Антропогендік жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:23, реферат

Описание

Антропогендік жүйе (КЕЗЕҢ), антропоген — қ. Төрттік жүйе, төрттік кезең.
геологияда ұзақтығы 700 мың млн жылға жуық кайнозойдың қазіргі ең соңғы (төрттік) жүйесі (кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп бөлінеді. Плейстоценде жоғары ендіктерде климаттың бірнеше рет суынуы мен жылынуының ауысымдары материктік мұз басу мен мұз- дықсыз атыраптарда ылғалды климаттың тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам пайда болды.

Работа состоит из  1 файл

Антропогендік жүйе.docx

— 34.21 Кб (Скачать документ)

Антропогендік жүйе (КЕЗЕҢ), антропоген — қ. Төрттік жүйе, төрттік кезең.

геологияда ұзақтығы 700 мың  млн жылға жуық кайнозойдың қазіргі  ең соңғы (төрттік) жүйесі (кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп бөлінеді. Плейстоценде жоғары ендіктерде климаттың бірнеше рет суынуы мен жылынуының ауысымдары материктік мұз басу мен мұз- дықсыз атыраптарда ылғалды климаттың тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам пайда болды.

Тарихы


Төрттік жүйе атауын ғылымға 1829 жылы француз ғалымы Ж.Денуайте енгізді. Төрттік жүйені жіктеу принципінің  алғашқы стратиграфикалық шкаласын 20 ғасырдың басында ауылыПенк пен  Э.Брюкнер жасаған (1909). 1832 жылы ағылшын  геологы Ч.Лайель ең жас теңіз  шөгінділерін плейстоцен, төрттік жүйенің  жоғарғы бөлімін голоцен деп атаған. Плейстоценде климат салқындап, құрлықтың басым бөлігін мұз басуына байланысты ‘‘мұздық’’ кезеңі деп атайды. Органикалық дүние дамуының тарихындағы ең маңызды оқиға – адамның пайда болуы осы кезеңде өткендіктен, ауылыП.Павлов бұл жүйені антропоген деп атауды ұсынған (1922).

Төрттік кезең — Жер тарихының неоген кезеңіне ұштасқан ең соңғы кезеңі; бір топ ғалымдар Т.к-ді соңғы 1 млн жылмен ғана шектесе, екіншілері бұл кезең бұдан 2,5-3 млн жыл бұрын басталған деп есептейді. Т.к-ге тән ең маңызды құбылыстардың бірі — адамдардың пайда бола бастауы болса керек. Т.к. терминінің шартты түрдегі синонимі: антропоген.

Құрылымы


1932 жылы халықаралық комиссия (МЧКЕ) Төрттік жүйені 4 мүшеге жіктеуді  ұйғарды:

  • төменгі (эо-),
  • ортаңғы (мезо-)
  • жоғ. (нео-) плейстоцен
  • жоғ. (нео-) голоцен.

Төрттік жүйенің жануарлар  мен өсімдіктер дүниесі қазіргі  органикалық әлемге ұқсас. Олардағы өзгерістер климаттың күрт өзгеруімен байланысты: мұзбасу кезінде суыққа төзімсіз түрлер экваторға қарай  жылжыса, мұзбасу процесіндегі аралық жылымықтар кезінде кері қайтқан. Жылу мен суықтың жиі алмасуы жануарлар  мен өсімдіктердің бейімделуін  туғызды, ал бейімделе алмағандар жаппай қырылды. Бұл өзгерістер днепр мұзбасуы (мұздың қалыңдығы қазіргіден үш есе көп) кезінде қарқынды өтті. Плиоценнің соңы мен төрттік жүйенің басында Шығыс Еуропаның онтүстігінде жылу сүйгіш жануарлар: мастодонттар, Оңтүстік пілдері, Громов пілі, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Осы кезде Батыс Еуропаның оңтүстігімен Қазақ даласында бұл жануарлардан басқа гиппопатамдар мен түйеқұстар болған. Плейстоценнің соңы мен голоценнің басындағы қатал климатта өмір сүрген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар және үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен.

Мұзбасу әсері


Мұзаралық жылымық кездерінде климат қазіргіге ұқсас, кейде шамалы жылылау болды. Мұзбасу атмосфераның жалпы айналысына әсер етті. Мұздықтарға  жақын аймақтарда климат құрғақ болды  да, қоңыржай белдеудің орманды белдемі  кішірейіп, тундра белдемі кей жерлерде даламен шектесіп жатты (плейстоценде). Төрттік жүйенің ең басты биологиялық  оқиғасы – адамның қарқынды дамуы. Төрттік жүйенің табиғи жағдайларын  сипаттағанда екі факторға назар  аударылады:

  • мұзбасу кезеңі
  • мұз аралық кезеңдер.

