Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:17, реферат
Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеоро-логия ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды.
ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ
Күн райы қырық құбылатын болды. Бүгiн-ақ сұп-суық жел есiп, жаңбыр жауса, ертесiне күн қызып, жер бетiн 39-40 градус қайнаған ыстыққа орай салады. Әсiресе, соңғы жылдардағы ауа райының өзгеруi адамдарды таңқалдырып отыр. Неге? Себеп көп. Әлем ғалымдары бас шайқап мұның себебiн ғаламдық жылыну салдарынан iздейдi. БҰҰ жанын-дағы Әлемдiк метеоро-логия ұйымының мәлiмдеуiнше, биылғы мамыр айы ауа райының тым құбылмалылық танытқан айы боп, рекорд жасалды. Бiр қызығы мұндай өзгерiстер маусым, шiлде айларында да орын алды.
Ғалымдардың пiкiрiнше, ауа райының бұлайша өзгеруi климаттағы құбылыстың әсерiнен. Яки, олардың тiлiмен айтсақ, бұл - ғаламдық жылыну.
Қазақстандық қоғамның дамуына ауа райының ғаламдық өзгерiстерi қаншалықты әсер етпек? Климаттағы өзгерiстер, ғаламдық жылыну қазiр бүкiл дүниежүзi бойынша ең талқыланатын тақырыптың бiрi. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған экологиялық мәселелердiң бәрiн халықаралық стандартқа сәйкестендiру мәселесi де осы ғаламдық жылынуға байланысты. Қазақстанда өткен жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Сонымен қатар, Киот хаттамасына сәйкес, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жобалар iске асырылды. Мұның бәрi экологияның жақсаруына оң әсер етедi.
Климаттың өзгеруi - ядролық қаруды қолдану немесе соғыстар емес. Ол одан да алапат қауiп. Мұндайда қазақ «Алла зiлзаладан, топан судан сақтасын» дейдi. Бiрақ осы өзгерiстердiң ауқымы мен олардың салдарлары қалай болатынын әлi күнге дейiн дәлме-дәл тап басып айту қиын. Температураның өзгеруi - бұл жаңалық емес, осы өзгерiстiң жылдамдығы қандай болмақ? Мiне, жаңалық осы.
Қазiр жер шары бұрынғыға қарағанда 1,1 градусқа жылыған. Егер жер шары 3-4 градусқа қызса, онда апат болатынын, мамандар шiмiрiкпей-ақ айтып жүр. Шынында да алдағы жүзжылдықта адам баласының салғырттығынан жердегi тiршiлiк иелерiнiң жартысы жойылып кетпек пе? Әлемдiк экологияның өзгеруiне бiрден-бiр себеп — мұздықтардың еруi. Жер шарының екi полюсi де мұздықтарға оранып жатқанымен, табиғаттың бұл тылсымдығы бұзылудың аз-ақ алдында тұр.
Мұзарттарды қалай аман сақтаймыз?
Ал Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан, ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ дей алмаймыз. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ баябан шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтардың жартысына жуығы ерiп кеткен. Сондай-ақ, Алатау сiлемдерiнiң жылдам еруiне Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Эколог-климатологтардың айтуынша, ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды. Бұл деректер “2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы” атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi. Мәселен, 1963 жылы Iле Алатауындағы мұздықтардың еруi салдарынан Есiк көлiнен алапат сел басталып, етектегi елдiң есiн алған. Бұл оқиғадан кейiн тау басында мұздықтардан пайда болған “Ақкөл” көлi қалды. Ендi мұздықтар ери қалған жағдайда Ақкөлдi арнасынан асырады, өз кезегiнде ол Есiк көлiне тағы бiр сарқуы мүмкiн. Жаһандық жылыну процесiнен Iле Алатауынан бастау алатын өзендердiң суы соңғы жылдары 16%-ға кемiптi.
Қазақстанда астық өндiрiсi, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп сияқты салаларды ауа райының ғаламдық өзгерiстерiне бейiмдеу механизмдерi жасалуда. Мәселен, суды үнемдеу, күн сәулесiн пайдаланатын электр көздерiн дамыту, ауыл шаруашылығы саласында ыстыққа шыдамды дақылдарды өсiру, өсiмдiк түрлерiн аудандастыру қажет болады. Айтпақшы, шағын электростансалар парниктiк газдардың азаюына әсер етедi. Бес шағын электростанса жылына 3,5 тонна СО2 қалдығын азайтуға мүмкiндiк бередi екен. Оңтүстiк Қазақстан облысында қазiр 5 фермерлiк шаруашылық фотоэлектрлi қондырғыны пайдалану жобасына қатысуда.
