Сана және психика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2012 в 20:08, доклад

Описание

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды.

Работа состоит из  1 файл

хопчик.ppt

— 799.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Психика және сана

 

 

 

 

Психика (гр. psychikos — ішкі  сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани  бірлестігі. Психика биологиялық  эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен  заттардың көрінісін белсенді  және озық түрде бейнелейді. Негізінде  психика заттық ортаның дұрыс  бейнесін және тіршілік иесінің  өз ортасына бейімделетін бағдарын  құрайды. Психиканың рефлекторлық  сипаты оның объективті жағдайға  тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының  қимыл атқару заңдылығын білдіреді.

 

 

 

 

Психиканың рефлекторлық  табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін  реттейтін және қоғамдық қатынасқа  бейімдейтін жаңа құрылымның  — сананың негізін құрайды. Осыдан  адам психикасының дамуының жеке  тұлғалық және әлеуметтік зандылығы  қалыптасады.

 

 

 

 

Фр. ғалымы Р. Декарттың  пайымдауынша – психиканың пайда  болуы адамның пайда болуымен  байанысты. Психика тек адамда  ғана болады. Осылайша адам психикасының  тарихының басталуы мүлдем сызылып  тасталған. Бұған қарсы пікір  биопсихизм д.а. Оның мәні: психиканың  кез келген материяның қасиетімен  емес, тек қана тірі материяның  қасиетімен танылады.

 

 

 

 

            Психика

 

  объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

 

адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі

 

 

 

 

Психиканың екінші сатысында  адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін  өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның  өткенін, бүгінін және болашақ  күйін реттей алатын қабілет  қалыптасады. Адам өткен оқиғаны  есінде сақтайды, бүгінгі күйін  қобалжу актісімен, ал болашақтағы  мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның  жемісі және жалғасы. Психика  сыртқы құбылыстар мен заттардың  көрінісін белсенді және озық  түрде бейнелейді. Организм осы  фактор арқылы әр нәрсенің  ерекшелігіне сай қимыл-әрекет  жасауға және ортаға бейімделуге  мол мүмкіндік алады.

 

 

 

 

Негізінде психика заттық  ортаның дұрыс бейнесін және  тіршілік иесінің өз ортасына  бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін  әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра  отырып, индивид ахуалын қайтарымды  байланыста ұстауға мүмкіндік  алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін  әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты  оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл  атқару заңдылығын білдіреді.

 

 

 

 

Сана мидың айналадағы  объективтік шындықты бейнелеуінен  туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде  кездесетін негізгі психикалық  процестерге таным процестері  — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері  сезімі; ерік процестері — адамның  алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты  әрекет жасауы жатады. Осы психикалық  процестердің құрылымы деп сана  құрылымын айтады.

 

 

 

 

Сана мен іс-әрекеттің  бірлігі

 

Сана мен іс-әрекеттің  бірлігі - сананың генетикалық және  функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологияның  философиялық және методологиялық  іргетасын қалайды. Психология ғылымының  негізгі принциптерінің бірі  — сана іс-әрекетті, іс-әрекет  саналы болуға тиісті дегенді  ұстанады. Санаастылы — психиканың  түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе  олардың жиынтығын білдіретін  жинақтаушы ұғым.

 

 

 

 

Санасыздық әрекет

 

Санасыздық — санасыз  акт, адамның жан дүниесінде санадан  тыс атқарынатын әрекет. Санасыз  әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері  бар екенін есеп бере алмайтын  шынайы құбылыстың ықпалымен  болатын психикалық үрдістер, актілер  мен күйлер жиынтығы немесе  психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау  және ондай әрекеттерді бағалау  мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп  бір психикалық актіде іске  асады (мысалы, түс көруде).

 

 

 

 

Сананың бүлінуі — орталық жүйке жүйкесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру адамның миы әр түрлі жағдайларға байланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көздеген әрекегі бұзылады. Балаларда сананың бүлінуі әр түрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жатқан кезде болса, енді біреуінде туғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер еткен дәл осы кезеңде оның зақымдануын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопедагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бүлінген балалардың психикасын психологияның арнайы саласы — дефектология ғылымы қарастырады.

 

 

 

 

   А. В. Петровский: Сана құрылымында 4 негізгі сипат бар

  • 1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі,.
  • 2. Санада субьект пен обьектінің айырмашылықтары бекиді. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұру,а қабілетті.

 

 

 

 

 

*3. Мақсат болжастыру әрекетін  қамтамасыз ете алады. Осыдан  сана қызметі: мақсат қалыптастыру,  себеп салдарын анықтау, еріктік  шешім қабылдау, іс-әрекеттің  орындалу жолын айқындау ж.т.б

*4. Сана құрылымындағы әрекетке  қатынастар орнығады. Адам санасы  міндетті түрде өз ішіне күрделі  обьектив, ең алдымен адам қатысқан  қоғамдық қатынастарды бейнелейтін  сезімдер жүйесін қамтиды.

 

 

 

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАМЕТ=))


Информация о работе Сана және психика