Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 21:23, реферат
Психология — психикалық құбылыстардың (”жан қуаттарының”) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым.
Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ
АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
БАЯНДАМА
Тақырыбы:_____________________
Орындаған:
Ақтау 2011
Психология
— психикалық құбылыстардың (”жан
қуаттарының”) пайда болу, даму және
қалыптасу заңдылықтарын
Психикалық
құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы
дүние заттары мен
Психологияның даму тарихы
Адамның
ішкі жан дүниесін, оның сырттай
болмыспен өзара ықпалдастық
байланыстарының жалпы
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
XIX
ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында,
белгілі психолог Г.Эббингауз
психологияның тарихы қысқа,
Ғылымның
ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі
грек философтарының ертедегі көзқарастары
адамның алғашқы білімімен
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік
философия өкілдері материядан тәуелсіз
ерекше рухани бастаудың бар екендігін
мойындайды, олар психикалық әрекетті
материалдық, тумайтын әрі өлмейтін
жан түрінде қарастырады. Ал барлық
материалдық заттар мен үрдістерді
сезімдер мен түсініктер ретінде
немесе қандайда бір "абсолютті рух",
"жаратылыстық ерік", "идеялар"
сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады.
Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше,
тылсым күштердің - адам туған кезде
тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін
жан мен рухтың әрекеттері деп
тәннің құрылысы мен қызметі туралы
қате көзқараста болған кезде идеализм
пайда болды. Алғашқыда жан әр
түрлі ағзаларда болатын
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.
Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан жэне субъектінің өзінен түбегейлі алшақтауын білдірді.
Психологияның
жеке ғылым ретінде қалыптасқан
уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың
екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы
және зерттеудің әр түрлі әдістерін
пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың
үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың
соңындағы теориялардың барлығы
және XX ғасырдың теорияларының бір
бөлігі сананың интероспективтік психологиясының
төңірегінде жасалды. Бұл теория
психологиялық зерттеулер пәнінің
шынайы қоршаған ортадан және адамдардың
практикалық әрекеттерінен тыс
қаралатын, адамға түсінікті уайымдар
аумағының шектелеуімен сипатталады.
Сана мен мидың ара қатынасы туралы
мәселе дуализм ұстанымының
Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы; психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тарихи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні; адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерекшеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері:
- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
-
психикалық құбылыстардың
- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттерімен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері:
1)
заттасқан болмыстағы
2)
психикалық құбылыстарды
3) психика мен іс-әрекеттің ажыралмас бірлікте болатынын қолдау;
4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару. XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тіршілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.
5) Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.
Пайдаланылған әдебиеттер: