Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:30, реферат
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді.
Зейінділіктің қалыптасуы
Зейін өздігінен
жеке-дара психикалық процесс те, жеке
адамның қасиеті де болып саналмайды.
Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі
іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей
қатысты болып, оның қызығуын, бағытын
көрсетеді.Зейін-кез-келген психикалық
процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол
адам іс-әрекетініңсапалы әрі нәтижелі
болуын жәрдемдеседі.Зейін дегеніміз-сананың
белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның
айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны
белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және
шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін
білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті
ретінде зейін адамның еңбек процесінде
қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау.
Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның
өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы
мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизімі өте
күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр
түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.Сезгіш
дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында
орналасқан ретикулярлық формациялар
деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық
ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші,
төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір
импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін
күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп
отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы
реттеледі.
Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып,
тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы психикалық
әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан(ми қабығынан)төменгі
ми алаптарына (ми бағанасы т.б) келіп,
оларды өзін бағындырады.Бұл төмендеуші
ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960жж
АҚШ оқымыстысы Г.Мэгун,Италия ғалымы
Моруций импульстардың төменен жоғары
ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына
әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді.
Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Зейін механизімі мидың ректорлық қызметіне,
жануарлардың И.П Павлов ашқан шартсыз
рефлексіндегі «Бұл не?» деген таңдану
рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің
биологиялық мәні жануарлардың қоршаған
ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргіштерке
жауап беруі болып табылады.Адамдағы аңғару
рефлексі-туа біткен қасиет, одан зейіннің
сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстылығы
айқын көрінеді.Зейіннің физиологиялық
негізін қозудың оптималдық ошағы деп
аталатын физиологиялық құбылыспен де
түсіндіруге болады.Миға көптеген тітіркендіргіштер
бір мезгілде әсер етеді.Солардың әсерінен
ми жарты шарларының қабығында күштері
әр түрлі қозу ошақтары пайда болады.Қозудың
оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің
өзгеруі не олардың ми қабының бір ғана
бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік
индукция заңына орай бір жерден екінші
жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде
мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық
ошағының жасалу заңдарына сүйенеді.Мәселен,
«Балалар, дұрыстап отырындар, қане, қолдарыңды
партаға қойып, маған қарандаршы!» деу
арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың
зейінін негізгі объектіге аударады.
Әйгілі физиолог ғалым А.А Ухтомский (1875-1942ж)
ми қызметінің күшейіп, өзге алаптардаң
қызметіне үстемдік етеді.Сөйтіп жаңадан
пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана
қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке
жұмысын күшейте түседі. Даминанта принципі
зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып,
басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын
жағдайын түсінуге мүмкіндік береді.Зейіннің
шоғырлануын адамның белгілі бір іске
ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге
болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның
сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам
бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс
тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге
қарай бағытталады.
К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде
зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп,
«зейін адам санасы арқылы қорытылатын
және одан өтетін барлық ойды аңғаратын
адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады» - деген болатын. Оның бұл пікірі
жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда,
дидактикалық зерттеулерде күні-бүгінге
дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.
Адамның
зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық,ойдың
айқындығы, сезім көрнеуі және ерік
күшінің әсерімен ойдағыдай орындап
шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену
шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін
басым болады. Зейінділік күй-адамның
мүдделі ісі мен қажетті
Адамды мінез сипатына қарай зейінді,зейінсіз,
алаңғасар деп қарастырамыз.Іс-әрекет
кезінде зейіннің белгілі бір түрілері
қосарланып,зейінділікті тудырады. Еркі
күшті,алдына қойған мақсаты айқын,соған
жетуіге талпынушы кісіге ырықты және
үйреншікті зейін тән. Бұл жағдайда зейіннің
ауысуы шабандығы,бөлінуінің нашарлығы
сияты кемшілікткр байқала қоймайды.
Зейінсіздік - бір нәрсеге ден қоя алмай,үстірт
пікір айту,өзге адамның жан дүниесін
байқай алмау. Жігерсіздік білім саясыздығы,мейірімсіздік
сияқты ерекшеліктер басқа адамдардың
тағдарымен санаспайтын немқұрайдылақты
туғызады. Адам бір нәрсеге ықыласты, ал
өзге сәрсеге ықыласты,ал өзге нәрсеге
ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдардың
нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді.
Ой талғымның дәлдігі,қолға алған істі
аяғыны дейін бітіру,адамның жан дүниесінің
босаңдығы, табансыздық көрсету,ұшқалақ
мінез-бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарын
білдіретін қасиет-ерекшеліктер. Зейіннің
саналы әрекетпен,адамның мінез-құлқымен,темперамент
ерекшеліктерімен байланысты еккендігі
адам пихикасысының кез келген ерекшелігінен
анық аңғарылып тұрады.
Осы ерекшеліктері мен сипаттарына орай
зейін адамның психологиялық құрылымында
айрықша орын алып, оның іс-әрекет түрлерінде,
бағыт бағдарында айқын көрініс береді.
Біз сізбен түйіндегенде, зейін-адамның
саналы әрекетінің, жалпы психикалық дүниесінің
есігі деуге болады.
Адам өміріндегі зейін ретикулярлы формациялы
іс-әрекетпен байланысты мидың жалпы белсенділігімен
сипатталады. Ми әрекеті зейінді әр-түрлі
деңгейде қамтамасыз ететін 5 деңгей немесе
кезеңге бөлінеді.