Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орыны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:39, доклад

Описание

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 31.65 Кб (Скачать документ)

 

Соңғы кездері әлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы әлеуметтік мәнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді. Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:

 

- педагогикалық басшылық тәрбиеленушілердің өз бойына тән дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;

 

- педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;

 

- барша тәрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері өзара сәйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;

 

- ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;

 

- тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн;

 

Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:

 

- бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т.б.

 

Мектеп субъекттерін алдымен  біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;

 

- ұжым салт-дәстүрлері;

 

- ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі;

 

- тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;

 

- салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер;

 

- ұжым кейпі мен эстетикасы;

 

- өзіндік басқарымның шымдастырылуы.

 

Өзіндік басқарым - бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы. Өзіндік басқару органдары және олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) және уакытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін. Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы - жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мұрагелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады. Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей:

 

- басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы;

 

- сатылы жауапкершілік  жүйесінің болуы;

 

- уақытымен берілетін есеп;

 

- баскару істеріне ойын  элементтерін қосып бару.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.

2. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.

3. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.

4. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.

5. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.

6. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.

7. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.


Информация о работе Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орыны