Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:13, реферат
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жәые психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыспедагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақды тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар»1— деп жазды.
Жас ерекшелік психологиясы.
Педагогикалық
және жас ерекшелігі
Бала психикасының даму және оны окыту процесін бақы-лау эмперикалық материалдарының жинақталуы және коры-тылуымен катар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксцерименттік зерт- теу балалар мен жеткіншектердің исихикалық. дамуына объек-тивті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыиы педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, пен фңзиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарьш немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс психологы П. Ф. Қаптеревтің америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Бірақ көп кешікпей түңілушілік басталды. Ол кезеңдегі жалпы психология педагогиканың қажеттілігіне жарайтын мардымсыз ғана білім қорын бере алатын. Оның үстіне психологтардан тапқан кейбір деректері педагогтарды қателестіруге дейін апаратын. Мәселен, Эббингауздың мағыңасыз буындарды есте сақтауда қүрылған есті зерттеуі үнемі тек мағыналы материалды есте қалдырумен шұғылданатын мүғалімдердің бай тәжірибелеріне көп жағдайда қайшы келетін қорытындыларға алып келді. Бұл жағынан алғанда Россиядағы педагогикалық съездердің тарихы көп жайды білдіреді. 1906 жылы Петербургте педагогикалық психология жөнінде I съезд шақырылды. Педагогикалық психологияның өкілдері А. П. Нечаев, Н. Е. Румянцее т. б. сол кездегі әдебиетті өткір сынға алды. А. П. Нечаев педагогикалық әдебиеттің «бос өзділігі» және «дәлелсіз пікірлері» жаңа шын мәнінде негізделген педагогика үшін мықты іргетас бола алмайды деп есептеді. А. П. Нечаевтің көзқарасы бойынша, дидактика мен методиканың барлық даулы мәселелері эксперименттік-психолоғиялық зерттеу саласына, яғни құбылысты дәл тіркеп, нәтижелерін математикалық талдаудан еткізе алатын зерттеуге жатады. Алайда тексере келгенде құбылыстарды бүлай дәл тіркеу тахистоскопты пайдалана білуге және ассоциативтік эксперимент жасай білуге, яғни жалпы психологияныд кейбір әдістеріне сүйенуге тырысуға келіп саяды.
Педагогиканы
жалпы психологиямен
Педагогикалык психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада психологияны педагогикалық практикамен жақындастыру (ал бұл мәселені қоя білуде А. П. Нечаевтың сөзсіз еңбегі бар) тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкі. Эксперименттік деректер психологиялық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінін нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін жас ерекшелігі психологи теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдеріи табу қажет болды. Бұл жерде оқыту процесіне катысы бар психикалық дамудың қайнар көздері дегең проблема алдыңғы орынға шықты.
Жас ерекшелігі психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
XX ғасырдың басында жас ерекшелігі психологиясы саласыыда балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқыідалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері даму-дың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, мұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды. Бұл екі бағыт та 30-жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, ба-ланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіңу тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым куалаушылық фактор айкындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөз-сіз түрде тұқым қуалаушылықпең анықталады, ал орта — бойында көптеген мүмкіндіқтері бар икемді тұқым куалаушылық-пен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
Психикалық дамуда биологияшылдарға тән тұқым куалаушылық факторларды артық бағалауы, олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға еруі толық айқындап беріледі. Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз XIX ғасыр-да Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын (онтогеиез филогенездіц қысқара қайталануы) жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті. Кұрсақтағы тіршілігі кезеңде адам ұрығы бір клеткалы жанды заттан адамға дейінгі бүкіл даму сатысын қайталайтыны тәрізді, бала адамзат тарихының негізгі кезеңдерін жаңғыртып шығады. Биологиялык күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Мәселен, бала басынан өткізеді-міс деген бес кезең: тағылық кезең, бақташылық кезең, егіншілік кезең, сауда-өндірістік кезең бөліп алынды. Мұндай кезеңге бөлуге сәйкес, бала тағы болып туып, біртіндеп дамудың барлық сатысынан өтеді де, соңғы сатыда ақшаға, саудаға, айырбасқа сөзсіз ынта білдіреді, яғни капиталистік қоғам мұраттарына толық сай болады.
Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңының негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ол сыртқы фактор ретінде қайсыбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің керіну процесін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды. Биогенетикалық заңнан кертартпа педагогикалық қорытындылар шығарылды. Бала дамуының табиғи барысына араласу жіберуге болмайтын қателік ретінде қаралды. Биогенетизм «еркін тәрбие» деген психологиялык негізіне айналды.
Психологиядағы биогенетикалық бағыттың диалектикаға қарсы, механистік сипатын совет психологтары 30-жылдардың басында жете түсінеді.
Психологиядағы социогенетикалық бағыттың да қателігі аз болған жоқ. Айырмашылығы бар сияқты болып көрінгенімен бул теориялар бір-біріне көп жағынан жақындасып жатады. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті: коршаған орта кандай болса, адамның түптеп келгендегі жеке басы, оның мінез-құлықтарының меха-низмі, даму жолдары (бұл әуел баеган және мүлдем тікелей ортада беріледі) сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер тәрізді барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсенділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеу-меттік орта жағдайында көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмүны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды. Даму мәселесіне механистік қатынас, жеке адамның өз белсенділігін, оның қалыптасуының диалейтикалық кайшылықтарын елемеу — педагогикалық психологиядағы .социогенетикалық бағыттың анық идеялық ақаулары осылар. Психологиядағы биогенетикалық және социогенетикалық ағымдар 30-жылдардың өзінде-ақ советтік психологиялық ғылымның сын объектілеріне ойсалады.
Биогенетиктер де, социогенетиктер де баланың психикалық дамуының қайнар көздері мен механизмдері жөніндегі дұрыс түсінік бере алмады. Бұл міндетті жүзеге асыруға аталған арнайы пәннің де қабілеті жетпеді.
. Психологияға эволюциялық
идеялардыц енуіне байланысты X
20—30-жылдарда психология саласында қазіргі психологияның табиғи құрамына енген мол зерттеушілік мағлұматы бар орасан көп ғылыми жұмыстар жасалды. Дәл осы кезде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған көптеген психологиялық концепциялар қалыптасады. Олардың ғылыми қүндылығы қазіргі кезде, қай кездегіден де, айқынырақ және нақтырақ ұғынылып отыр. Осыған байланысты баланың жеке басы және балалар коллективі жөнінде Д. С. Макаренко тұжырымдаған көзқарастар жүйесі (кейін ол жүйе жеке адам мен коллективтің даму проблемаларына арналған бірқатар психологиялык зерттеулердің қанат жаюына негіз болды) және Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы аталуы тиіс.
Бала және онын дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30-жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А. С. Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте калыптастыру женіндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А. С. Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық.-тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбне беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Жеке адам
психологиясының түйінді
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Жас өсперемдер психологиясы.
2.Мектепке дейінгі бала анотомиясы.-Алматы,2001.