Психологияның пәні және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:25, реферат

Описание

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қазіргі психологияның құрылымы.
Психологияның пәні және оның міндеттері
Практикалық психологияның негізгі әдістері
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

psix.docx

— 67.78 Кб (Скачать документ)

        Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі  психодиагносикалық әдістер клиенттің  қиын мәселелерін анықтауға бағытталған.  Осы мақсатта стандартталған  және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер,  проэктивті әдістемелер, рөлдік  ойындар қолданылады. 

        Диагностикалық әдістер психокоррекция  мен психотерапия арқылы белгілі  болған мәселенің нәтижелерін  бағалауда да жәрдемдеседі.

        Диагностикалық үрдістер практикалық  психологияның әр түрлі бағыттары  мен мектептерінде қолданылады.  Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын,  оларды шешудің  мақсаттары  мен мүмкіндіктерін өз бетінше  ерекше бағытпен шешеді.

       Сұхбаттасу практикалық психологияның  барлық мектептерінде  әртүрлі  варияцияларда қолданылатын негізгі  диагностикалық міндетті құрал.  Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты  жинауда қолданылатын сызба –  нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада  клиенттің шағымына байланысты  мәліметтердің тізімі бар.

1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісіпсихоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор 
 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістері.

1. Еңбек психологиясы - адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

2. Педагогикалық психология - oқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.

Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3.

3. Медициналық психология - Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.

4. Инженерлік психология - Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.

5. Жас ерекшелік  психологиясы - Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

6. Арнаулы психология - Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады.

Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

7. Салыстырмалы психология - Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

8. Әлеуметтік психология - Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

9. Әскери психология - Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

10. Дін  психологиясы — діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т.б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясының зандылықтарын, дамуы мен өз функцияларын атқаруын зерттеу мына бағыттарда жүргізіледі:

1) Дін психологиясының  жалпы теориясы діни сананың  мазмұны мен құрылымын, діни  сезімдерге тән сипатты ерекшеліктерді, тұлға мен қоғамның рухани  өміріндегі діннің психологиялық  функцияларын зерттейді;

2) дифференциалдық  психология нақты әлеуметтік  орта мен тарихи дәуірді ескере  отырып, дін ұстанатымдардың діни  сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады;

3) діни топтардың  психологиясы діни қауымдастықтардың  әлеуметтік-психологиялық құрылымын,  олардың қарым-қатынас, еліктеу,  иландыру, нұсқамалар механизмдерін,  дінге сенушілердің санасына, сезіміне  және мінез-құлқына әсер-ықпалын  зерттейді;

4) діни табынушылық  психологиясы діни ғұрыптардың  адам психикасына әсер-ықпалын  зерделейді;

5) атеистік тәрбиенің  педагогикалық психологиясы атеистік  дүниетанымды қалыптастырудьгң  принциптерін талдап-белгілейді. 
 
 
 
 
 

III. Қорытынды.

Психиканы адамның  рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын  заңдарға бағынбайды деп қарастырған  идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды

Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы  тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал  ретінде келтіруге болады. Адамдар  мен жануарлардың өлетінін, адамның  түс көретінін ежелгі адамдар  да білген. Осыған байланысты адам екі  бөліктен тұрады деген сенім пайда  болған: сезілетін тәннен жэне сезілмейтін  жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық  қарапайым ілімдер жинақталған.

Адамның психика  туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық  қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек  ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде  басқа адамның әрекеттері мен  қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға  қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық  ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер  қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына  бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал  етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген  жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның  барлық психологиялық теориялары мен  салаларының бастаулары болып саналады

Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын  және механизмдерін зерттейтін ғылым.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әбеуова И.Ә.  Әлеуметтік психология (оқу құралы) .Алматы.,2001 ж

2. Бап Баба  С. Жантану негіздері: Оқулық/ Бап Баба, С.; Сәбет Балтаұлы Бап-Баба(Бабаев). - Алматы: Заң әдебиеті, 2004

3. Жарықбаев  Қ. Жалпы психология/ Қ. Жарықбаев. - 5-ші бас.өнделіп. - Алматы: Эверо, 2004. - 378б.

4. Құдиярова,  А.М. Ортақтасу психология: Қарым-қатынас:  Оқу құралы/ Құдиярова, А.М.. - Алматы: Дарын, 2002. - 39б..: кесте 

5. Әубәкірқызы  Б. Этнопсихология: Оқу құралы/ Бибісара  Әубәкірқызы . - Қарағанды: ҚарМУ  басп., 2004. - 92 б.. - Библиогр.:б.90-92

6. Алдамұратов  Ә. Қызықты психология/ Алдамұратов,  Ә.. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. - 110б.

 7. Елікбаев Н. Ұлттық психология / Елікбаев Н.. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. - 97б.

8. Жүкеш Қ.  Ұлттық психологияның сипаты: Көмекші  құрал /Жүкеш Қ.. - Алматы: Респ.баспа  каб., 1993. - 196 б.

9. Жалпы психология:/.Богословский  В.В..ред./ - Алматы: Мектеп, 1980. - 352 с.

10. Жалпы психология: Оқу құралы/ Алдамұратов, Ә.. - Алматы: Білім, 1996. - 223б.

11. Педагогикалық  және жас ерекшелігі психологиясы: Оқулық/ ред.Петровский, А.В.. - 2-ші бас.аударылды. - Алматы: Мектеп, 1987. - 288 бет. 

12. Тәжібаев Т. Жалпы психология: Оқу құралы / Т. Тәжібаев. - Алматы: Қазақ ун-ті, 1993. - 240 б.: 1б. портр.

 13. Андреева Г.М. Социальная психология. М: Аспект Пресс, 1997, 374с.

14. Социальная  психология личности. Под ред.  М.И.Бобневой, Е.В.Шороховой. М., 1979

Жоспар……………………………………………………………. 1

I.Кіріспе…………………………………………………………… 2

II. Негізгі бөлім…………………………………………………… 3

  1. Қазіргі психологияның құрылымы……………………….. 3
  2. Психологияның пәні және оның міндеттері…………… ... 4
  3. Практикалық психологияның негізгі әдістері…………….11

III. Қорытынды……………………………………………………. 16

IV. Пайдаланған  әдебиеттер……………………………………… 17

Информация о работе Психологияның пәні және оның міндеттері