«Алатауды әктеу керек»
Экологтар ғаламдық жылыну проблемасын шешпесе, мұның салдары ауыр болатынын тәптiштеп түсiндiрiп жүр. Сондай экологтардың бiрi, “Табиғат” қозғалысының жетекшiсi Мэлс Елеусiзовпен бiз осы мәселе жөнiнде пiкiрлескенбiз.
Ғаламдық жылыну – бүкiл әлемдi алаңдатып отырған мәселе. Бiрақ, Қазақстанда бұған бас қатырып жатқан адам жоқ , — дейдi ол. — Жалпы, ғаламдық жылыну – 40 жылдан берi қозғалып отырған мәселе. Қазақстанда да бұл – бұрыннан бар проблема. Өйткенi, таудағы мұздықтардың 40 пайызы ерiп кеткен. Ендi қалған мұздықтар бұдан да тез еруi мүмкiн. Бiздегi таулардың мұздықтары ғана емес, дүние жүзiндегi мұздықтардың барлығы дерлiк ерiп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпi, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында да мұздықтар азайып барады. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкiн. Бiр ғана Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндiстанды ауызсумен қамтамасыз етiп отыр. Сол сияқты елiмiз де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл – бiр. Екiншiден, сел қаупi төнедi. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседi. Ал егер мұздықтар ерiп кетсе, бiрден сел ағады. Онда Алматыны су шайып кетедi.
Соңғы 200 жыл iшiнде өндiрiс қатты дамыды. Мұнай, көмiр, ағаш өртелiп жатыр. Амазониядағы ағаштар қырқылды. Ал Гольстрим сол жақтан бастау алады. Ол басқа жаққа бұрылып кетсе, Еуропада мұздық пайда болады. Мұнай, көмiр жерастында миллиондаған жылдар бойы жиналады. Мұнай, көмiр өртелiп, ауаға СО2 көмiрқышқыл газы ретiнде таралды. Бұдан бөлек метан газы да бөлiнедi. Бұның зардабы көмiрқышқыл газынан да зор. Сол парниктiк газдар жер бетiн қыздырып жатыр.
Тығырықтан шығудың жолы бар ма?
Бар, улы газдарды тек
Әр адам қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қоса алады. Бұл жұмысты қарапайым ғана ағаш егуден бастау керек. Екiншiден, мұздықтарды сақтап қалуға да әркiм атсалыса алады. Iле Алатауын әкпен ақтау туралы айтқаным бар. Бiрақ, мен тауды ақтаңдар деп тұрғаным жоқ. Сол мұздықтардың астындағы тастарды ақтау керек деген пiкiр бiлдiрдiм. Сонда күннiң сәулесi қайтадан ауаға таралады. Өйткенi, мұздықтардың астындағы қара тастар күн сәулесiнiң әсерiнен қатты қызады да, мұздықтар содан еридi.
Улы газ жылынуға жол ашты
Ғалымдардың пiкiрiнше, өнеркәсiптерден бөлiнетiн улы газдар ғаламдық жылынуға жол ашты. Ауа райын зерттеушi ғалымдардың көбi климаттың жиi өзгеруiне атмосферада парниктi газ концентраттарының артуын себеп санайды. Сондай-ақ, электростанциялардың, қоғамдық көлiктердiң көбеюi мен зауыттар түтiнi де себепкер дейдi олар.
Жалпы, ауаның ластануына кез келген адам өз үлесiн қосып келедi десек өтiрiк емес. Мысалы, Google.com сайтынан екi сауалға жауап алудың өзiнен ауаға жеткiлiктi мөлшерде көмiр қышқыл газы бөлiнедi екен. Демек, адам баласы түйiнiн шешуге тиiс тағы бiр мәселе - қалдықтарды тиiмдi пайдалану. ХХ ғасырға дейiнгi кезеңде тек органикалық қалдықтар ғана болған. loopy.by сайтының мәлiмдеуiнше, бүгiнде жер бетiн мекендеген адам баласының өзi жылына 2,1 трлн. тоннға жуық қалдық «өндiредi». Оның 40 пайызы бөтелке, пакет, қорап, қалта сияқты тұрмыстық қалдықтардан тұрады.
«Қоқыс дағдарысына» бiзден өзге елдерде аса мән берiлiп отыр. Атап айтсақ, Италияның Неапол қаласы тұрғындарының бұл мәселенi шешумен айналысқанына қазiрдiң өзiнде 15 жылдай уақыт болған. Тiптi, қоқыспен күреспегенi үшiн Италия үкiметi отставкаға кеткен. Соған қарағанда алдағы уақытта «қоқыс дағдарысы» әлем елдерi бойынша саяси дағдарысқа әкеп соғуы ықтимал. Зерттеушi мамандар дамыған алпауыт елдердiң бiрi Қытай да алдағы жылдар еншiсiнде қоқыстан көз аша алмауы мүмкiн деседi.
Қазақстан да соңғы екi-үш жылдан берi қоқыс қалдықтарын тиiмдi пайдалану мәселесiне мойын бұрғанымен аймақтарда бұл мәселе шешiмiне жете қойған жоқ.
БҰҰ-ның бастамасымен осыған байланысты 1997 жылы Киото хаттамасына қол қойылды. Бұған бiрнеше елдер де қол қойған. Бүгiнде бiздiң елiмiз де бұдан тысқары қалып отырған жоқ. Жақында қоршаған ортаны қорғау және ғаламдық жылыну мәселелерi аясында Мемлекет басшысы Киото механизмi шеңберiнде болашақ өзара тиiмдi ынтымақтастықтың Жол картасын әзiрлейтiн жұмыс тобын құруды ұсынды.
Ал мұхиттар деңгейiнiң көтерiлуi ғаламдық жылынудың индикаторы болып отыр. Әлем бойынша соңғы онжылдықтан ауа райы күрт өзгердi. Айталық, Бразилияның елдi мекендерiн су алып кеттi. Үндiстанда, Бенгалияда, Бангладеште «Айла» тропикалық циклоны тұрды. Гондураста жер сiлкiнiп, цунами жұрттың зәресiн алды. Бельгияда, Австрияда және Германияның солтүстiгiнде құмды дауыл көз аштырмады. Биыл шiлдеде Орталық Ресейдiң кей аймақтарын құйын соқты. Ну орманды Ресейiңiз бұрын болмаған 40 градус ыстықтан өртке оранды. Қаза тапқандар да бар. Мыңдаған гектар ормандарды өрт шалды. Ал Американың Вирджиния штаты торнадоның құрбаны болғаны кеше ғана. Мұны не деуге болады? Бұл табиғат - ананың SOS дабылы емес пе?!
Атмосфераны ең көп ластайтын — АҚШ пен Қытай
Көмiр қышқыл газының тарату қаупiн азайту жөнiнде жекелеген әлем елдерi бiр ымыраға келе алмай отыр.
Атмосфераның ластануына ең көп үлес қосатын екi ел бар. Ол –АҚШ пен Қытай. Ал бұл екi ел 2012 жылы аяқталатын ғаламдық көмiр қышқыл газының таралуын азайту жөнiндегi Киото хаттамасына қол қоймаған. Бiрақ Копенгаген жиынында Бейжiң мен Вашингтон өз еркiмен көмiр қышқыл газының таралуын азайтуға ниеттенiп отырғандығын жариялады. Мәселен, АҚШ үкiметi 2020 жылға дейiн газ эмиссиясын шығару деңгейiн 17 пайызға қысқартуға уәде еттi. Ал Қытай болса газ эмиссиясын шығару деңгейiн 2020 жылға дейiн 40-45 пайызға қысқартуға сөз бердi. Алайда, көптеген сарапшылар Бейжiң мен Вашингтонның болжамына күмән келтiрiп отыр.
Еуропа Одағының болжамына сәйкес, осы мәселеге қатысты айтарлықтай өзгерiстердiң болуы үшiн 2020 жылға дейiн дамушы елдерге шамамен 150 миллиард доллар бөлiнуi тиiс. Бұл ғаламдық экономикалық рецессияның салдарын жоюға тырысып жатқан батыс елдерi үшiн қиындық туғызбақ.
Миланда өткен БҰҰ конференциясында АҚШ нелiктен Киото келiсiмiне қол қоймады? Себебi, оның көкейiн тесiп бара жатқан мұнай мәселесi. Жыл сайын өндiрiлетiн әлемдiк мұнайдың көбiн тұтынатын да осы ел. Ғаламдық апаттың алдын алу үшiн түзiлген Киото келiсiмiнде парниктiк эффектiнiң 55%-ын туғызып отырған 55 ел қол қою керек болса, АҚШ пен Ресей олай етуден бас тартуда. Себебi, Киото келiсiмiне қол қойған елдер 2012 жылға дейiн ауаны ластайтын көмiр қышқыл газын 92%-ға қысқартуға мәжбүр болады екен. «Олай етсек, кедейлiкке ұрынамыз» деп Ресей де мәмiлеге келер емес.
