Жастардың киіну мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 08:55, магистерская работа

Описание

Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама.doc

— 45.00 Кб (Скачать документ)

       Жастардың киіну мәдениеті.

 
       Киімі айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

         Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей. Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Осыған байланысты пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Кім бір қауымға ұқсаса (еліктесе) ол – солардан» дейді. Яғни, осы дүниеде кім бір қауымға еліктесе, Қияметте ол солармен бірге тіріліп, солармен бірге болады. Бірақ жастарымыз, жастар ғана емес кейбір жасамыстарымыз да жаһанданудың «жемін» жеп, қағынан жерініп, ұлтсыздануға ұрынып, америкалануға аңсары ауып, батыстануға бүйректері бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» - жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрісті жезөкшелер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Ал қыздарымызды киіндіруден гөрі шешіндіруге көбірек қызмет ететін «киімдер» бұл күндері қала қыздарын қамтып қана қоймай, ауылдарды аралап кеткелі қашан?!.

       Жалпы адам баласында туа бітті ұят деген қасиеттің болатынын білеміз. Оның ақиқаттығына есі кірмеген баланың ұялғанын көргенде толық көзіміз жетеді. Есі кірген сайын ұят ұғымы санада сақталып, жүрекке жинақталып, адамның арлы болуына апаруы тиіс. Осы ұят деген қасиет адамды көптеген жаман қылықтарға жібермей ұстап тұратын тізгін сияқты. Бойында ұялу қасиеті жоқ адамды халқымыз «арсыз» деп қатты жазғырады. Ал пайғабарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір хадисінде: «Ұят пен иман егіз нәрсе, бірі кетсе екіншісі де жоқ болады» десе, басқа бір хадисте «Ұялмасаң қалағаныңды істе» дейді.

       Осы ұялудың бір көрінісі – адамның ұятты жерлерін жауып, дұрыс киініп жүруінен көрінеді. Ал шариғаттың шарты бойынша ұятты жер (ғаурат) еркектерде кіндік пен тізенің арасы болса, әйелдерде беті, қолының басы мен аяғының тобықтан төменгі бөлігінен басқа барлық денесі. Бұл ұятты жерді есі кіріп, балиғат жасына (12-13 жас) толғаннан бастап ешкімге көрсетуге болмайды. Тек үйленген соң некелі жарына ғана толық ашуға құқысы бар.

       Халқымызда «Ес біліп етегін жапты», «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген сияқты мақалдар бар. Бұл екі мақалдың өзінен халқымыздың ұлт болашағы болып табылатын келешек аналар – қыз баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөлгенін байқауға болады. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қызға қырық үйден тыю» деген мақалдардың өзі есті адамға талай нәрсені аңғартқандай. Ал қазіргі жастардың түсінігінде ұялу деген керегі жоқ, адамды артта қалуға, көп нәрседен құр қалуға душар ететін құбылыс. Ұяңдықты бейшаралық деп қабылдайтын жастардан болашақта ұлтжанды, иманды азамат күту қиындау сияқты. Дегенмен жастардың бәрі батыстың бастауынан сусындап жүр десек ақиқатқа қиянат жасаған болармыз.  

       Тәуелсіз байрағын көкке көтерген еліміздің бет алысы шүкір етерлік. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шетел мемлекеттерінен білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс - беріс, сауда - саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен сол жастарымыздың санасын шетел мәдени болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине бәрін қазақтан көре беру дұрыс емес, дегенмен еліктеу болмысымызда өте жақсы дамыған. Мысалға қазіргі қазақ жастарымызды қызықтыра жалықтыратын, арманы мен аңсарын олардың жүріс - тұрысы, іс - әрекеті, киім кию үлгісінен байқауға болады.

       Әр  елдің өзіндік этнографиялық  табиғатына қарай, елі мен жеріне сай киім үлгісі бар. Ұшқыр ойды ою – өрнекпен зерделеген ұлтымыздың киімі ол бір ғажайып дүние! Ол бөлек тақырып емес, алайда қазіргі  тәуелсіз қазақ елі жастарының келбеті толғандырады. Жастарымыздың күнделікті көшеге киетін, қызметтік не болмаса сәндік кешкі киімдерін алатын болсақ, қолдары кесілген, балақтары қиылған, алды – артында айқыш – ұйқыш әлемді суреттермен безендірілген, қазаққа жат шет тіліндегі жазулармен киім кию үлгісі үрдіске айналды. Оны түсінгенмен, жастар «Өзім білемге» салынып, көңіл аударғысы келмейді. Ол аздай - ақ, жыртылған не тозығы жеткен киім сияқты үлгідегі сәнді үстіне жапсырған қыздарымыз бір сәт ойланбастан сәнінен ұялмайтын болды. Ал шетелдік сән үлгісімен тіктірілген не төменгі жағының көбісі ашық, тіптен аса тым қысқа көйлектерді киген қыздарымыз өздерін әлемдік сән алаңында жүргендей басқаларына тәкаппарлық танытатын болды. Осы қаншалықты дұрыс, дін – динаятымызға сыйымды ма, осыған жауап іздеп көрейік.

