Жоғары оқу орнындағы психологияның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:58, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан-2030» стратегиясында сипатталған.

Содержание

1. Жоғары оқу орнындағы психология түсінігі
2. Жоғары оқу орнындағы психологияның мақсат-міндеттері
3. Психология ғылымының зерттеу әдістері,тәсілдері,салалары.
4. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру реті

Работа состоит из  1 файл

15 лекция).docx

— 1.21 Мб (Скачать документ)

№15 дәріс

Жоғары оқу  орнындағы психологиялық қызмет, мақсаты, міндеті, ұйымдастыру формасы, жұмыс тәжірибесі

Мақсаты: Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет, мақсаты, міндеті, ұйымдастыру формасы, жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет беру

 

Жоспар:

  1. Жоғары оқу орнындағы психология түсінігі
  2. Жоғары оқу орнындағы психологияның мақсат-міндеттері
  3. Психология ғылымының зерттеу әдістері,тәсілдері,салалары.
  4. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру реті

 

  1. Жоғары оқу орнындағы психология түсінігі

Қазақстан Республикасының  нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің  өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі  өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын  талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің  дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан-2030»  стратегиясында сипатталған. Ол стратегияның жүзеге асуы үшін білімді, шыншыл, ақылды, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар керек. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан артықшылығы – халық  сапасы, адам ресурстары... Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік  жағдайлар туғызуымыз қажет», - деп  тұжырымдайды. Қазіргі таңда Білім  беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі болуы  өркениет дамуының білім беру сапасымен байланысында. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Сол мақсатпен жоғары оқу орнында психологияның қызмет , мақсаттарын ұғынуымыз қажет.

 Жоғары оқу орнындағы психология дегеніміз – адамның психикалық әрекеттерінің өсіп даму заңдылықтарын  зерттейтін ғылым. Ол ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген сөздерінен тұрады. Қазақша мағынасы «жан туралы ілім». Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ψ (псю деп аталатын грек әріпі). Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психика айрықша ұйымдастырған материяның ең жоғарғы қасиеті. Айрықша ұйымдастырылған материя дегеніміз-ми, жүйке, сана. Психика мидың қасиетті функциясы. Психика материясыз болмайды. Материя психиканың  негізі. Психика мен материяның, сана мен болмыстың бір-біріне қатынасуы туралы материалистік түсінік қалыптасты.

 

 

Бұл бағыттың өкілдері  материя  алғашқы, ал сана соңғы, ол материядан пайда болады деп түсіндіреді. Орта ғасырларда  шығыстың  ұлы ойшылы  Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан  бір пікірінде «дүние материядан құралады. Ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгереді», дейді. Ал жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші  денеге барып  орналаса да  алмайды, деп ғылыми материалистік  пайымдау жасады. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның  бойында түрліше күш-қуат пайда  болады, сол күш-қуат қабілетінің  негізгі түрлері мынадай деп  көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша – «әл қуат әл-газийа»); түйсіну  қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш-қуаттың  әл-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл  келеді. Адам қиялы оның түс көруіне  де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір  жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл  осы мағынада қарастырады Әл-Фарабидің  психология жайындағы мұндай ой жүйесін  адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.

2.Жоғары оқу орнындағы психологияның мақсат-міндеттері

Жоғаы оқу орнындағы психологияның мақсат-міндеттері – психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру-психология ғылымының басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.

 

  

 

 

 

 

 

3. Психология ғылымының зерттеу әдістері,тәсілдері,салалары.

