Шетел психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 09:26, реферат

Описание

Функции почек
Экскреторная (выделительная)
Осморегулирующая
Ионорегулирующая
Эндокринная (внутрисекреторная)

Работа состоит из  1 файл

АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет.docx

— 23.79 Кб (Скачать документ)

АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім 1 адам басына  шаққанда 36200 долларды құрайды.

АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндрісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ киім, тамақ, темекі, орман және қағаз.

Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда.

Экспорт бойынша мына мемлекеттермен қарым – қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%),  Франция және Нидерландия.

Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым -  қатынасты жалғастыруда: Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5 %), Ұлыбритания және Тайвань.

Жалпы АҚШ – тың макроэкономикалық көрсеткішіне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық көрсеткіштерге сай: халық саны 279 млн – ға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі – 9,963 трлн доллор, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халық – 12,7% құрайды, еңбекке жарамды халық саны – 140,9 млн адам, жұмыссыздық деңгейі - 4%. Кіріс бөлгі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы, 2002 қаржы жылында 1,828 трлн доллар құраса, шығыс бөлігінде – 1,703 трлн доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт – 776 млрд доллар, импорт – 1223 млрд доллар.

АҚШ – ның мемлекеттік қаржысының қазіргі жүйесі мыналардан тұрады:

1. Бюджет жүйесінен, федералдық бюджет, 50 штаттардың бюджеті және үш мыңға жуық жергілікті бюджеттерден.

2. Арнайы қорлардан.

АҚШ – тағы салықтар 3 деңгейде алынады:

1. Федералды;

2. Штаттар;

3. Жерглікті;

Қазыналық тұрғыдан қарайтын болсақ, негізгі ауырпалықтарды федералды салықтар көтереді. Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтармен коорпорацияға салынатын табыс салығы құрайды.

Сонымен салықтардың ішіндегі ерекше мәнге ие салық – халықтан алынатын табыс салығы. Прогрессивті шкаланы пайдалана отырып бес түрлі мөлшемелер қолданылады. Ал, салық төлеушілердің өз мәртебелері, немесе категориялары бар, мысалы, декларацияны бөлек толтыратын ерлі  -зайыптылар, бірлесе отырып толтыратын ерлі - зайыптылар, отбасының жалғыз басты иелері, жеке басты адам, жесір адам т.б сол сияқты.

Ал, салық төмендегі тәсіл бойынша есептеледі. Жалпы жиынтық табысты анықтау үшін барлық табыстар топтастырылады: еңбек ақы, кәсіпкерлк істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы қағаздан түсетін табыстар т.б. Жалпы жиынтық табыстан  іскерлік шығындар алынып тасталады. Оған жататындар, капиталдың активтерді алу шығындары: жер учаскелері, ғимараттар, құрал – жабдықтар, ағымдағы өндіріс шығындары т.с.с осы шығындарды алып тастаған соң төлеушінің таза табысы қалады.

Таза табыс көлемінен жеке салықтық жеңілдіктер  алынып тасталады, ең алдымен  табыстың салық салынбайтын ең аз мөлшері. Салық салынбайтын ең аз мөлшерінен кейін қайырымдық қорға жарна, алименттер соммасы, медициналық қызмет көрсету шығындары т.с.с шығындары азайтылады. Нәтижесінде барлық шығындарды алып тастағаннан кейін салық салынатын табыс қалады. Салық салынбайтын ең аз мөлшер – өзгермелі шкала, бұл көрсеткіш жоғарылап отырады, мысалы 1990 жылдары ол 4 мың доллор көлемінде болды.

АҚШ – тағы соңғы күрделі бюджет тапшылығы 80 – шы, 90 – шы жылдармен  байланыстырылады. 1991 жылы АҚШ – тың таза қарызы 700 млрд доллорды құрады. ЖІӨ (10%)

АҚШ – тың 70 – шы жылдардағы экономикалық қиындықтары жүргізіліп отырған  саясаттың, яғни нарықтық экономиканы  мемлекеттік реттеу жүйесінің қолайсыздығын  байқатып, экономиканы реттеудің  консервативтік нұқасын қолдауға көшу қажеттілігі туындай бастайды. Бұл үлгіні тәжірибе жүзінде билік басына сол жылдары келген Р. Рейган (1981 – 1988жж) жүргізді. Бұл бағдарлама АҚШ экономикасының тарихында «Рейгономика» деген атпен қалды.

АҚШ – тың бюджеттік құрылымының  негізгі Ата заңға Конгреске  бюджетті қалыптастыруға құқық беретін  арнайы ереже қарастырылған. Негізгі  заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен  қатар Конгрестің екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет кейпі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келді. ХХ ғасырдың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі болып – кеден баждары мен акциздер саналады. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі таңда аталмыш салық федералды бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса манызды орынға ие.

Жалпы АҚШ – тың бюджет процесі  тарихи үш негізгі кезеңнен өткен:

1. 1921 жылға дейін;

2. 1921 жылдан 1976 жылға дейін;

3. 1976 жылдан бері;

Қазіргі таңда  АҚШ – та бюджет жолдауын және федералды бюджет жобасын әкімшілік – бюджеттк басқарма (ӘББ) даярлайды.

ӘББ – ның міндетті федералды бюджет саясатымен нақты бюджетті салықтық шараларды жедел түрде өңдеп, федералдық министрліктермен ведомствалардан қаржы жағдайларына түзетулер енгізіп, тәжірбиелі түрде басқару болып табылады.

АҚШ – та қаржыларды басқару Қаржы  министрлігі мен ӘББ – на жүктелген.

Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері:

1. Қаржы және салық саясатын даярлау;

2. Қаржы заңдылықтарының орындалуына бақылау жасау;

3. Үкіметтң қаржы агенті ретінде іс – шараларды жүзеге асыру;

 4. Тиын ақшаларды соғу;

5. Құю; ақша белгілерін эмиссиялау;

Мемлекеттік кірістер жүйесі – мемлекеттегі әрекет етуші салықтар жиынтығы емес, кірістерді жинауды толық және дер  кезінде қаражаттардың, бюджетке түсуіне  бақылау жасаудың механизмдері. Маңызды да күрделі міндет – бұл бюджетті салықтық федерализм құрылымын құру және оған қолдау көрсету болмақ, себебі бюджетаралық қатынастар аясында экономикалық саяси, этникалық т.б факторлар мен мүдделердің қилы түрлері кездесіп отырады.

Конгресте шығыстарды бекіту процесі  айтарлықтай іс – әрекеттермен ерекшеленеді. Аталмыш процесс үш сатыдан өтетіндігімен  ерекше. Алғашқы саты: конгрестің «профильды»  комитетінде қаражат бөлінуге тиісті бағдарлама бекітілуі тиіс. Осыдан кейін қаржы бөлу бойынша комитет  қаражаттарды бөлу мәселесін талқылауға кіріседі. Осылайша алдымен конгресс бағдарламаның принциптілік түрде  жүзеге асуына рұқсат береді, одан кейін  бағдарламаның құны, ұзақтығы қарастырылады, ақырында жалпы бөлінген қаражаттар туралы заң негізінде нақты қаржы  жылына бөлінген қаражаттар, яғни нақты  ақшалар бөлінеді.

1981 жылдың 18 – ші ақпанында Р.  Рейган «Америка үшін жаңа  өмір» атты экономикалық бағдарламасын  конгрестің қарауына ұсынды. Аталмыш бағдарламаның авторы әкімшілік – бюджеттік басқарма директоры – Д.Стокмен болатын. Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі федералды бюджет жобасын түзетулер енгізу болып саналады. 1984 қаржы жылында – ақ федералды бюджетті теңестіру көзделді. Бюджетті теңестіру ЖІӨ 19,3% деңгейнде қарастырылды. Стокмен әлеуметтік қажеттілікке деген федералды шығындар көлемін азайту арқылы теңестіру жолын ұсынды.

Клинтон американың аралас экономикасының әлеуметтік инфрақұрылымын сақтап қалуды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар  қоғамдық денсаулық сақтауды да қолға  ала бастады. Бюджеттік жаңа саясат «тапшылыққа қарсы градуализм» деген атқа ие болды, онда нәтижелер көрініс танытты. 1995 жылы федералды бюджет тапшылығын қысқарту тұрақтала бастады. 1996 жылы ол ЖІӨ 1,4% құрады.

Клинтон әкімшілігінің жұмыстары  экономиканың көтерілу сатыларымен  байланыстырыла бастап, 1993 – 1995 жж АҚШ  – тағы экономикалық өрлеу ырғағы шамамен жылына 4% - ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5% - ға көтерілді, себебі ішкі сұраныс жоғарылай бастады.

Клинтон еңбегінің жемістері: ЖІӨ – нің өсуі, бюджет тапшылығын қысқарту,инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, 10 млн жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Штат бюджетіндегі ерекше мәндегі  келесі салық – халықтан алынатын табыс салығы. Ол жалпы түсімдердің шамамен 30% құрайды. Бұл салық түрі 50 штаттың 44 – де алынады. Тек мына штаттарда бұл салық салынбайды: Флорида, Невада, Оңтүстік Дакота, Техас. Вашингтон мөлшерлемелері федералды деңгейдегі табыс салығының мөлшерлемелерінен әлдеқайда төмен. Ең аз мөлшерлемелер 1 – 4 % барынша көп мөлшерлемелер 3 – 11 % аралығында болады.

Штат деңгейдегі  салықтардың  өзіндік салықтар жүйесі бар. Негзгі табыс көзі болып саналатын салықтың бұл түрін – әмбебап акциз  деп те атайды. Штат бюджеттің басты  салығы ретінде саналып, түсімдердің 40 %, осы салықтың үлесіне тиеді. Салық  салынатын обеъкт – тауардан және қызмет көрсетуден түскен түсім. Мөлшерлемелер  әр штатта әрқилы, мысалы ең төменгі 3% «Колорадо, Вайолинг штаттары», ең жоғары мөлшерлемелер – 8,25 % «Нью – Иорк штатында». Көптеген штаттарда орташа 3 - 4% мөлшерлемелер қолданылады. Аляска, Делавэр сияқты штаттарда аталмыш  салық мүлдем қолданыста жоқ.

Келесі жерде жергілкті өзін – өзі басқру органдарының салық жүйесіне қысқаша тоқталып өтетін болмақ, әрбір жергілікті басқару органдары, өздерінің жеке бюджетін қалыптастыра отырып, өздері салықтар енгізіп, шығындар көлемін анықтау мүмкіндігіне ие. Жергілікті басқару органдарына мыналар кіреді: құрамына 85 аудан есепке  алынып, штаттардың барлығы есепке графстворларға (30 мыңға жуығы бар), сондай – ақ 20 мың муниципалитеттерге (немесе қалалар) бөлінген органдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: АҚШ – ның қаржы нарығының құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген:

Орындаған: Балтабеков М.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2013


Информация о работе Шетел психологиясы