Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Августа 2012 в 17:32, статья
Өмір сүре білу - әрбір адам үшін үлкен сынақ.. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.
Суицидальное поведение — понятие более широкое и помимо суицида включает в себя суицидальные покушения, попытки и проявления.
СУИЦИД
Өмір сүре білу - әрбір адам үшін үлкен сынақ.. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.
«Өз-өзіне қол салу қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Кез-келген өлімнің себебіне үңілсек, өз-өзін құрбандық ету сегізінші орында. Жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін. Деректерге сүйенсек:
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.
А.Г. Амбрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.
Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.
Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады, манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізу. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды. И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...»
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.
Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі.
Суицидті алдын-ала жору мүмкін емес. Бұл аффект жағдайындағы ситуативтік құбылыс, мұндай жағдайда адам өзін және өз эмоциясын бақылай алмауымен қатар, іс-әрекетінің зардаптарын ұғынбайды.
Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады. Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Философиялық тұрғыдан өзіне қол жұмсау – адамның өмірінің мәнін жоғалтуы.
Ал дінде – түрлі себептерге байланысты туындайды деп көрсетіледі.
Өз өмірін өлімге қиюдың шариғатымыздағы үкіміне келсек, ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен аса ауыр азабына себеп болатын ауыр күнә. Себебі ислам дінінің, қасиетті Құран мен хадистің көрсетуінше, адам баласының орны жаратылыс атаулының бәрінен де жоғары әрі үстем. Мейлі ол әйел болсын, еркек болсын, кәрі болсын, жас болсын, әрбір адам қадірлі және құрметті. Демек адам өз өмірін оп-оңай қия салатындай сұраусыз, іздеусіз, бостан бос жаратылыс емес.
Исламда өз-өзіне қол салу – үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал кім у ішіп өлсе, жаһәннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасталады, -дейді. «Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады», делінген. Өз-өзіне қол жұмсаған адамдардың жанының шығуының өзі аса қиын болатынын бүгінгі ғылым да дәлелдеп отыр.
Санкт – Петербург техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Константин Коротков адамдардың жанының шығуын зерттеген. Тәжірбиеден ғалымның өзі де қатты сескенеді. Өз ажалымен өлгендердің жаны денеден оңай шықса, өзін өлтіргендердің аса қатты қиналғанын байқаған. Жанның шығуын бақылайтын аппараттағы сызықтар (өзіне қол жұмсағандардың) біресе қатты төмен сырғып, біресе бірден жоғарыға көтерілген. Ал, өз ажалынан қайтыс болғандардың сызығы тербемелі бірқалыпты жағдайда өткен.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша өз-өзіне қол жұмсау тұқым қуалайтын көрінеді.
Өлуге құмарту – психиканың проблемасы.
Адамдардың өз-өзін құрбан етуіне әр-түрлі жағдайлар себеп болады. Кейбір жағдайларда өз-өзіне қол жұмсаушының не себептен осы әрекетке барғаны жұмбақ күйінде қалады. Өз-өзіне қол жұмсаушылар әйелдерден гөрі ер адамдар арасында жиі кездеседі, бірақ әйелдер өлуге екі-үш есе көп әрекет жасайды. Өз-өзіне қол салу бұрын егде жастағы адамдар арасында жиі болса, қазір жастар арасында көп кездеседі.
Бұл мәселе тек қана білім саласының мамандарын ғана емес, сонымен қатар, медицина саласында жүрген дәрігерлер қауымын да ойландыруы тиіс. Оқушыларды медициналық тексерістен өткізгенде олардың бойындағы жүйке-жүйесінің бекемсіздігі байқалса, оған шұғыл түрде психологиялық көмек көрсетілу қажеттігін ата-ана немесе мектеп әкімшілігіне ескерткен жөн. Қазіргі балалар ашуланшақ, ызақор. Кейбірі – әсіренамысшыл. Суициал мінез-құлық пайда болған балаларда мұндай күй 3 кезеңде өтеді. Бастапқы кезеңі онша аңғарылмауы мүмкін. Ал жасөспірімнің жанына жақын жандар мұны бірден аңғара алады. Осы кезеңдерді басынан өткерген оқушы оқшаулана береді. Мектеп психологтары балалардың әсіресе, жасөспірімдердің бойынан осындай қобалжулардың себебін анықтауға тырысуы тиіс.
