Автор работы: f***********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 08:37, доклад
Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлап еніп, өзінің көкейкестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсуде. Осыдан суицид дегеніміз не? деген сұрақ туындайды. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол жұмсау» деген мағыны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. «Өз-өзіне қол салу қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 милиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Өзіне-өзі қол салу әрекеті дегеніміз – саналы түрде өз өмірін қандай да жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Аяқталған суицид деп - өлімге әкеліп соққан әрекетті айтады.
ЖАСӨПІРІМДЕР
АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТТІК МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ
ЖОЛДАРЫ.
В.М. АЯЗБАЕВА
Павлодар
облысы, Ақсу қаласының № 2 жалпы
орта білім беру мектебінің психологі
Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлап еніп, өзінің көкейкестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсуде. Осыдан суицид дегеніміз не? деген сұрақ туындайды. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол жұмсау» деген мағыны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. «Өз-өзіне қол салу қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады. Жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 милиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Өзіне-өзі қол салу әрекеті дегеніміз – саналы түрде өз өмірін қандай да жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Аяқталған суицид деп - өлімге әкеліп соққан әрекетті айтады.
Өзіне -өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: нағыз, демонстративтік және жасырын.
Нағыз суицид – қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.
Демонстративтік суицид - өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың, басқаларды қорқытудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады.
Жасырын суицид- өзіне-өзі қол салу мінез-құлықтың бір түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады.
Адамдардың өз-өзін құрбан етуіне әр-түрлі жағдайлар себеп болады. Кейбір жағдайларда өз-өзіне қол жұмсаушының не себептен осы әрекетке барғаны жұмбақ күйінде қалады. Өз-өзіне қол жұмсаушылар әйелдерден гөрі ер адамдар арасында жиі кездеседі, бірақ әйелдер өлуге екі-үш есе көп әрекет жасайды. Өз-өзіне қол салу бұрын егде жастағы адамдар жиі болса, қазір жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық қиын күй кешулері-көптеген жағдайларда өздеріне қол жұмсауға, өміріне нұқсан келтіруіне, суицидтік мінез-әрекетке алып келуі жиі кездесетін құбылыс. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда «өзін -өзі ұстау және бағыттау стратегияларын» білмейді. Жас ерекшелік психологияларына сәйкес қиын жағдайды балалар көбіне ауыр көтереді. Психологиялық күйзелістері мен дағдарыстары оларды өмірден түңілдіріп, өздеріне қол жұмсауға алып келуі мүмкін. Жалпы суицидтке ұшырағандардың орташа жас шамасы 14-17 жас аралығында. Баланың жан дүниесіне шынымен мән берсек, оның бұзылуының себебі түрлі-түрлі екенін білер едік. Суицидтік мінез-құлық жасөспірімдердің өтпелі кезеңде көп жағдайда демонстративті сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауға апаратын факторларды қарастырайық.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері :
Өз жұмыстарын ретке келтіру.
Құнды заттарын тарату, буып-тую. Бала бұрын ұқыпсыз, салақ болса да, күтпеген жерден барлық нәрсесін реттей бастайды.
Қоштасу
Кездескен жақындарына жасаған жақсылықтары, көмектері үшін алғыс айтып, ренжіткендерінен кешірім сұрайды.
Жазба түрде қоштасу
Қоштасу хаттарын жазу, күнделік жыртып тастау немесе тығып, жасырып жүру.
Көмекке шақыру
Бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі. Басқалардың көңіл бөлгенін қалау. Басқа адамдарға шамадан көп тәуелді болуы.Олардың көбі өлімнен қорқады. Құтқарып қалады деген өймен жасайды.
Болашаққа үмітсіздік
Жасөспірімге өмір мәнсіз көрінеді және болашаққа сенімі жоғалады. Өз өмірін өзгертуге дәрменсіздігін сезіп өмірден түңіледі.
Мәселенің көптігі
Жасөспірімдер үшін мәселенің шешімін таба алмауы, амалы таусылып тығырыққа тірелген кездерінде, мысалы: қылмыс жасағанда.
Біреуге жәбірлік жасау, қасірет келтіру әрекеті
Жақындарына өзінің орнын дәлелдегісі келгендегі іс-әрекеті. Мысалы:“Олар әлі өкінеді”, “Олар мен қайғы тауып беремін “ деген ойлар болады.
Жасөспірімдердің
психикасы өте нәзік, жаралы болып
келетіндіктен кішкентай
Мектептегі психологиялық қызмет мақсат-міндеттерінің бірі – оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, біз – психолог мамандар – келесі мәселеге аса көңіл аударуымыз қажет:
Оқушыларға психологиялық қызмет тарапынан келесі көмектер көрсетіледі, мұны «оқу үрдісіне психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» қызметі деп те атайды:
Бұл қызметте балалардың психологиялық денсаулығына байланысты келесі міндеттері анықталған:
Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын сақтау және тұлғалық дамуына көп әсерін тигізетін әдістің бір түрі психологиялық тренингтер жаттығулары. Тренинг жаттығулары оқушылардың өзара қарым- қатынасын нығайтуға, түрлі келеңсіз жағдайларды жеңе білуге, ұстамдылық пен ақылдылықты тануға, өзінің бойындағы қасиеттерді бағалай білуге, жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегі мол. Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын алдын алу мақсатында төмендегідей ойындарды өткізуге болады.
