Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 17:54, реферат

Описание

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлім:
1. Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы
2. Адам өміріндегі түйсіктің рөлі
3. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары мен түрлері
ІІ. Қорытынды:
ІІ. Қолданылған әдебиеттер:

Работа состоит из  1 файл

туйсик реферат.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

 

 

Кіріспе

 

І. Негізгі  бөлім:

  1. Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы
  2. Адам өміріндегі түйсіктің рөлі
  3. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары мен түрлері

 

ІІ. Қорытынды:

ІІ. Қолданылған  әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Түйсік  туралы  жалпы  ұғым

Материялық дүниедегі заттар  мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің  сезім мүшелерімізге   әсер  етіп,  оның миымызда бейнелеуін түйсік  деп атайды. Түйсік  - біздің айналамызда,  ішкі  жан дүниемізде не  болып жатқанын  хабарлап  отыратын  қарапайым  психикалық процесс, осы  процестің  арқасында  біз  ортаны  бағдарлай, соның   жағдайына  қарай  қимыл жасауға   тырысамыз. Түйсік  себепсіз  тумайды. Оның  себепшісі  - адам айналасындағы реалдық  шындық. Сол  шындықтың  адам  сезімдеріне әсер  етуіне  байланысты  ғана  ми  бейнелеуінен барып  түйсік  туады. Былайша  айтсақ,  түйсік-сыртқы әсердің  сана  фактісіне   айналуы.  Біздің  қоршап  тұрған  дүниеде  заттар  мен  құбылыстар шексіз  көп  кездеседі. Ал  олардың  өзіне  тән қасиеттері  мен  сипаттары  болады. Белгілі  зат не  құбылыс  адамға бетпе-бет  кездесіп  әсер  етсе  ғана   түйсік   туғыза алады.  Кездеспеген  зат пен  құбылыс   адамға   әсер   ете  де  алмайды,  түйсік  туғызуы да мүмкін емес.  Тегі, дүние  танудың   алғашқы   табалдырығы- осы түйсік.

 

1. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы.

 
           Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. 
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүріп бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің 
сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.

 

  1. Адам өміріндегі түйсіктің рөлі

 

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. 
      Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақ-тығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер   жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.

        Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт. 
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың әуелде ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз байланыстылығында.

 

3. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары мен түрлері

 
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары:

Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары ХІХ ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген.

 
А. Сезгіштік  және табалдырық:

Психологияда адамның  түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. 
Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. 

1). Абсолюттік  сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді.      Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумаққа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.

2). Айырма сезгіштік деп - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бұл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.

 
Ә. Адаптация:

 
        Адаптация - сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отыратын құбылысты айтамыз.

 
         Адаптация кұбылысы адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бұл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері өте күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз еріксіз жұмылады.

          Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығыдақатысады. 
          Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады.

          Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. 
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады. 
         Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, горчица мен нашатыр иісіне адаптациялану тезірек болады.

Ауырсыну түйсіктеріндегі  адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жұмысының бұзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация құбылысы үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализаторлардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.   
                                   Б. Түйсіктердің өзара байланысы:

Сенсибилизация. Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.  
           Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.

 
              В. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген. 
      Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (кышкыл нәрсе) көру сезгіштігін арттырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тәтті болып көрінеді? Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сұр тік бұрыш айналасын қара түске бояған сұр тік бұрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сұр тік бұрыштың айналасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді.

     Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі.  Жүйке процестерінің өзара индукция зандылығьмен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі.

 

 

Г. Синестезия: 
          Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мұндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылыкты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді.

       Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.

 
                                   Ғ. Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес):

 
              Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса (көзді жұмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізін айқын көре алады.  

 
Түйсіктердің  түрлері:

 
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады:

1.   Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктеріжатады. 
         2.  Ішкі    мүшелеріміздің    күйін    бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын     интероцептор   деп атайды.

 
           3.  Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады.

Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік:

 
А. Көру туйсіктері:

 

Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз.

         Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады.  

      Спектрге  қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.

 
       Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сұр түстері) болып екіге бөлінеді. 
        Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады.  
         Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болыптабылады. 
         Түстердің өңі дегеніміз - бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.

Информация о работе Түйсіктің дамуы мен қалыптасуы