Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 13:56, курс лекций
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Ч.Дарвиннің эволюция теориясы ұстанымдарынан бастау алып, қабілеттілік мұрагерлігін түсіндірген Фрэнсис Гальтонның еңбегі кең танымалдыққа ие болды. Көрнекті қайраткерлердің өмір жолын талдай отырып, Гальтон адам табиғатының жоғары сатыға көтерілуін ақыл-ой және денелей дамыған адамдар, ерекше дарынды нәсілдің мұрагерлік заңдылығы негізінде сырын ашу долымен мүмкін деген қорытындыға келген. XX ғасырда Гальтонның желісін жалғастыра отырып, Коте атақты адамдардың дарындылық дәрежесін энциклопедиялық сөздіктерде оларға меншіктеп берліген жол саны бойынша анықтап, 400-ге жуық адамды бөліп алып, кімнің жоғары қабілеттілігі қаншама ұрпаққа жалғасатындығын анықтаған.
Аталмыш бекіту негіздемені жоққа шығару еместігін атап өтейік. Әсіресе, неміс музыканты Бахтың жанұя тарихына әсер етеді. Онда музыкалық зор қабілеттілік алғаш 1550 жылы анықталынған. Жанұядағы бастаудың көзі Т.Рибоның “Жан дүниелік қасиеттердің мұрагерлігі” еңбегінде көрсетілгендей, жұмыстан соң жан дүниесін музыка мен әнге аранған тоқашшы В.Бах болған. Оның екі ұлы болған, екі ғасыр аясындағы белігілі Германияның үздіксіз музыканттар қатары осылардан басталады. Бахтың жанұясында жалпысы 60 - қа жуық музыкант болған, соның ішінде 20 – көрнекті. Сонымен қатар, Л.Н.Толстайдың әжесі – Ольг Трубецкая мен А.С.Пушкиннің әжесі – Евдокия Трубецкая апалы-сіңілі болғаны белгіленген. Неміс мәдениетінің бес ірі өкілі – ақын Шиллер мен Гельдерлин, философтар Шеллинг мен Гегель, және дле физик Макс Планк туысқандар болған: олардың арғы атасы XV ғасырда өмір сүрген Иоганн Кант болған.
Қабілетті дамытудағы мұрагерліктің
маңызын зерттеу мақсатымен өткізілген
зерттеулердің бірінде
Балалардың
музыкалық қабілеттілігі ата-
Ата-аналар |
Балалар % | |
Музыканттығы айқын көрінген |
Мүлдем музыканттығы жоқ | |
Екеуi де музыкант |
85 |
7 |
Екеуi де музыкант емес |
25 |
58 |
Кестеде келтірілген мәліметтер мұрагерлік факторлардың маңызын түсіндіре отырып, баланы тәрбиелеген ортаныңы маңызын есептемегенін атап өту керек. Ал біз қабілеттің дамуының елеулі дәрежесі адам өмір сүретін және әрекеттенетін ортаның маңыздылығымен айқындалынатын жақсы білеміз. Егіздер әдісін қолданумен өткізетін қазіргі зерттеулер қабілет дамуындағы мұрагерлік пен ортаның маңызын нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді. Егіздер әдісінің мәні егіздерді мақсаттылық зерттеумен қорытындыланады. Солай, бірқатар зерттеулерде біржұмыртқалы (момнозиготтық) және жай ағалы-сіңілілі (сибс деп аталатын) егіздердің қабілет көрсеткіштерін өзара салыстырған. Онда монозиготтық парлардың қабілет мен олардың ішкі даму деңгейі 70-80% сәйкес келсе, сибс парларында 40-50% құраған. Бұл зерттеу қабілет немесе бейімділік мұрагерлікпен өте тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Алайда, қабілетті дамыту үшін ең маңызды орта ма, әлде мұрагерлік пе деген сұрақ тағы да жауапсыз қалып қояды.
