Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 08:42, реферат
Психосемантикалық әдіс немесе эксперименталдық психосемантика – отандық психолоиядағы салыстырмалы түрде жаңа бағдар болып табылады және 1970 жылдардан бастап пайда болды. Психосемантика индивидуалды санадағы әр-түрлі формадағы (образдар, символдар,коммуникативті және ритуалды іс-әрекеттер) мағыналарды зерттейді. Психосемантика (грек тілінен semantikos- мазмұндық, мағыналық)- Соңғы жағдайда семантиканың есебi оның жеке мәндерi және жеке мағыналардың жүйесін қалпына келтiруi, әлем туралы индивидтың мәлiметтердiң берiлулерiнiң
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Психология бөлімі 2-курс
Тақырыбы: «Психосемантика»
Орындаған: Базарбекова Ақнұр
Тексерген: Мұса Құндыз
Алматы 2011
Психосемантикалық әдіс немесе эксперименталдық психосемантика – отандық психолоиядағы салыстырмалы түрде жаңа бағдар болып табылады және 1970 жылдардан бастап пайда болды. Психосемантика индивидуалды санадағы әр-түрлі формадағы (образдар, символдар,коммуникативті және ритуалды іс-әрекеттер) мағыналарды зерттейді. Психосемантика (грек тілінен semantikos- мазмұндық, мағыналық)- Соңғы жағдайда семантиканың есебi оның жеке мәндерi және жеке мағыналардың жүйесін қалпына келтiруi, әлем туралы индивидтың мәлiметтердiң берiлулерiнiң жүйесiнiң қалпына келтiру жолы болып табылады. Бұл жерде тұрғызылған негiзгi мәселелер келесi: жеке санадағы мәндердiң образдар, таңбалар, нышандар түрінде болуын зерттеу және оған эмоционалды, мотивациялық факторлардың ықпалын анықтау . Семантиканың негiзгi әдiсi жеке семантикалық субъективті кеңiстiктерді құрастыру болып табылады.
1983 жылы енгізілген бұл термин бiр уақытта шыққан екi психолог В.Ф.Петренкамен және А.Г.Шмелевтың атаулары бiр-біріне ұқсас монографияларында кездеседі. Жалпы алғанда, психосемантика жалпы психологияның бір бөлiмi болып табылатын және мағыналардың психологиялық құрылымының қалану процесстерін зерттейді. Отандық психологияда мағыналар әлдеқашан өзіндік орын алған. Теориялық негіз болып Л.С. Выготскийдің(1982ж) зерттеулері жатады. Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі: баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады. Баланың басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып біліп, мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдай білуін қалыптастырады.
Семантикалық әдістертертің ішінен екі түрін ажыратсақ болады . Біріншісі ол- зерттелуші өзін немесе өзгені сипаттайтын тізім жасайды. Екіншісі – шкалдық техника, өзін немесе өзгені бағалауға арналған. Шкалалар әр түрлі болуы мүмкін : ауызша, сандық және графикалық түрде. Бірінші топқа көптеген сын есемдерден тұратын бақылау тізімдері жатады. Бұл әдіс арнайы адамның өзі туралы көрінісін анықтауғамүмкіндік береді. Ол АҚШ-тағы Г. Гоухомның тұлғаны бағалау және зерттеу Институтында жасалған және бұл әдісте 300 сын есімнен тұратын сөздер алфавиттік қатармен орналасқан. Зерттелуші өзіне тән барлық сын есімдер арқылы өзін сипаттайды. Екінші әдіс бойынша өлшемдік әдістің ең көп таралған түрі бұл-Семантикалық дифференциал (Semantic Differential) әдісі. Оны ойлап тапқан Ч.Осгуд болатын. Басында бұл тек психологиялық түсініктердің аспектілерін анықтау үшін жасалған болса, кейіннен тұлғаны бағалау әдісі ретінде қолданыс тапты. Семантикалық дифференциал бойынша жеті өлшемдік горизантал бағытта бір-біріне қарама қарсы сын есімдер орналасқан, осыған сәйкес әрбір адам өзіндегі бар қасиеттерді, ұғымдарды өзінше бағалайды.