Ғылым жүйесіндегі психологияның орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:44, практическая работа

Описание

1.Ғылым жүйесіндегі психологияның орны
2.Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметі
3. Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы

Работа состоит из  1 файл

Тәжірбиелік сабақ 1.docx

— 13.97 Кб (Скачать документ)

Тәжірбиелік сабақ  № 1

Ғылым жүйесіндегі  психологияның орны.

 

1.Ғылым жүйесіндегі психологияның орны

2.Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметі

3. Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, «Дарын», 2003.

2.Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.

3.Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы, «Эверо», 2004.

 

Психологиялық мәліметтердің  басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін  қаншалықты шамада қолдануға құзырлы  екені, психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің  даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің  жалпы философиялық бағытын айқын  көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы  білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі  орнын, психология сияқты өзгерткен  емес.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі  бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің  объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып  саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев  психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл  мәселені толығымен өңдеді

XIX ғасырдың екінші жартысынан  басталған, психологияның жеке  ғылымға айналуына, оның табиғи  біліммен бірлесуі себеп болды. 

Психологияның қоғамдық ғылымдармен  байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық  мәселелердің пайда болуына әкеледі.

Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу  әдістерін сақтайтынын естен  шығармау керек. Барлық арнайы психологиялық  пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелерді  эксперименттік және теориялық түрде  өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің  зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.

  Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптарының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда психология теориясы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнеркәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы жэне т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.


Информация о работе Ғылым жүйесіндегі психологияның орны