Бұл сұраққа гитерозиготтық (әр түрлі мұрагерлікке ие) және гомозиготтық (бірдей мұрагерлікті) егіздердің жекелеген сипаттарын зерттеген А.Басс пен Р. Плоумин өз еңбектерінде жауап беруге тырысқан. Әр түрл жанұяда өмір сүрген және тәрбиеленген гомозиготтық егіздерді салыстырмалы зерттеу олардың дербес психологиялық және мінез құлықтық ерекшелігі бұдан кеңеймейді, көбіне сол баяғы бір жанұяда өскен балалардік сияқты қалып қоятынын көрсеткен. Сонымен қоса, кейбір жағдайларда дербес ерекшеліктер олардың арасында тіптен азайып қалады. Бірдей мұрагерлікке ие егіздер-балалар оларды бірге тәрбиелегенге қарағанда, жеке тәрбиеленудің нәтижесінде кейде бір-біріне өте ұқсас болып кетеді. Бұл бір-бірімен үнемі бірге болатын және бір іспен бірге айналсуына мүлдем ешқашан болмайтын біржылғылар-балалар арасында толық тең құқылы қатынас сирек сәйкестендіріледі.
Қабілеттің мұрагерлік жаратылысын толып жатқан артистер, суретшілер, теңізшілер, дәрігерлер, педагогтардың династиясы да куәландырып отыр. Алайда, көптеген жағдайда тек қана биологиялық қана емес, алдыменен әлеуемттік мұрагерлік айту керек шығар. Бала ата-анасының ізімен тек мұрагерлік болжамы үшін емес, бала күнінен олардың кәсібін сүйіп, ұнатқаны үшін де жүреді. Сондықтан отандық психология ғылымында қабілеттің өте қызықты, бірақ қабілеттің анықталуының барлық дәлелдері түсіндірілмеген мұрагерлік сипатының тұжырымдамасы есептеу қабылданған.
Басқа көзқарасты өкілдер,
психиканың ерекшелігі бүтіндей тәрбиелеу
және үйрету қасиетімен анықталынады
деп есептейді. Солай, тіпті XVІІІ
ғасырда К.А.Гельвеций
Дыбыстық жоғарылығы есту немесе дыбыстың жоғарылығын қабылдау музыкалық естудің негізін қалайды. Арнайы әдістеме көмегімен осынау перцептивтік қабілетті зерттей келе ғалымдар сынап көрген ересек үш орыстың бірінде оның соншалықты күшті дамымағанын тапқан. Тура күткендегідей, сол адамдар еш музыкалық қабілеті жоқ болып шыққан. Бұл әдісті сыналған-вьетнамдарға қолданғанда кері нәтиже берді: олардың барлығы дыбыстық жоғарылылықты естудің көрсеткіші бойынша ең жақсылар болып шықты. Басқа тест бойынша бұл сыналушылар сондай 100% музыканттығын анықтаған. Осы таңқаларлық айырмашылық орыс және вьетнам тілді өзгешеліктер былай түсіндірілді: бірнішісі тембрлік, екіншісі – тональдік тілге жатады. Вьетнам тілінде дыбыс жоғарылылығы мағыналық өзгешелік қызметін атқарса, орыс тіліндегі сөйлеу дыбыстарының жоғарылылығында ондай қызмет жоқ. Орыс тілінде басқа барлық еуропа тілдеріндегідей өз тембрімен фонемалар өзгешеленеді. Нәтижесінде барлық вьетнамдықтар ерте бала кезінен бастап, ана тілін меңгерте отырып, орыстар мен басқ аеуропалық балаларда болмайтын бір мезетте музыканттығын ояту қабілетін дамытады. Бұл мысал қабілеттің қалыптасуындағы орта мен жаттығу шарттарының маңызын көрсетеді.
