Трбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 08:20, реферат

Описание

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Тәрбие жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі
II. Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері
III. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

жплпец реферат тәрбие.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

   Қасиеттер, дегеніміз, қабілеттің табиғи сілтемелері және олар қалыптасу мен даму процессіне әсер етеді. Қалыпты жағдайда қасиеттер адам қабілетінің қалыптасуына әрекет етеді, олардың дамуын жеңілдетеді.

   Танымал психолог А.В. Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан оған даму қажет. Мұны Петровский бойынша түсіндірсек, топыраққа тасталған дәннен масақ өсіп шығу үшін мынандай жағдайлар қажет: ылғалдылық, қалыпты температура және т.б. Сол сияқты адамның қасиеті бар, соны дамыту үшін жағдай жасалуы қажет. Өмірде, тамаша қасиеттері бар адамдардың өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жетістіктерге жете алмай қалғандардың мысалы жетерлік.

    Балалардың өздерінің қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар. Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында балаларға белгілі қоғамдық тәжірбие беріледі. Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, балалар сана операцияларын меңгереді және өзінің сана қабілеттерін дамытады. Бастауыш сыныптағы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысы оқушылардың жеке адам болып қалыптасуының алғы шарты.

   А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. Олардың пікірінше, Пиаже бала туғаннан бастап адамдар ұжымына мүше болып, қоршаған адамдармен қатынасқа түсу дерегін есепке алмаған. Жалпы Пиаже «әлеуметтендіру» үрдісін қате түсінген. Оның ойынша «әлеуметтендіру» - бала санасының басқа саналармен қарым-қатынасы, ал қоғам – қоғамдық санамен сипатталады (Францияның әлеуметтік мектептерінің көзқарасы). Сонымен қатар, бала ойлауының дамуын, баланың әлеуметтік тәжірибесін есепке алмай, объектілермен қарапайым манипуляциялау дей келе, баланың алғашқы заттық әрекеті ересектермен қарым-қатынас жағдайында (ересек адамдар заттың әлеуметтік қызметіне қарай бала әрекетін ұйымдастырады) жүзеге асатындығын ескермеген. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

1. Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 стр.

2. Подласый И.П. Педагогика. В 2-х кн. Кн.1. -М., 2002. 573 стр.

3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана, 1998

4. Интернет  желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

             



Информация о работе Трбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері