Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:35, практическая работа
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін
еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке баулу
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік
кезеңнің шектері шамамен орта мектептің
V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан
14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы
ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс",
"қиын", "сыналатын" кезең
деген атауларында бейнеленген.
Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба
жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының
аса маңызды факторы -оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол
белгілі бір үлгілер мен
Жеткіншектер дамуындағы
ерекшеліктер әр түрлі теорияларға
негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында
балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы
ересектерге ұқсамайды. Олар көп
ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып
тентектіктер жасайды, әлі де бала бола
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты жаңа құрылым
өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін
" - деген түсініктің пайда болып,
өзіне жұрттың осы-лай деп
Мектеп пен оқу
Жеткіншектік шақ - болашақ
туралы балалық армандардық орнына
өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын
ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын,
өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға
ұмтылатын кезең екендігін
Сананың дамуы баланың
өз бетімен тәуелсіз талаптануын
тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек
процесіне араласады, күнделікті өмірді
бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы
бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын
әкімшілік шараларды ұнатпайды.
Үлкендерді озбырлық жасайды деп
ойлайды. Кейде түсініспеушілік
осындайдан да туады. Үлкендерге байланып
олардың мінезінен шындықты байқауға
тырысуы үлкендер мен балалар
арасында түсініспеушілік туғызады.
Үлкендердің ойланбай асығыс шешім
қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін.
Бұл жастағы балалар өнегелі
адамдардық істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін
тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін
дамыту, мұқтаждары мен тілектерін
қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық
ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді
есепке ала отырып, тәрбие жұмысын
тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер
қоғамға пайдалы істерге
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың
қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін
ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына
жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені
- адам сезімінің әміршісі, толқу
үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан
сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің
тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен
жұмыстағы негізгі
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және соқындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектердің қалыптасуында
жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен
рөл атқарады. Мораль мәселелерін
талдау және адамгершілік тақырытындағы
пікір сайыстардың әсерінен өмірдің
мәні, өз болашағы, мамандығы туралы,
өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім
бұл мәселелерді шешуге пәрменді
түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың
адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі.
Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, әр баламен ойланып
жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес
киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы
сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен
өзара әрекеттің негізгі
Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың
кәсібі, материалдық жағдайы, білім
деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын
айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты
Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл
атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-
Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез-
Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген
теориялары бар. Жасөспірімдік шақ
бала мен ересектік шақтың аралығы,
баланың ересектерге
Жасөспірімдік шақтың аса
маңызды міндеттері - мамандық таңдау,
еңбек пен қоғамдық-саяси
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті
15-16 жасқа қарай қалыптасып болады.
Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң
өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі
жетіле береді. Жасөспірімдік шақ -
жеке адамның толысуы мен
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Бұл күндегі жастардың
мінезінде түрлі өзгерістер пайда
болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы
киіміне, дене қимылына көңіл бөледі.
Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады.
Әр түрлі іс-әрекеттерінің
7. Тәрбие және балалардың
дербес ерекшеліктері. Баланың
дербес ерекшелігі тәрбие
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты. Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алып отыру керек.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену.