Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 19:02, реферат

Описание

Жасөспірімдік жас-адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық,физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Жеке тұлғаның тәрбиесі.docx

— 65.39 Кб (Скачать документ)

Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады [3].

М.И. Шардаков бойынша  жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.

Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.

А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған бірақ әлі жетік білмейді деп пайымдайды [5, 6].

Ст. Холл ең алғаш  бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды  бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді «Боран мен тегеурін» кезең деп атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттайды. Тек осыны басынан өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.

Келесі жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады.

Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.

Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

1) Өткір ашулы кризистік уақытпен сипатталады. Ол қайта дүниеге келген адамдай уайым – қайғыға түседі, түп тамырында оның жаңа өзіндік «мені» пайда болады.

2) Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге өзінің жеке тұлғасында ешқандай өзгеріс енгізбей аяң басумен сипатталады.

3) Жасөспірім белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.

Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар.

Әлеуметтік дамыған  тұлғаны тек қоғамда қабылданған  нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен  қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез – құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э. Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады [2, 5, 7].

Э. Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.

Өтпелі кезең  тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен  қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді.

Жасөспірім кезеңнің негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.

Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.

Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі [5, 7, 9].

Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралы-ғындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.

Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды [7, 8].

К. Юнг бойынша  осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.

1920-шы жылы  психолог Л.С. Выготскийдің айтуы  бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.

1) Биогенетикалық  биологиялық процес негізінде  және дамудың басқа да процестері  қарастырды.

2) Социогенетикалық  тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.

3) Психологенетикалық - өзіндік даму негізіндегі психика  процестерінің қызметтерін негіз  етіп қою.

Биологиялық теорияның  өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.

Биогенетикалық  концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.

Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.

Н. Кречмер мен  Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.

Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.

В. Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде  бала дене бітімінің құрылысының  дамуындағы өзгерістер самотикалық  өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы  және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі  бағыты қатты қызықтырады.

А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.

Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері.

15 жас Гезелдің  жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің  өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды [9].

Биогенетикалық  тұрғыға қарама-қайшы социогенетика. Ол жасөспірімнің құрылымын өздерін қоршаған адамдар мен қарым-қатынас жасау арқылы анықталады.

Социогенетикалық  тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.

Левин бойынша  өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс  тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.

Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылық қара-стырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдың-ғысына да соңғысына да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар. Бұл қысым мен қақтығыс көп болған сайын балалық пен ересектік шекарасының әртүрлі айырма-шылықтарына байланысты ойыстай бастайды [9].

Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік психологиялық деп қарастырады.

Тұлғаның психиканы  дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі. Левин теориясына түзеу  жасаған англиялық психолог Д. Бомберам айтуынша жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда жасөс-пірімдерді ең басты психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д. Бамберам осы екеуінің арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен психикалық даму процесін алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады.

1) Эмоция мен  мінез-құлық, жүріс-тұрыс жайлы ол психодинамикалық концепция деп атады.

2) Интеллектуалдық  және таным қабілеттеріне байланысты-“когнетивті” яғни танымдық немесе “когнетивті-генетикалық” болып бөлінеді.

3) Тұлғаның біртұтастай дамуына “персонологиялық”- яғни персоналды деп соңында бөлінеді.

Қазіргі заманда  жасөспірім психодинамикалық теорияның басталуы өкілі танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек айтқанда психосексуалды қақтығыстың тууы. Біріқта Эриксон белгілі мөлшерде биология мен поксексуалдықтан ауытқыды. Эриксон барлық өмір циклін сегіз фазаға бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы болашақта дамудың қолайлы, қолайсыз жағын шешетін ерекшелік.

Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпы-нады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Возрастная  и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. - М., 1986.

2. Грэйс Крайг.  Психология развития. - СПб., 2000

3. Кулагина И.Ю.  Возрастная психология. М., 1999.

4. Обухова Л.Ф  Возрастная психология. - М., 1999.

5. Хрестоматия  по возрастной психологии / под. ред. Д.И. Фельдштейна. - М., 1994.

6. Уилям Крэйн.  Теории развития. - СПб., 2002.

Информация о работе Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы