Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:35, реферат
Стресс – біздің заманымыздың жағымсыз белгілерінің бір түрі. Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатады, қозғыш қылдырады. Күнделікті осындай қоздырғыштармен қалай күресіп жүрміз? Критикалық кездерде өз-өзімізді басқара аламыз ба? Өйткені стрестен құтылып қана қоймай, біз оны өз пайдамызға да асыра аламыз. Одан құтылудың қажеті жоқ, тіпті онымен күресу амалдарын білу үшін арнайы лекцияларға да бару керек емес. Сол үшін стресс дегеніміз не және онымен қалай күресу керек, соны анықтап алайық!
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Тақырыбы: І. Стресс
ІІ. Жасанды түсік жасатқан қыздың обалы кімге?
Орындаған: Тасболатова П.А
Семей 2011
Стресс – біздің заманымыздың жағымсыз белгілерінің бір түрі. Күнделікті шектен тыс жүктемелер біздің жүйкемізді шаршатады, қозғыш қылдырады. Күнделікті осындай қоздырғыштармен қалай күресіп жүрміз? Критикалық кездерде өз-өзімізді басқара аламыз ба? Өйткені стрестен құтылып қана қоймай, біз оны өз пайдамызға да асыра аламыз. Одан құтылудың қажеті жоқ, тіпті онымен күресу амалдарын білу үшін арнайы лекцияларға да бару керек емес. Сол үшін стресс дегеніміз не және онымен қалай күресу керек, соны анықтап алайық!
Стресс - қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне ағзаның қорғаныштық реакциясы. Стресс – бізді үнемі қоршап жүреді. Ол таң атқаннан сағаттың қоңырауынан басталып, кейін... жол кептелісі, оқу үрдісі, жұмыс, туыстарыңмен ренжісулер, ұйқының қанбауы және т.б. Стрессіз өмір сүру мүмкін бе? Ғылымның дәлелі бойынша мүмкін емес. Өмір үнемі тұрақтылық пен тыныштыққа шыдай алмайды, себебі осылардың өзі стрестің көзі болып табылады. Сондықтан стрестен өлгеннен кейін ғана толық құтылады. Бірақ өзіңнің жан дүние жағдайының жақсаруына осы өмірде де әсер етуге болады.
Стресс адамның психологиялық та, физикалық та денсаулығына теріс әсерін тигізеді. Стресс мінез- құлқын өзгертіп, қорқыныш сезімі, депрессия, невроздар, эмоционалды тұрақсыздық, көңіл- күйдің түсуі, есте сақтаудың нашарлауы, ұйқысыздық, селқостық сияқты психоэмоционалды бұзылыстарға алып келеді.
Стрестер, әсіресе олар жиі және ұзақ болса, физикалық денсаулыққа да кері әсерін тигізеді. Олар көптеген аурулардың дамуында немесе өршуінде қауіп- қатер факторы болып табылады. Жиі жүрек-қантамыр аурулары (миокард инфаркті, стенокардия, гипертониялық ауру), асқазан-ішек аурулары (гастрит, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы), иммунитеттің төмендеуі сияқты аурулар дамып жатады.
Жедел стресс кезіндегі "біріншілік көмек"
Стресті жағдайларға ағзаның жауабы бірнеше ғасырдан бері табиғи жолмен қалыптасқан, яғни ағзаны төтенше жағдайларға дайындайды, яғни стресс кезінде бұлшықеттен көп мөлшерде энергия сыртқа шығады. Бұл өз кезегінде мәселенің оңай шешілуіне әкеледі, тіпті сіздің ағзаңызға өзінің оң әсерін де тигізіп кетеді.
Өкінішке орай, қазіргі заманда стресті жағдайдан осылай шығу өте сирек кездеседі. Біздің мүмкіншіліктерімізді заң, әдет- ғұрып ережелері шектейді. Ал стресті жағдайлар одан сайын шығып жатады. Сондықтан стресті жағдайлардан тез шығудың амалдарын үйрену керек.
Бірінші және ең бастысы: өз-өзіңізді қолға алып, шоктың дамуын тоқтату үшін, өзіңізге "ТОҚТА!" деп айтыңыз. Қандай жедел жағдайлар болмасын салмақты, сабырлы болуға тырысыңыз. Сіздің орныңызға басқа біреулер жүйкесін тоздырсын! Небір ауыр кикілжіңдерде өз-өзіңізді ұстасаңыз, сіз ол жерде әлсіз жақ болып қалмайсыз. Керісінше: сіз ол жерде мықты және тұрақты тұлға ретінде қаласыз.