Бұл тұжырымдаманың ақырғы қорытындысы әрбір адамда кез келген қабілетті қалыптастыруға болады дегенге саяды. Осы көзқарасты ұстанған американдық ғалым У.Ушби қабілет ең әуелі адамның бала кезінде қалыптасқан интеллектуалды әрекет бағдарламасымен анықталынатынын дәлелдейді. Өздерінің бағдарламаларына сәйкес бір адам шығармашылық міндетін шешіп жатса, келесісі не үйретті соны орындауға ғана жағдайлы болып жатады. Қазіргі кезде осы тұжырымдаманы ұстайтындар АҚШ-та дарынды балаларды “жетілдіретін” арнайы орталықтар құрған. Адамның потенциалдығын жақсырақ пайдаланатын Филадельфий институтында балалардың ақыл-ойын дамыту бойынша сабақ әр минутты қымбат және миды “бос сандалтуға” болмайды деп есептей келе оларға төрт-бес жасында бастайды.
Өмірлік бақылау мен арнайы зерттеулер өз кезегінде қабілеттің табиғи алғы шарттарының бар болуына қарсы шығуға болмайтынын куәландырады. Отандық психология тума қабілеттілікті мойындамай отырып, белгілі бір әрекеттің жетістікті орындалуының шарты болып қалуы мүмкін ми құрылғыларының еоекшелігі мен туа біткен бейімділіктерді жоққа шығармайды.
Отандық психологияда қабілет мәселелерімен Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын, А.Н.Леонтьев сияқты және т.б. белгілі ғалымдар айналысқан. Отандық психологияда қалыптасқан позицияны қыспалы түрде былайша сипаттауға болады: адамның қабілет жаратылысынан биоәлеуметті.
Олай болса, мұрагерлік
адамның жүйке жүйесінің анатом
Қабілеттің дамуы көптеген әлеуемттік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін және т.б. жатқызуға болады.
§ 4. Қабілетті дамыту
Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. Көптеген адам қабілеттері үшін бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұығлдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол тоқталмайды.
Қабілеттің
дамуын шартты түрде бірнеше
кезеңге бөлуге болады. Әрбір
адам өзінің даму барысында
қандай да бір әрекет түрін
меңгеруге, сол немес басқа
да ықпалға көтеріңкі
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту сосын мектеп, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына бастабында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.
Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түйткіл болатын ол ойын. Ойын барысында көптеген қозғалыс,құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем-суретшілік және басқа шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынытығы дамуы болып табылады.
Бала шұғылданатын
барлық әрекеттің түрлері ойын,
жапсыру және сызу болсын, қабілетті
дамыту үшін бірдей мәнге ие
екенін атап өту қажет.
Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни, баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттіліктің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті ғана жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалынбайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды.
Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тәрбиенің ерекшілігі болып табылады. Егер ата-аналар балаларының қабілеттілігінің дамуына қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады.
Қабілетті
дамыту шарттарының басқа
Кәсіби
бағдарланудың қажеттілігі
Көптеген
ғалымдар кәсіби бағдарланудың
осы тұжырымдамасын
Екінші
– тәрбиелік – жеке тұлғаның
тәрбиенің ықпалымен
Е.А.Климов мамандыққа талап пен қабілеттің сәйкестігін қарастыра отырып, кәсіби жарамдылықтың төрт түрлі дәрежесін бөліп көрсетті. Бірінші – аталмыш кәсіпке жарамсыздығы. Ол уақытша немесе нақтылы жеңе алмайтын болуы мүмкін. Екінші - қандай да бір кәсіпке немесе солардың тобына жарамдылығы. Ол адам еңбектің қандай да бір саласы қатысына қарама қайшылығы болмауымен сипатталынады, бірақ көрсеткіші де болмайды. Үшінші - әрекеттіәң сол саласына сәйкестігі: қарама қайшылығы жоқ және белгіл бір кәсіпке немесе кәсіп тобының талаптарына анық сәйкес келтін кейбір жеке қасиеттері болады. Төртінші – аталмыш әрекеттің кәсіби саласына әуестенген. Бұл адамның кәсіби жарамдылығының жоғары деңгейі.
Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері