Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:16, реферат
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді.
Еуразия Академиясы
«Еуразия»
институты
РЕФЕРАТ
«Психологияның мәні және
оның
міндеттері»
Орындаған:Кадешева Д.С.
Тексерген: Баянғалиева Р.М.
Адам - көптеген ғалымдардың
зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат
өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен
салт-дәстүрлерін тануында психология
ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар
адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті
болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның
зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының
табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері,
қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары
және оның ерекшеліктері туралы ғылыми
ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы
үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы
мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары
арқылы кешенді зерттеулердің объектісі
болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар
әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде
психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі
туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің
ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн
"Жалпы психология негіздері" еңбегінде
(1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін
құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі
айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің
ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей
тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар,
тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б.
жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық
ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік
уайымдарының болуы - тікелей сезімнің
негізінде ғана білініп, басқа ешқандай
тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың
әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса
да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау
оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз
сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті
өткермеген адамға бұл сезімнің барлық
ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын
және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда,
адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды
ешқандай психологиялық трактат алмастыра
алмайды.
Психологияның
ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы
тысқары құбылыстар ретінде қабылдап
келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан
анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы
бір заттың қабылдануы заттың
өзінен түбегейлі айырмашылықта
болатыны айдан анық. Тәннен жанды
бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды
мысал ретінде келтіруге
Адамның
психика туралы нақтылы көзқарасын
оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады.
Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған
психологиялық қарапайым
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
XIX
ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында,
белгілі психолог Г.Эббингауз
психологияның тарихы қысқа,
Пәннің
атауы ежелгі грек тілінен аударғанда,
психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан
туралы ілім дегенді білдіреді. Кең
таралған көзқарастар бойынша, алғашқы
психологиялық түсініктер діни нанымдармен
байланысты болды. Шындығында, ғылымның
ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі
грек философтарының ертедегі көзқарастары
адамның алғашқы білімімен
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік
философия өкілдері материядан тәуелсіз
ерекше рухани бастаудың бар екендігін
мойындайды, олар психикалық әрекетті
материалдық, тумайтын әрі өлмейтін
жан түрінде қарастырады. Ал барлық
материалдық заттар мен үрдістерді
сезімдер мен түсініктер ретінде
немесе қандайда бір "абсолютті рух",
"жаратылыстық ерік", "идеялар"
сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады.
Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше,
тылсым күштердің - адам туған кезде
тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін
жан мен рухтың әрекеттері деп
тәннің құрылысы мен қызметі туралы
қате көзқараста болған кезде идеализм
пайда болды. Алғашқыда жан әр
түрлі ағзаларда болатын
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.
Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен,
осы уақыттан бастап психология пәні
туралы жаңа түсініктер пайда болады.
Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана
деп атай бастады. Сонымен психика
санаға теңестірілді. Жан психологиясы
орнына сана психологиясы келеді. Алайда,
сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи
үрдістерден оқшауланған ерекше
құбылыс ретінде түсінілді. Философтар
сананы құрайтын қарапайым "элементтері"
бар, субъективті сезінудің нәтижесі
немесе құдайдың ісі деп санай
отырып, саналы өмір жайында әр түрлі
тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды
"психикалық өмір -өзін-өзі бақылау
арқылы ғана танылатын және себебін
түсіндіруге объективтік ғылыми
талдаудың шамасы келмейтін субъективті
ерекше жаратылыстың көрінісі" деген
ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік
кең таралды, ал көзқарас сананың
интроспективтік ұғымы арқылы белгілі
болды. Осы дәстүр бойынша психика
санаға теңестіріледі. Осы ұғымның
салдарынан сана өзімен-өзі шектелді.
Бұл психиканы объективтік
Психологияның
жеке ғылым ретінде қалыптасқан
уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың
екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы
және зерттеудің әр түрлі әдістерін
пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың
үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың
соңындағы теориялардың барлығы
және XX ғасырдың теорияларының бір
бөлігі сананың интероспективтік психологиясының
төңірегінде жасалды. Бұл теория
психологиялық зерттеулер пәнінің
шынайы қоршаған ортадан және адамдардың
практикалық әрекеттерінен тыс
қаралатын, адамға түсінікті уайымдар
аумағының шектелеуімен сипатталады.
Сана мен мидың ара қатынасы туралы
мәселе дуализм ұстанымының
Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:
Қоршаған жаратылыспен
Осы кезде психологияда