         Қазағымыз «Ағаш көркі - жапырақ,  адам көркі - шүберек» деген.  Бүгінде ағаштан жапырақ кетпегенмен  жастарымыздың үстінен шүберек  кетуде. Қазақтың сәнінде көзге  іліп аларлық салтанат қалмады. Матасы жетпегендей денесіне жабысқан, тыртысқан тар көйлек, жалбыраған шаш, жез тырнақ, қызыл ерін, опаланған бет, ұзын аяқ пен жыртық санды шалбарлар, қысқа шортылар қазақ өмірінің сахнасынан орын алған. Ал «Нағыз қазақ» ұлттық бейнесін жоғалтқандай. Анасының алдында кіндігін көрсеткен қыз, әкесінің қасында қысқа шорты киген ұзын сирақты бала, енесінің алдына төсін көлденең тарта ашқан келіні, атасының алдында шашын жайған кенсап! 
Тіпті киімнің түс – реңіне қарамай ашық қызыл, алыстан шарқ ұрған сары түсті киіммен елден ерекшеленеді. Мұндайды ислам «Әдепсіздік!» деп бағалайды. Әсіресе жасы егде тартқан әжелік жасқа жеткен аналарымыз қыздарын тыймастан өздері шашын шошайта бұйралап, бетіне әр түрлі майлар жағып, еріндерін қызарта бояп, тырнақ өсіргендері ешқандай қағидаға сыймайды.Шетелдің қызықтыра жаққан алау оттарының бірі біздің жастарымызды да шарпып өтті. Құлақты бірнеше жерден, тіл, иек асты, мұрын, кіндік, қабақты тестіріп, жылтыр да сан түрлі темір-терсекті іліп тағу етек алды. Бұл Үнді қыздарына еліктегені десең де, қазақ қыздары мен ұлдарына тән іс пе?! Жеткіншек ұл - қызымыздың толықсыған шағында үнемі қасында болып, көзімізбен ісін бақылап, тура жолға салуға бар күш – жігерімізбен кірісу – Алланың ақ жолы үшін күрес. «Театр киім ілгіштен басталатын» болса, оқушының алдына баратын мұғалімнің де киім киісі, жүрісі, сөйлеу мәдениеті биік деңгейде болуы шарт. Неге десеңіз, оған әлі оң-солын танып үлгермеген, өмірден нақты түйін жасауға қабілеті әлсіз 60-70 жанар қадалады. Ал, әйел мұғалімдеріміздің киім кию мәдениеті нендей күйде? Жасы да, қартамышы да тырсылдаған шалбарды кептеп отырып киіп алады. Әлгі тар шалбармен оқушыға сыртын беріп тұрып тақтаға жазу жазады, еңкейеді, шалқаяды дегендей. Мүсінді жас мұғалималар өз келбетін, өз артықшылығын жарнамалағысы-ақ келсін делік, ал, толысқан, артық-ауыс, бөлек-салақ еттері мол әйелдерге не жорық?!

       Оқушылардың формасы. 

       Мектеп  оқушыларының формасы ыңғайлы, таза табиғи матадан тігілген, өзіне жарасымды болуы қажет. Қазіргі кезде мектеп формасы болмаса, мұғалім мен оқушыны айыру қиынға соғады.

       Мектеп  оқушыларының жазғы демалысында  ата-ананың бас ауыртар мәселесінің  бірі – мектеп формасы. Әр ата-ана  қалтасына қарай киім іздеп, дүкен, базарларды шарлап кетеді. Фирмалық дүкендер бутиктерінде мектеп киімінің бағасы қымбат. Формалар базарда 5-6 мың теңге екен. Келісіп, сәл түсіруге болады.

       Дегенімен, барлық мектептерде «Сымбат» сән  академиясының формасын алуды ұсынып отыр. «Сымбаттың» бір киімі 9-10 мың  теңге.  
«Сымбат» сән академиясы елімізде 1947 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2005 жылдан мектеп формасының 45 түрлі үлгісін шығарды.

       Балалардың  көңілінен шығатын әдемі формалардың  бағасымен көптеген ана-аналар келіспей отыр. Себебі де түсінікті.

       Форманың  әмбебап базары бағасынан қымбат болу себебі неде? 
Бір қараған адамға форманы тігу түк емес сияқты. Соған қарамастан, форманы тігетін құрал-саймандардың 22 түрін Оңтүстік Кореядан алады. Сол себепті, бір баланың формасын тігу қымбатқа түсіп отыр. Соңғы үлгідегі форманың жағасына домбыра, қобыздың суреттері кестеленіп салынған.

       Форманың  базар киімінен айырмашылығы қандай?

       Киім  үлгісін таңдауда қателеспеген жөн. Сән академиясы форма тігетін  матаны арнайы СЭС (санитарлық-эпидемиялогиялық станса) тексеруінен өткізеді. Ал, арзан  деген базар формасының матасы қайдан алынады? Тазалығы қандай, оған кепілдеме жоқ.

       Сән академиясының филиалдары көбеюде. Бірақ ондағы форма бағасы 10 мыңнан асып жығылады екен. 
балалар сапалы, әдемі, тігілген киімге қарай жүгіреді. Ал, таңдау ата-ананың еркінде. Өйткені, бағаны қалта билейді. Мектепке қажет тауарлар бағасы қымбат. Ата-ананың 60-70 пайызының жағдайы төмен. Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі тарапынан неге баға реттелмейді деген реніш те айтылуда. Өйткені, орташа есеппен бір баланы оқу жылы бойына оқытуға 400 АҚШ долларына дейін жұмсалады екен.

       Әр  облыстың, қаланың, ауданнң, ауылдын  оздерине тән мектеп формалары бар. Олардын бағалырыда әрқалай. Кейбір мектептерде ата-аналардың алдын  ала алып қойған киімдерін жеке-жеке көріп, қайсібірін жарамсыз деп танып, оны киюге рұқсат брмеген.  Мұндай жағдайда ата-аналар мектеп қызметкерлерінің ұсынып отырған киімдерін алуға мәжүбір болған. Ал олардың 3500-3700 деп сатып отырған мектеп формалары базарда 2500-2800 теңге тұрады. Ол "мектепте 600 оқушы бар екендігін, ал әрбір оқушыдан 1000 теңгеге дейін пайда түссе, барлығы 600 000 теңге түсетіндігін" атап өтті.

Информация о работе Жастардың киіну мәдениеті