Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 21:00, реферат
Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар.
сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;
сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;
гештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;
Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Қоршаған жаратылыспен белсенді әрекеттесетін нақты адамның орнына сананың қойылуы осы теориялардың ортақтығы болып табылады; шынайы адам осының ішіне еніп кетеді. Барлық іс-әрекеттер сананың белсенділігіне келіп тіреледі.
Осы
кезде психологияда
Адамның
мінез-құлқын қадағалауға
Психология
пәнін түсінудегі
Осы тығырықтан
диалектикалық материализм
Диалектикалық
материализм көзқарасы бойынша
материя бірінші болып
Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.
Материяның дамуы дегеніміз - оның төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне өтуі, материя қозғалысының төменгі түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз материя, өлі табиғат болды. Материяның белгілі бір даму сатысында, оның ұзақ та көп жылғы эволюциясының нәтижесінде органикалық материя пайда болды, материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда болды. Материя дамуының үрдісінде өсімдіктер, жануарлар және ақырында адам өзінің санасымен - материяның ең жоғары туындысымен пайда болды.
Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық материализм дәрежелерінің жүйесіндегі бейнелеу дәрежесі негізгі мағынаға ие болады. Дәл осы дәреже арқылы психиканың неғұрлым жалпы және маңызды сипаттамасы айқындалады: психикалық құбылыстар объективтік шындықтың әр түрлі формалар мен субъективтік деңгейлер түрінде бейнелеу ретінде қарастырылады. Психологиядағы бейнелеу теориясы тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер лабиринтінде жол табуға, психология ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің әдістерін жасауға мүмкіндік беретін жалпы әдістемелік бағытының рөлін атқарады. Органикалық материяның қасиеті ретіндегі психиканың сапалық ерекшелігін не құрайды?
Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен басқа түріне ауыса отырып пайда болады. Биологиялық эволюция барысында заң жүзінде пайда болған психика оның маңызды факторы болып табылады. Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді. Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі [2, 9 б].
Сонымен,
психиканың қызметі шындықтың қасиеттері
мен байланыстарын бейнелеуден
және осының негізінде адамның әрекеті
мен мінез-құлқын реттеуден құралады.
Психикаға диалектикалық-
Диалектикалық
материализм принципінің
Психика
заңдылықтарын анықтау, заңды деп
санауға болатын байланыстар
мен қатынастарды анықтау міндеті
ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына
жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік
заңдылықты анықтауды ғана емес, оның
әрекеттерінің саласын, сонымен бірге
оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын
табуды талап етеді. Сондықтан психологиялық
айғақтармен бірге психологиялық заңдылықтар
да психологиядағы зерттеудің тақырыбы
болып саналады. Бірақ заңды байланыстарды
білу, заңдылықтарды айқындауға себепші
болатын нақтылы механизмдерді өздігінен
ашпайды. Психология міндетіне психологиялық
айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық
әрекеттің механизмдерін орнықтыру да
кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа
психологиялық үрдісті жүзеге асыратын
нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың
жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология
бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін
басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен,
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің
негізіне әр түрлі механизмдер жататыны
белгілі. Сонымен, психология дегеніміз
- психиканың айғақтарын, заңдылықтарын
және механизмдерін зерттейтін ғылым.