Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 12:37, реферат
Психологиялық кеңес дегеніміз - психологиялық кеңеске мұқтаж, жан аурулары бар немесе психикалық күйзеліске ұшыраған жандарға көмек беру.
Психологиялық кеңестің мақсаты–бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескереқамтиды. Психологиялық кеңес қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтікт.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тэжірибелерді талдайкеле, психологиялык тэжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау жэне дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын,өзара эрекетін, оған қажетті түлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мэселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады.
Психологиялық кеңестің мақсаты–бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық кеңестің мiндеттерi:
-бiлiм алушылардың
тұлғалық және зияткерлiк
- бiлiм алушыларға
ақпараттық қоғамның жылдам
-бiлiм алушылардың
тұлғасын психологиялық-
- психологиялық
диагностиканы жүргiзу және
-психологиялық
қиыншылықтармен бiлiм
- психологиялық
проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие
жұмыстарының қолайлы
- бiлiм беру
үдерiсi субъектiлерiнiң
Психологиялық кеңес:
Егер балаңыз баяу қимылдайтын болса......
- Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаңыз және оны жақсы көріңіз.
- Оны асықтырмаңыз, мадақтаңыз, сөзіңізбен, көзқарасыңызбен жігерлендіріңіз.
- Шыдамдылық танытыңыз. Баяу қимылдайтын балалармен жұмыс адамды шаршатады және ұстамдылықты қажет етеді. Дауыс көтеріп сөйлемеңіз.
- Балаңызды «уақытқа» жұмыс істеуге ешқашанда үйретпеңіз. Уақытқа жұмыс істеу баяу қимылдайтын балаға мүлдем кері әсерін тигізеді.
- Өз күшіне сенімділігін дамытуға барынша мүмкіндік туғызыңыз.
- Әрқашан баяу қимылдайтын балаға іс-әрекет жасар алдында біраз уақыт керек екенін ескеруіңіз тиіс.
- Іс-қимылын алдын алатындай әрекет жасаңыз. Бала тапсырманы тезірек орындауы үшін алдын ала ескертіп, барынша қолайлы жағдай тудырыңыз.
- Бірге отырып жұмыс істеуге тартыңыз. Себебі, көпшіліктің көңілімен бірігіп, бала өзінің іс-әрекетін басқа балалардың іс-әрекетімен бірлестіруге тырысады.
- Күн тәртібін қатаң сақтауға машықтандырыңыз.
- Баланың бойында уақытты үнемдеу сезімін қалыптастырыңыз.
- Балаңызды дене тәрбиесі мәдениетіне тартыңыз.
- Жұмыс істеу барысында көңіліңізді балаңызға жиі аударыңыз.
Егер балаңызда қорқыныш сезімі байқалса.....
- Баланың қорқыныш сезіміне түсіністікпен қараңыз: күлмеңіз, қоқыныш сезімін күштеп жеңдіруге тырыспаңыз.
- Шыдамдылық танытыңыз.Егер ешқандай әрекет көмектеспесе, онымен өз жасынан бірнеше жас кішкентай болғандай сөйлесу керек.
- Балаңызды ашушаң адамдар қоршаған ортадан алшақтатыңыз.
- Балаңызға тек түнде ғана емес, күндіз де үрей тудыратын оқиғаларды айтпаңыз, дәл осындай киноларды көрсетпеңіз.
- Күні бойы балаңызды бір іспен алдандырыңыз.
- Үрей тудыратын жағдайларды баламен алдын ала талқылап, сондай жағдайға баланың қандай іс-әрекет жасау керектігіне дайындау қажет.
- Тез арада мақсатқа жету қиын, сондықтан шыдамдылық танытыңыз.
- Егер баланың қорқыныш сезімі кетпей, керісінше өрши түссе, маманның көмегіне сүйену керек.
Егер бала нашар есте сақтайтын болса...
- Баланы ұзақ уақытқа есте сақтауға мақсат қоюға үйретіңіз.
- Сабағын дайындау кезінде жұмыстың түрлерін жекеле: конспектілеу, дауыс бойынша есте сақтау, схема, диаграмма, график, суреттерді қолдану және т.б.
- Тексті жақсы есте сақтау үшін оны дауыстап оқу керек.
- Бала оқығанын мазмұндап айтқан кезде жақсы есте сақтайды.
- Оқып жатқан кезінде бала нені есте сақтау керектігін түсінуі керек.
- Есте сақтау кезінде мағыналық байланыстар мен мағыналық топтауға сүйеніңіз, себебі мағынасын жақсы түсінген адам жақсы және ұзақ уақытқа есінде сақтайды.
- Бір күнде жеті сағат оқымай, жеті күнде бір-бір сағаттан оқыған дұрыс.
- Режим болу үшін материалды белгілі бір уақытта оқу керек. Кешкісін, ұйықтар алдында оқыған материалды қайталау керек.
- Өлеңді әр жол бойынша жаттамаңыз. Қысқа өлеңді түгелімен жаттап алыңыз, ұзақтарын бөліп жаттаңыз.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Баяндама
Тақырыбы: Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Орындаған: Әл.пед. және ӨӨТ.1 курс.1топ.Науанова Эльмира
Қабылдаған: оқытушы Э.Т. Адилова
Алматы,2012
Информация о работе Психологиялық кеңестің мақсат міндеттері