Ал болашақта «қара алтын» үшiн болар соғыс Орталық Азия елдерi мен Қапқазда жалғасын табуы мүмкiн. Себебi мұнай өндiрудi шектейтiндей жағдайда оның әлемдiк экономикадағы құны шарықтап өсетiнi сөзсiз. Сондықтан ғалымдар ендiгi жерде ауаның ластануын азайту мақсатында мұнайды алмастыратын жаңа нәрсе ойлап табуға кiрiсiп кеттi.
Ғаламдық жылынудың оң және терiс әсерi бар. Әрине, терiс әсерi басымырақ. Бiз климаттың өзгеруiне бейiмделуiмiз керек. Қазақстанда осы бағдарлама бойынша баяу болса да жұмыс қолға алына бастады. Тұрақты негiзде климаттың өзгеруi бойынша БҰҰ конвенциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық хабарламаларын дайындау үшiн институциялық қуат арттырылмақ.
Қазақстан аумағы үшiн климаттың өзгеру индекстерi есептелген (ауа температурасы және жауын-шашын саны), 2030, 2050, 2100 жылға дейiнгi мерзiмде ел климатының өзгеру сценарий жасалған. Климаттың өзгеруiне байланысты мал өсiмiне әсерi, агрометеорологиялық факторларға мал өсiмi көрсеткiшiнiң тәуелдiлiгi анықталды, Қазақстанның қазiргi су ресурстарының осал тұстарының бағасы берiлдi.
Жаһандық жылынуда ең бiрiншi терiс құбылыс қуаңшылық артады. Аталмыш проблема бiздiң елiмiз үшiн өзектi. Қазақстан жерiнiң 66 пайыз бөлiгiне құрғақшылық пен деградацияға ұшырау қаупi төнiп тұр. Бұл су ресурстарының тапшылығына алып келуi де мүмкiн. Қуаңшылықтың қайталануы бойынша Батыс Қазақстан облысы қазiр 38 пайызды құрайтын болса, ол 2030 жылы 45 пайызға жоғарылайды. Ал Солтүстiк Қазақстан облысы бүгiнде 22 пайызды құраса, 2030 жылы 27-ге жетуi әбден мүмкiн. Өтпелi кезеңдерде ауа райы күрт құбылады. Қазiр жер шарының температурасы соңғы жүз жыл iшiнде 1,1 градусқа артты деп есептеп отырмыз. Ал Қазақстанның соңғы жүз жыл iшiнде орташа температурасы 1,5 пайызға көтерiлген. Өйткенi мемлекетiмiз континенттiң дәл ортасында орналасқан. Климат бұл жағдайда қатты болады, шөлейт аймақтар көбейедi. Ал теңiз, мұхиттарға жақындаған сайын, климат жұмсарады. Соңғы қырық жылмен есептегенде орташа температура. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 1,2, 1,3 градусқа дейiн өскен. Бiрқатар аймақтарында қыстық температура жазға қарағанда артты. Ал Оңтүстiк Қазақстанда айтарлықтай өзгерген жоқ.
Жалпы, жер климатына қатысты 2085 жылға дейiн екi сценарийлi болжамды ұстанып отырмыз. Бiрiншiсi, ол бiздiң тiлмен айтқанда қатты климат 4-5 градусқа көтерiлуi мүмкiн. Екiншiсi, жұмсақ климат- ол 1,5 градусқа жылынады. Алла сақтасын деймiз, бiрақ алғашқы болжамның адамзатқа қаупi көп.
Ал жылы кезеңнiң ұзақтығының артуының да оң әсерi бар. Мәселен, бидай өнiмiнiң сапасы артады. Дәннiң сапасында белок құрамы көбейедi. Оған түнгi және күндiзгi температура айырмашылығының өсуi оң әсер бередi. Мал шаруашылығында қысқы жағдай жұмсарады. Қысқы жайылымның аумағы ұлғаяды. Кейбiр жерлерде жайылым өсiмдiктерiнiң өнiмдiлiгi жоғарылайды. Мүмкiн Оңтүстiк Қазақстан облысында тропиктiк өсiмдiктер өсiруге болатын шығар. Қалай десек те климат жылынуының пайдасынан зияны көп.