Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық зерттеу тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 16:50, реферат

Описание

Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.

Работа состоит из  1 файл

Психодиагностика1.doc

— 63.00 Кб (Скачать документ)

    Психофизиологиялық  зерттеудің хаттамасын деректі рәсімдеп, құжаттау барысында тұлғаның төмендегідей сапа-қасиеттері көрсетіледі.

    1. Белсенділік, жігерлілік, мақсаттылық деңгейі, мақсатқа жетудегі табандылығы.

    2. Көңіл-күй қозғыштығы және күйзелістерге төзімділігі.

    3. Көңіл-күй көріністерін және мінез-құлқын бақылау пәрсенділігі, өзіне өзі сын көзімен қарауы.

    4. Жетекші өмірлік ұстанымдары немесе өмірлік девизі.

    5. Ерік сапалары: шешімділік, ұстамдылық, өзін өзі басқаруы, есейгендігі.

    6. Мінезіндегі менмендік, тәкапапарлық, өзін өзі шектен тыс жоғары бағлаушылық, өзгелердің мәселелеріне немқұрайды қараушылық т.б. осы сияқты сапалары.

    7. Ашықтығы: ресми және бейресми. Іскерлік, көңіл-күйлік негізде байланыстар орнату қабілеті, тіл табысқыштығы, қарым-қатынастарды жалғастырып дамытуы. Әлеуметтік бейімделу қабілеті, жетекшіліке, көзге түсуге ұмтылуы.

    8. Жанашырлығы: өзге адамдарды және олардың әрекеттерінің себебін түсіне және қабылдай білуі, өзгелерді тыңдай алуы.

    9. Зейінінің, еске сақтау қабілетінің, ойлауының, соның ішінде ақыл-ойының даму дәрежесі.

    Тұлғаның қасиеттерін анықтауда оның белсенділігі, жігерлілік әлеуеті, ақпаратты қисындық тұрғыдан өңдеу қабілеті, тіл табысқыштығы, адамдарды түсіне білуі батылдығы, шешімділігі, көңіл-күй тұрақтылығы сияқты сапаларының деңгейі әрқашан үлкен орын алады.

    Тұлғаның ерік сапаларының, зейінінің, еске сақтау қабілетінің жоғары болуы мен оның түрлі жағдайларға тез бейімделуі және бұл сапаларын дамытылуы көп жағдайда кеңестелетін сапаларға жатады.

    Сонымен қатар жедел-техникалық қызмет жағдайды мұқият бақылауды, жоғары жауапкершілікті сезінуді, жұмыс қабілеттілікті, орындаушылық сапаларды талап етеді.

    Психологиялық қорытындының негізінде тұлғаның негізгі сапалары анықталады. Психофизиологиялық куәландыру қорытындыларында адамның әлеуметтік ортадағы ортадағы тіршіліндегі мүмкін мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге айрықша пайдалануға болатын жеке сапалары көрсетіледі. Сондай-ақ жүйке жүйесінің әлсіздігі мен қозғыштығы, психикалық сипатының тұрақсыздығы мен ауытқушылығы, ақыл-ой дамуының төмендігі сияқты сапалары болғандықтан жарамсыздығының себептері көрсетіледі.

Информация о работе Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық зерттеу тәсілдері