Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 18:47, реферат
1. Темперамент туралы түсінік
2. Темперамент туралы теориялар
3. Темпераменнтің психологиялық сипаттамасы
Сангвиник
Жоспар
1. Темперамент туралы түсінік
2. Темперамент туралы теориялар
3. Темпераменнтің психологиялық
сипаттамасы
1. Темперамент жөнінде
түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми
ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған
деген қызығушылықтың төркіні – адамдар
бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр
адамның,баланың жан дүниесі өз алдына
бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір
жағынан, адам тәнінің биологиялық және
физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты
болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар
мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент
адамның биологиялық сипатынан көрінеді.
Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы,
ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы
темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент
мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты
көзқарастардың көпшілігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент
– жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи
ірге тасы. Темперамент көбіне адамға
тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психикалық
құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,
өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай
ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері
бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар
негізінде түрлі темпераменттің белгілі
құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент
– адамның психикалық әрекетінің нақты
динамикасын айқындайтын психиканың дара
қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық
ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде
оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына
тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген
шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста
темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент
түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың
әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына
ие, сондықтан басты назар темпераментті
реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс
- әрекетте оның тиімді жақтарын саналы
әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын
табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден
– ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін
айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған
аз санды саналық бейнелер бірігін психология
тарихында алғашқыдан темперамент типтері
деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік
жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан
өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып,
нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі
темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға
болады.
2. Темперамент туралы
теориялар.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге
тасын қалаған ежелгі грек дәрігері –
Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар
төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш,
өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.
Осы психологиялық тағылымды арқау ете
отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий
Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне
ғылымдық сипат берді. Гален темперамент
түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің
басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент
атауларын белгіледі: сангвиник (sangius –
қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик(
chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран).
Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі
жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар
ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер
адамдардың дене құрылымы және физиологиялық
қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін
көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап,
ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай
темпераменттің көп түрлі типологиясы
қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай
тип – адамның дене құрылымына байланысты
дараланып, тума темперамент қасиеттеріне
негізделген – конституциялық типология
(Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам
өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық
ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің
сырттай өлшемдеріне байланысты төрт
конституционалды психикалық тип белгіленген:
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар
иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта
бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған,
денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы,
кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл
адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология
теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер.
Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын
тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған
У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті
әртүрлі, соған байланысты адамдар да
әртүрлі.
3. Темпераменттердің
психологиялық сипаттамасы.
Сангвиник.
Сангвиник (лат. sanguinis — қан) — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын
термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық
қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп
тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді.
Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген
нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі
оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең
етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып
кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді.
Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен
сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды.
Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті
тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы
қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі,
мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық
келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл
табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша
мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі,
талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып
қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай,
жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр
уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа
бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі
болып, іс үстінде лезде суыйды.[
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш
оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу,
жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып
кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив
арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен
тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды,
кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу
үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде
олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер
оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне
сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген
материалды тез қабылдайды, жеңіл есте
сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және
оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда
оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды.
Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде,
оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және
қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі
ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда,
жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник
жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық
байқалады. Осындайда олар кейде оқуға
жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің
өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді
болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз,
жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп
сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық
жағдайларға мән беріп отырады. Достарының
арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген
қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа
ортаға тез бейімделеді. Егер берілген
жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы
оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр,
ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер
математика сабағында есеп беріле сала
сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы
қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс
шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Қорытынды
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын
өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей
темпераментке байланысты. Темперамент
психикалық процестердің желісінде көріне
отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту
жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі
мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын
айқындап береді.
Темперементтерді тәрбиелеуде баланың
ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім
эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға
жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі
ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент
тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы,
Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.
2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы,
2004.- 377 б.
3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы,
2004
4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001
Информация о работе Темпераменнтің психологиялық сипаттамасы