1. «Өзіңді ұстауды үйрен»
Мақсаты: Қиын балалардың бейімделуіне бөгеттерді азайту, олардың эмоциональды жағдайын және дене мүмкіндіктерін нығайту: теріс эмоциялардан құтылуға көмектесуге эмоциональдық сферасын, қатынас: еріктік сферасын, т.с.с.дамыту. Жаттығуларды күн тәртібінің сәттерінде, сергіту минуттарында және т.с.с. жағдайларда қолдану ұсынылады.
2. «Шеңбер бұзып кір»
Мақсаты: өзіне –өзі сенуге, жасқаншақтықты жеңе білуге, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу.
Құрбыларымен қарым –қатынас жасауда қиындық көретін балаларды жеке алып қалады. Қалғандары бір –бірінің қолынан қатты ұстап, шеңбер жасап тұрады. Бала қатты жүгіріп келіп, шеңберді бұзып кіруі керек.
3. «Айна»
Мақсаты: басқалардың сезімін түсінуге және сезінуді тәрбиелеу.
Балалар екіден бөлініп, бір –біріне қарама–қарсы тұрады да, бір –бірінің көзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса, екіншісі оны қайталайды. Тәрбиеші жест және мимика арқылы әр түрлі эмоциональды жағдайларды ұсынады (мұң, қуаныш, қорқыныш, ауыру, жек көру,т.с.с.)
4. «Өзіндік бағалау маршы»
Мақсаты: өзіне сенімділігін дамыту.
Балалар бірінің артынан бірі шеңбер бойымен, аяқтарын еденге қатты тірей отырып, жүреді. Тәрбиеші: (нық дауыспен) «Мен аяқ астындағы жерді сеземін, жер орнықты, қатты, мен батыл да, сенімді жүріп келемін». Балаларға әр қадам сайын демін ішке тартып, дауыстап «хо хо хо» (10-15 сек), одан соң қолымен кеудесін ұра отырып, демін шығарып,«я я я» (10-15 сек) ұсынылады. Соңында жай сабырлы жүріс (5-10 сек)
5. «Серіктесе отырып сурет салу»
Мақсаты: топқа тұлға аралық қатынастарды анықтау қатынас жасау қабілетін дамыту.
Балалар екі екіден бөлініп үстел басына отырады. Үстел үстіне тік сызықпен екі бөлікке бөлінген альбом парағына әр бала серігі жағындағы бөлікке сурет салады.
Жасөспірімдердің суицидттік мінез-құлықтың алдын алуға арналған ұсыныстар
1. Баланы тыңдаңыз!
Оны “Барлық нәрсе бірдей нашар емес”, “Мұның бәрі ұмытылып кетеді” немесе “Мұны істеуге болмайды” деген жалпыламай сөзбен жұбатып қана қоймай, сонымен қатар балаға өз ойын, көзқарасын айтуға мүмкіндік беріңіз. Баланы жақсы түсіну және зер салып тыңдаңыз
2. Талқылаңыз!
Оның келешек жоспарын және мәселелерін ашық талқылау және мазасыздығын, үрейін, қорқыныш жеңілдету ұшін ашық әңгіме құрудан қашпаңыз. Бала өз ойын ортаға салып, жан дүниесіндегі шешімін таппай жүрген мұңын сізге айтып жеңілдеп қалады
3. Зер салыңыз, көңіл аударыңыз!
Өз-өзіне қол жұмсау туралы қалжындап немесе қорқытып айтқан сөздерін байыппен қабылдаңыз. Жасөспірімдер көп уақыттарда бұл сөздерді шын көңілмен айтқанын мойындамай, керсінше тыңдаушысын үрей үшін мазақтауға тырысады немесе ашу білдіреді. Ал сіз жасөспірімге бұл сөздерді шыңдап қабылдағаныңызды түсіндіріңіз.
Жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктеріндегі
ауытқушылықтарды алдын алу жұмыстарын
жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір
адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап
талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы
ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене
отырып, коррекция жасаушы әрбір маман
ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін
түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық
өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс
қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары
қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне
көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер
мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік
қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен
тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы
қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық,
сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен
ұштастырыла жүзеге асырылғанда, жасөспірімдердің
мінез-құлқындағы ауытқушылықтарының
өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан
бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Намазбаев Ж.И. Психология, оқулық Алматы -2005
2. Сатиева Ш.С. Даму психологиясы, Семей-2007
3. Дастанқызы
Бақыт. Психологиялық
4. Мектептегі психология ғылыми- әдістемелік журнал, 2010 №4.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология, Алматы 1993
6. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы -2002
7. Педагогика
және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254
бет.
Информация о работе Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері