемге мәшһүр болса,  Әбу Насыр әл-Фараби де аталмыш  еңбегімен бүкіл әлем жағдайында  ерекшелінеді. Бұл синтетикалық (жиынтық)  шығарма. Мұнда музыка психологиясының  мәселелері терең баяндалған.

XV ғасырдың бірінші жартысындағы  психологиялық ойлар дала философы  атанған Асан Қайғы толғауларымен,  қара үзген шипагер Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баянынан”  ерекше көрініс тапқан. Дала ғалымы  аталған еңбегінде адамның жан  құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабілет, т.б.) туралы біраз мағлұматтар келтіреді.  Ғұлама адам иіс түйсігін –  мүңк (қазіргі иіс), татым (дәм), ойлауды  “ойламалық”, сөйлеуді “сөйлемелік”, миды “мияқ” атауларымен өрнектейді. Ол өзінен бұрын өмір сүрген  ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп  Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне  сүйене келіп, бүткіл жанды  дүниедегі тіршіліктің басқарушысы,  реттеушісі жүрек десе де, мидың  атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты  ой түйіндері мен нақты мысалдары  қазіргі ғылым тұрғысынан дәйекті  де нанымды. Осындай психологиялық  ой-пікірлерді екінші дала ғалымы  Мұхаммед Хайдар Дулати да  айтқан. Оның қазақ халқының өзіндік  психологиясы, ел басқару, дін  мен денсаулық, ұрыс жүргізу  туралы айтқандары психологиялық  тұрғыдан ерекше назар аудартады. 

 Қазақ халқының азуы алты  қарыс философ жыраулары –  Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Шал  ақын, Бұқар Қалқаманұлының көшпенділер  психологиясының сан қырларын  суреттейтін толғаулары, дала дипломаттары  атанған ұлы үш биіміз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің психологиялық тұрғыдағы аса құнды ойларымен тоқайласып жатады.

 Жинақталушы томға аталған  ерен тұлғалардың туындыларынан  үзінділер берілгені де көңілге  ұялайды. 

 Томға ХІХ ғасырдың бірінші  жартысындағы қазақтық ой-пікірлердің  ірі өкілдері – Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Махамбет Өтемісұлдарының  жырларынан психологиялық сипаттағы  үзінділер де енгізілгенін атап  өтуіміз жөн. 

 ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы  психологиялық ой-пікірлердің дамуы  қазақтың үш ой алыптары –  Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен  байланысты екендігі белгілі.  Осы айтылғанға орай, бұл ғұламалардың  шығармаларынан алынған үзінділер  де томға молынан енген. 

 ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі  психологиялық ой-пікірлердің дамуы  Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев еңбектерімен айрықша  ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екінші  жартысы Қазақстанда психология  ғылымының дамуына үлес қосқан  академик Т.Тәжібаев пен профессор  М.М.Мұқанов, т.б. қазақ ғалымдарының  еңбектерін қамтиды. 

 Қазақ топырағында ХХ ғасырдың  басында тәлімдік ой- пікірлерімен  ұлттық колоритке (нақыш) толы  психологиялық көзқарастарымен  барша жұртты тәнті еткен, қазақ  жантану ілімінің көшбасшысы  ретінде танылған Ж. Аймауытовпен  қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей  қатысты педагогикалық психологияға  ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың  таңдаулы еңбектері де осы  томға енгізілген.

 “Қазақтың психологиялық ой-пікірлері”  атты соңғы Х том негізінен  еліміздің тәуелсіздік алған  кезеңіне дейінгі қазақ халқының  он төрт ғасырлық психологиялық  ой-пікірлерін баяндаумен аяқталады.  Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан  басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен  аяқталатын аса дүбірлі үлкен  кезең. Ал үстіміздегі ХХІ ғасырдағы  қазақ психологиясының тарихын  жазу – бізден кейінгі ұрпақтың  еншісі болмақ дейміз.


Информация о работе Психоанализ