Жедел стресті жағдайдан құтылуға көмектесетін бірнеше амалдар
Стерске қарсы, тыныштандырушы дем алу әдістері.
- мұрын арқылы баяу, терең дем алыңыз; қысқа уақытқа деміңізді ұстаңыз, содан кейін баяу тынысыңызды шығарыңыз. Әр деміңіз арқылы барлық стерсс, кернеу, қатыгездіктің шығып жатқанын елестетіңіз. Бұл жаттығуды әр дем шығару мен ұстауды ұзарта отырып, 8-10 рет қайталау керек.
Бұлар әр ересек адамның адал және жауапты іс-әрекеті болып табылады, эмоциялардың жағымсыз салдарының алдын алады. Өкінішке орай эмоцияға салынып, бойымызды ашуға алдырып, қатал және дөрекі сөздерді де айтып жібереміз. Оның орнына өзіңіздің ренжісіңіз бен оның себептері туралы өз туысқандарыңызға түсіндіріңіз. Сонда ғана керек емес ренжісулер мен ұрыс-қарыстар болмайды. Егер де жағдайды тез арада өзгерту мүмкін болмаса, оған деген көзқарасыңызды өзгертуге тырысыңыз. Әр оқиғаның оңтайлы жағын іздестіруге ұмтылыңыз.
Күліңіз! Мейлінше жиі күліңіз! Күлкі – стреске қарсы келетін күшті ем. Өз қиыншылықтарыңыздан бір күлкілі нәрсе көру – мәселеге деген қөзқарасты өзгертудің ұтымды әдісі. Кикілжіңді, ренжісті әзілге айналдыру – оппонентіңізді қарусыздандырудың бір әдісі болып табылады.
Аталған амалдардың, тым болмаса өзіңе ыңғайлы бір әдісін әдетке айналдыруға тырысыңыз.
Өз-өзіңе мына сөздерді қайтала: "оң эмоциялар мен өзіңе деген сенімділік!". Дәл қазір, бүгіннен бастап. Осыдан кейін стресс, шок және депрессия сияқты жағымсыз әсерлер сізді айналып өтетін болады.
Жасанды түсік жасатқан қыздың обалы кімге?
Жасанды түсік жасату әйел денсаулығына орасан зиянын тигізеді. Егер түсікті 14-тегі қыз жасатып жатса, мұның жас ағзаға тигізер зардабы туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Ал Қазақстанда жыл сайын 14 пен 18 жас аралығындағы 10 мыңға жуық қыз түсік жасатады.
Оның ақыры түрлі
Дабыл қаққан әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік
Контрацепция күнін жариялады. Бірақ мәселе
мұнымен шешілмейтін сыңайлы. Жастардың
жыныстық сауатсыздығы қазірде басты
проблеманың біріне айналып отыр. Жастарды
еліктіретін түрлі іс-шаралар, түнгі клубтар,
ойын-сауықтар, теледидарды жаулап алған
арсыз фильмдер, бағдарламалар ойланбай
от басуға итермелейді. Мәліметке қарағанда,
бүгінде балалы болған 10 әйелдің біреуі
– балалықтан арылмаған жас қыз.
Қазірде «жыныстық тәрбиені жастарға
үйрету керек пе, жоқ па?» деген талас қоғамда
белең алған. Бұл ресми тілде «жасөспірімдер
арасында репродуктивті денсаулық мәселесіндегі
сауаттылықты арттыру» деп аталады. Бәзбіреулер
ойлағандай, мұның мағынасы жастарды жыныстық
қатынасқа итермелеу емес. Ол ерте жүктілікті
азайту, жастардың баланы қалауымен сүюге
тәрбиелеу мақсатын көздейді. Жалпы жастар
арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда,
жоғары сынып оқушыларының 80 пайызға жуығы
жүктілікті шешудің бірден-бір жолы түсік
жасату деп ұғынады екен.
Астанада БҰҰ-ның қолдауымен БАҚ өкілдері
арасында тренинг өткізіліп, мұнда жастар
проблемалары сөз болды. Жастардың репродуктивтік
құқығын талқылау және сексуалдық және
репродуктивтік денсаулығын қорғау жөніндегі
тренинг жүргізген ресейлік маман Любовь
Ерофееваның айтуынша, жастардың сексуалдық
және репродуктивтік денсаулығы, отбасын
құруды жоспарлау және ВИЧ/СПИД-тің алдын
алу арасындағы байланыс өте тығыз. «Біз
қанша жерден жастарды бұл мәселеден алып
қашпақ болсақ та табиғат адамға өсіп-өнуді,
көбеюді нұсқайды», – дейді ол.
Жастар арасындағы репродуктивтік денсаулық
мәселесі көршілес елде де маңызды. Көршідегі
проблема бізде де өзекті. «Адамның өнім
беретін функциясынан өзге, сексуалдық
қажеттілігі де бар екенін ұмытпауымыз
керек. Егер адамда сексуалдылық жоқ болса,
онда жыныстық қатынас қанша болса, сонша
бала болған болар еді», – дейді Любовь
Ерофеева.
«Мен Алматы, Астанадағы әріп-тестеріммен,
сіздердің ұлттық мамандарыңызбен кездескенімде
білгенімдей, ана өлімі, оның ішінде жас
аналардың өлімі аса жоғары. Бұл кейде
жүктілікті үзу, сондай-ақ жүктілік кезеңінде
туындайтын түрлі себептерден де болады».
Ана өлімі көбіне дәрігердің кінәсінен
орын алады десек те, өлім-жітімнің 60 пайызы
болжаусыз себептерден болады екен. Демек,
жас қызды бала кезінен болашақ ана болуға
дайындау, денсаулығын күту ұстанымы маңызды.
– Біздің демографиялық проблемамыз ұқсас.
Жыныстық тәрбие бағдарламасы екі мемлекетте
де енді ғана енгізілуде. Болып жатқан
сексуалдық төңкеріске қарамастан, репродуктивтік
құқық туралы талас әлі жалғасуда. Ал жасөспірімдер
мен олардың ата-анасының мәселесі шешілмеген
күйі қалуда, – дейді мәскеулік маман.
– Әлі күнге дейін адам үшін соншалықты
маңызды мәселеде бірыңғай тұжырымдама
әзірленбей отыр.
Қазақтың ұрпақ тәрбиесінде жыныстық
тәрбие маңызды орын алады. Мұны бір ғана
«Он үште – отау иесі» деген нақыл әйгілейді.
Халқымыз осы кезеңдегі жасөспірімнің
бойында басталатын түрлі физиологиялық
және психологиялық өзгерісті терең білген.
Білген де сол болашақ беймәлім өмірге
ұрпағын дайындай бастаған. «Қызға қырық
үйден тыйым, қала берсе, есіктегі қара
күңнен тыйым» деген халқымыздың қыз бала
тәрбиесіндегі ұстанымы көп жайтты аңғартады.
Бұл – бетін бүркемеген қазақ қызының
еліктей еркіндігімен қатар, ар-абыройына
дақ түсірмеген пәк болуын қадағалаған
тәрбие.
Осындай ұрпақ тазалығын көз қарашығындай
сақтаған халқымыздың текті ұстанымына
кейінгі кезде селкеу түскендей. Тренингке
қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда
да сексуалдық мәселе жабайы, жабық тақырып
күйінде қалуда. «Егер жасөспірім жыныстық
мәселеде тұйыққа тіреле қалса қайда барарын
білмейді, қыз кіммен ой бөлісерін білмейді.
Жастар сөйтіп, қызығушылықтарын мұны
істеуге болмайтын жерде қанағаттандыруда.
Мұның соңы әрине, қалаусыз жүктілік, түсік
және тастанды баланың көбеюіне алып келеді»,
– дейді олар.
Любовь Ерофеева айтқандай, бұрын Қазақстанда
«Сенім телефоны» жұмыс істейтін. Жастар
осы бір нәзік мәселе туралы білгісі келсе,
қайда хабарласатынын білетін. Бүкіл ТМД
елдеріне жақсы үлгі болған сенім қызметі
кейін қажетсіз деп танылып, іс-әрекетін
тоқтатқаны өкінішті-ақ!
Қазақстанда жыл
сайын шамамен он мыңдаған қыз оң жақта
отырып, жүкті болады. Мұның басым көпшілігі
абортқа жүгінсе, біразы тастанды сәбидің
анасы атанады. Бір рет уланған жас өмірдің
қайта қалпына келуі – қиынның қиыны
Информация о работе Стресс . Жасанды түсік жасатқан қыздың обалы кімге