Психология ғылымының  зерттеу әдістері: Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Оның екі түрі бар: 1. Табиғи эксперимент – психологияға 1910жылы орыс ғалымы А.Ф. Лазурский енгізді. Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. 2. Лабораториялық  эксперимент – адамның сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізіледі. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 1. Зерттеуді жоспарлау - әдіс пен әдістемелерді сұрыптау және бекітуді қамтиды. Жоспарлау, сонымен қоса зерттеудің логикалық және хронологиялық схемаларын құру, зерттелінетіндер санын немесе өлшемдердің (бақылаулардың) қажетті санын таңдау, яғни бұл бүкіл зерттеудің математикалық өңдеу және сипаттау жоспары. 2. Зерттеу өткізілетін орын: сыртқы кедергілердің оқшаулануын қамтамасыз ету, санитарлы-гигиеналық және педагогикалық-психологиялық талаптарға сай болу, яғни жұмысқа ыңғайлы жағдайда қамтамасыз етуі тиісті. 3. Зерттеудің техникалық жабдықталуы шешілетін мәселелерге, алынатын нәтиженің талқылау дәрежесіне және зерттеу барысына сәйкес келуі тиіс. І топ – ұйымдастыру әдістері. Бұлар салыстырмалы әдісті (жасы мен іс-әрекетіне қарай әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (ұзақ уақыт мерзімінде осы адамдарды қайталап зерттеу); комплекстік әдіс (зерттеуге әр ғылымның өкілдері қатысады, әдетте бір объект бірнеше тәсілмен зерттелінеді). Зерттеудің бұл түрі әртипті құбылыстар, мысалы, тұлғаның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуы арасындағы тәуелділіктер мен байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. ІІ топ – эмпирикалық әдістер мыналарды қамтиды: бақылау және өзіндік бақылау; эксперименттік әдістер, психодиагностикалық әдістер (тест, анкета, социометрия, интервью, әңгіме), іс-әрекет нәтижесін талқылау, биографиялық әдістер. ІІІ топ – мәліметтерді өңдеу әдісі: сандық (статистикалық) және сапалық (анализ, мәліметтерді топтар бойынша дифференциациялау) әдістерін қамтиды. ІҮ топ – интерпритациялық әдістер: генетикалық (даму жоспарындағы мәліметтерді талқылау; кризистік кезеңді, бөлек фазаларды бөліп шығару) және структуралық (құрылымдық) (тұлғаның барлық мінездемелері арасындағы құрылымдық байланыстарды белгілейді) әдістерді қамтиды. Психологиялық зерттеулердің тәсілдері.

Тәсіл-таным жолы осы амал арқылы ғылымның пәні зерттеледі. Психологиялық  зерттеудің тәсілдері мына талаптарға сай болу керек: ең алдымен ғылыми тәсіл объективті болуы керек. Психикалық табиғаттың объективтілігі тұрғысынан оның қолданылуы психиканың ішкі және сыртқы көріністерін біріктіруді ұйғарады. Тәсілдер сенімділікпен және валидтілікпен  ерекшеленуі тиіс. Валидтілік деп, зерттелінетін  және бағаланатын затқа сәйкес бейнеленетін тәсілдің қасиетін айтады. Сенімділік – бір әдісті бірнеше рет қолданып, бірдей нәтижелерді алуға мүмкіндік  жасайтын зерттелу әдісінің қасиеті.  Салалары: Педагогикалық психология (оқыту, тәрбие, мұғалім психологиясы), жас ерекшеліктер психологиясы (балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер,ересектер, қарт адамдар психологиясы), арнаулы психология (олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған адам психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді), патопсихология (бұл сөз грек тілінде «патос»-зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді ) – туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді, еңбек психологиясы (инженерлік, авиациялық, космостық), медициналық психология (нейропсихология, психоформакология, психотерапия, психопрофилактика және гигиена), әлеуметтік психология (адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады) және т.б. салалары бар.

 

4. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру реті

І. Жалпы ережесі

 

1.Психологиялық қызмет  әрекетін ұйымдастыру реті.

ҚР білім беру ұйымдарында  психологиялық қызметтің әрекетін анықтайды.

2.Психологиялық қызмет  білім беру ұйымдарында өз  іс -әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік  актіге сәйкес іске асырады.  Қызмет жұмысы Қазақстандық және  халықаралық актілердің қатаң  бақылауымен және бала дамуын  қамтамасыз ететін заңдармен,  психологтың этикалық кодексімен  негізделеді.

3.Қызметтің іс- әрекеті  білім беру процесінің барлық  субьектілерінің толық жекелік және интеллектуалдық дамуына бағытталады.

4. Білім беру ұйымдарындағы  психологиялық қызмет білім беру  процесіндегі барлық субъектілердің  психологиялық қызметін қамтамасыз  етеді. 

5. Психологиялық қызметтің  негізгі мәселелері.

1.Жекелік дамуға қажетті  жағдайды қамтамасыз ету, психикалық  саулықты қорғау және нығайту.

2.Кәсіби және жекелік  өзін анықтауда балаларға, оқушыларға  және жастарға психологиялық  қызмет көрсету.

3.Қоғам өміріне балаларды,  оқушыларды, жастарды бейімдеу.

4.Психологиялық білімді  пропаганда және педагогтың психологиялық  компитенттілігін жоғарылату.

5. Психологиялық қызмет  өзіне білім беру ұйымдарындағы  психологиялық кабинетті, ЖОО-ғы  психология кафедрасын, ғылыми тәжірбиелік  орталықтың лабораториясын т.б.қосады.   

 

ІІ. Іс-әрекетті ұйымдастыру 

 

6. Білім беру ұйымдарындағы  психологиялық қызмет ҚР заңымен  қарастырылған, ұйымдастырылған  құқықтық формада туындауы мүмкін.

7.Әрекетті ұйымдастыру,  білім беру ұйымдастыру ерекшеліктерін  ескере отырып, психологиялық қызмет  әрекетінің бағыттарын тандау,түрлі  жұмыс түрін іске асыруда білім  беру ұйымының ерекшелігі мәселесінде  штаттан тыс психологтар бірлігімен  жүргізіледі.

8.Білім беру ұйымдарында  психологиялық қызмет психологтың  базалық психологиялық білімімен  іске асады, сонымен қатар педагогикалық  білімі бар және практикалық  психологтың арнайы 1200 сағаттық  дайындықтан өткендер атқара  алады.

9.Қызмет ақысы, еңбек  демалыс күні, педагогикалық жүктеменің  көлемі нормативті құжаттармен  анықталады.

10.Білім беру ұйымдарында  психологиялық қызметті ұйымдастыру  үшін диагностикалық, дамытушылық,  коррекциялық, профилактикалық жұмыс  түрлерін жүргізетін арнайы,бөлек  кабинет бөлінеді. Кабинеттің безендірілуі  т.б. қабылданған нормативтерге  сәйкес жүзеге асады.

11.Психологтың мақсаты,  міндеттері және қабылдаған жоспарлары, жұмыс күннің тәртібі сол жұмыс  істеп жүрген білім беру ұйымдарымен  шешіледі және ғылыми кеңеспен  немесе педагогикалық кеңес бекітіледі.  

 

 

 

ІІІ. Іс-әрекет негізі 

12.  Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет әрекетінің іске асуы жоспарын жасауы, жұмыс формасы және әдістерін таңдауы педагогтың, ата-аналардың, жастардың және балалардың сұранысы және қажеттілігі арқасында анықталады.

13.  Психологиялық қызметтің психологиялық, коррекциялық, оқу білімдік жоспары білім беру ұйымдарындағы оқу- тәрбиелік және білім мазмұны нұсқаларынан құралады.

14.  Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет әрекетінің негізгі бағыттары мазмұны:  

1. Психологиялық қызмет өз іс-әрекетін психодиагностикалық, психопрофилактикалық, коррекциялық, дамытушылық және кеңес беру бағытында жүзеге асады.  

2. Топтық және индивидуалдық психологиялық зерттеулер психологиялық тестілердің, әлеуметтік және этно-мәдениеттік ерекшеліктері қатысуымен жүреді.  

3. Білім беру поцесінің  барлық субъектілерінің интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативті  ерекшеліктерін дамытуда психологиялық тренинг жүреді.  

 4.Олимпиада, конкурс, жарыс кезінде оқушылардың психологиялық қолдауын таныту.  

5. Психологиялық диагностикалық ерекшеліктері, қызығушылықтары және психологиялық бейімділіктері мақсатында кәсіби және жекелік анықтауда көмек көрсетеді.   

6. Психологиялық анлиз оқу -тәрбие процесіне және оның ұйымдастырылуына тәжірбиелік кепілдеме құру.

7. Білім беру процесінде барлық субъектілерінде индивидуалды психологиялық кеңес жүргізу .

8. Құрылымды зерттеудегі қарым-қатынас күйі және психикалық ахуал шиеленістегі өзара қатынасты коррекциялау. 

 

 

  ІV. Психологиялық қызметті басқару

16. Психологиялық қызметті басқару ҚР басшылығымен білім беру процесінің тәуелсіздік, жалпы адамдық құндылыққа, жеке адамның еркін дамуына сәйкес жүреді.

17. Психологиялық қызметтің басшылығын білім беру басшысы іске асырады.

18. Психологиялық қызмет әрекетінің қорытындысы білім беру ұйымының қорытынды деректеріне ендіріледі. 

 

 

 

V. қорытынды ереже 

 

19. Осы ережемен реттелмеген психологиялық қызметі болса,онда ережелермен анықталады және орталық орындаушы ұйымымен бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бақылау сұрақтар:

  1. Жоғары оқу орнындағы психология түсінігі қандай?
  2. Жоғары оқу орнындағы психологияның мақсат-міндеттерін атаныз?
  3. Психология ғылымының зерттеу әдістері,тәсілдері,салалары қандай?
  4. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ретін атаңыз?

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. 1. Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

2. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический проект, 1999. – 320 с.

3. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.

4. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.

5. Любимова Г.Ю. От первокурсника  до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник  Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52 с.

6. Свиридова Н.А Адаптационные  процессы в среде молодежи /Н.А  Свиридова // соц. ис. № 1. 2002.

7. Дудник Е.А. Адаптация  учащихся младщих классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная работа. - У-Ка, 2000.

Информация о работе Жоғары оқу орнындағы психологияның қызметі