Баланың бойындағы суициал мінез-құлықтың пайда болуына ата-ана мен балалар арасындағы дау-жанжалдар да себеп болуы мүмкін. Кей жағдайда бала өзіне жоғары талап қойып, мақсатына жете алмай қалғанда өзімен-өзі іштей егесіп, келіспейтін шақтары да кездеседі. Ата-анасы баласына адамның ерік жігерінің күшті болып, өмірдің құндылықтарын бағалай білуге баулу керек. Суицидке отбасында ауыр ахуал қалыптасқан, депрессияға ұшыраған, жаман аурулармен ауырған, жақын адамын жоғалтқан адамдар баруы мүмкін. Сондықтан осындай жағдайға ұшырағандардың жан күйзелісіне мән беріп, баланың ата-анасына кеңестер мен ұсыныстар жасап, топтық және жеке жұмыстар жүргізу қажет.
Жас өрендердің өмірлерін өз қолымен қиюына олардың күнделікті өміріне мән бере алмаған ата-анасы, мектепте қылықтарын дұрыс аңдай алмаған мұғалімдері, мұсылмандық ақысын толық өтей алмаған көршісі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ете алмаған тиісті органдар да жауапты.
Қарап отырсақ, адамның өзін өзі өлтіруі қиыншылыққа сабыр ете алмаудан туындауда. Уақыт өтуімен кез келген қиыншылық ұмытылады. Бір мәселенің орнына жаңа мәселелер келеді. Бұрынғысы естен шығады. Өйткені күндер кезегімен ауысатынына, қиын күндердің артынан шуақты күндер келетініне, қиыншылықты ауыр болса да соңында бір жақсылық пен жақсы сүйінші бар екеніне сену керек. Бұл дүниенің заңы сондай.
Қорыта келе айтарымыз, құрметті бауырлар!
Өзіне-өзі қол жұмсау ісі, көбінесе, үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал иманды жан, жүрегі бай адам қашанда бұл дерттен аулақ болады. Қиналған кісінің жанын түсінуге тырысайық, құлазыған көңілдерге демеу болайық, достарымызды еш уақытта жалғыз қалдырмайық
Қиындықпен қоғам болып күресіп, бір-бірімізге
жақындығымызды, мейірімімізді көрсетуден
қашпайық..
Бәйдібек
АОА педагог-психолог: А.Ш.Досалиева
Кондрашенко В.Т.
Суицидальное поведение
© Кондрашенко В.Т. Девиантное поведение у подростков. — Мн., 1988.
Суициды: общие понятия, терминология, распространенность
Самоубийство (суицид) — это осознанное лишение себя жизни.
Суицидальное поведение — понятие более широкое и помимо суицида включает в себя суицидальные покушения, попытки и проявления.
К покушениям относят все суицидальные акты, не завершившиеся летально по причине, не зависящей от суицидента (обрыв веревки, своевременно проведенные реанимационные мероприятия и т.д.). Суицидальными попытками считают демонстративно-установочные действия, при которых суицидент чаще всего знает о безопасности применяемого им при попытке акта. К суицидальным проявлениям относят мысли, высказывания, намеки, не сопровождающиеся, однако, какими-либо действиями, направленными на лишение себя жизни.
А.Г. Амбрумова выделяет самоубийства (истинные суициды) и попытки самоубийства (незавершенные суициды). Бруксбэнк говорит о суициде и парасуициде. Автор определяет суицид как намеренное самоубийство, а парасуицид как акт намеренного самоповреждения, не приводящий к смерти. По мнению А.Е. Личко, суицидальное поведение у подростков бывает демонстративным, аффективным и истинным. Е. Шир выделяет следующие типы суицидального поведения у подростков: преднамеренное, неодолимое, амбивалентное, импульсивное и демонстративное. Первые два типа, по данным автора, встречаются у подростков крайне редко (менее чем у 1%); третий, четвертый и пятый типы соответственно у 25, 18 и 56,3%.
В последние годы получили права гражданства такие понятия, как «пресуицид» и «постсуицид». Одни авторы под пресуицидом имеют в виду отрезок времени, предшествующий суицидальному действию; другие — психическое состояние, предшествующее суициду. Большинство отечественных суицидологов под понятием «пресуицид» подразумевают состояние личности, обусловливающее повышенную по отношению к норме вероятность совершения суицидального акта. Подобное разночтение существует и в отношении термина «постсуицид». На наш взгляд, более правильно пользоваться такими дифференцированными понятиями, как «постсуицидальное состояние» и «постсуицидальный период».
В литературе часто встречаются термины «аутотравматизм», «аутоагрессивный акт», которые нередко отождествляют с суицидальными действиями. Если конечной целью аутоагрессивного акта является самоубийство, его следует относить к суицидальным действиям. В то же время нет оснований, например, относить к суицидальным действиям умышленное членовредительство или аутоагрессивные акты людей, находящихся в состоянии психоза.
В современной литературе, особенно западной, широко распространены понятия «аутодеструктивного», или «саморазрушительного», поведения. А.Г. Амбрумова не без основания считает, что существует ряд взаимопереходящих форм саморазрушительного поведения, крайней точкой которого является суицид.