Мұзбасу орталықтары

Құрлықтық мұзбасулар солтүстік  жарты шарды қамтыған. Мұзбасу  орталықтары Балтық және Канада қалқандарында  орналасқан, оларды басқан мұз қалыңдығы 3 км-ге жеткен. Қалың мұз теңіз  суы есесінен пайда болғандықтан мұздану кезінде мұхит деңгейі 80 – 120 м-ге дейін төмендеп, мұзаралық жылымық кезінде орнына келіп, эвстатиктік ауытқуларға ұшырап отырған. Мұхит деңгейінің төмендеген кездерінде Солтүстік Еуразия мен Солтүстік Американың материктік қайраңы көп таяздап, кейде құрғап та отырды. Осының салдарынан Британ аралдары бірнеше рет Еуропамен қосылып, Берингов бұғазы арқылы Азия мен Америка арасында пайда болған “көпірмен” Еуразияға бұғылар, Америкаға мамонттар өткен. Соңынан бұл бұғаз арқылы Американы адамдар қоныстана бастады. Үлкен мұз жабындары Еуропада солтүстік ендіктің 50 градусына, ал солтүстік Америкада 40 градусынақа дейін жеткен. Мұз қалқаны Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай, т.б. таулар мен жоталарды етегіне дейін басып жатқан. Оңтүстік жарты шардағы мұзбасу Антарктида мұзының қалыңдығын екі есеге арттырып, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия тау массивтерін ғана жапқан.

Мұзбасу сатысы


Альпі үшін жасалған климатостратиграфиялық шкаланың эталоны бойынша (1909 жылы жасалған) 4 мұзбасу сатысы ажыратылады:

  • гюнц
  • миндель
  • рисс
  • вюрм

Басқа аудандардағы мұзбасулар осы сұлбамен салыстырылады. Мысалы, Шығыс Еуропадағы бастапқы төрттік  варяг және ока мұзбасулары гюнц және миндельге, ал төрттік пен соңғы  төрттіктегі днепр мен валдай мұзбасулары рисс және вюрм мұзбасуларына  сәйкес келеді. Ең қуатты мұзбасу днепр  мен москва мұзбасулары. Төрттік  жүйеде Каспий теңізінің деңгейі де көп өзгеріске ұшыраған. Ең үлкен трансгрессия кезінде оның ауданы екі есе артып, деңгейі 100 м-ге көтерілген. Плейстоценде ол мұхиттың ешқандай әсері жоқ алып көлге айналған. Төрттік жүйенің басталуынан ортаңғы плейстоценге дейін Қазақ жерінің оңтүстік аймағы тау жоталарының астынан келген жылу мен Үнді мұхиты алабынан соққан жылы әрі ылғалды ауа массаларының ықпалында болып, Қаратау, Алатау бөктерлері және Сарыарқа даласының онтүстігіндегі қолайлы табиғи жағдайлар қалыптасып, сақталып қалды.

 

Төрттік түзілімдермен байланысты қазба байлықтарын бірнеше генетикалық  топқа бөлуге болады:

  • әр түрлі шашылымдар
  • шөгінді кендер
  • бейкентасты қазындылар
  • жер асты сулары мен мұздықтар

 
Әсіресе, темір кендерінің маңызы зор. Мұхиттың терең сулы алаптарында  темір, марганец және мыс-ванадий тасберіштері, экваторлық және тропиктік белдеулерінің  морылу қыртысында кобальт, никель, мыс, марганец және отқа төзімді саздар шоғырланған. Құрылыс материалдары лигнит пен шымтезек дамыған. Мұндағы  жер асты суларының да маңызы жоғары, олар әлемдік тұщы су қорының 70%-ын құрайды. [1]

АНТРОПОГЕНДІК АККУМУЛЯЦИЯ

адамның қарекетінің салдарынан жер бедерінің үйінділерден және шайындылардан тұратын (корғандар, үйінділер, бөгеттер, қазындылар және тағы да басқалары) аккумуляциялықпішіндерінің түзілуі.

АНТРОПОГЕНДІК БЕДЕР

адамның шаруашылық карекетінің  әсерінен пайда болған немесе едәуір өзгерген бедер пішіндерінің жиынтығы. Бедердің антропогендік өзгеруі  жерді мелиорациялау (террасалау, беткейлерді белестеу, суару және коріздеу торларын жасау) кезінде, құрылыстар (үйінділер, дамбалар, ойық- тар, каналдар) салған кезде, бұзылған ландшафтыларды қалпына келтіргенде қалыптасады.

АНТРОПОГЕНДІК ЖҮКТЕМЕ

табиғи ортаның кейбір құрамдастарына (жер бедеріне, топыраққа, өсімдікке, жануарлар дүниесіне  және тағы да басқалары) немесе тұтастай ландшафтыға тікелей және жанама антропогеңдік-техникалық әсерлердің дәрежесі.

АНТРОПОГЕНД1К ҚҰРАМДАСТАР

адамның өндірістік және өндірістік емес қарекеттерінің ер түрлі "іздері" мен нысандары - ер текті құрылыстар мен плантациялар.

АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТ

адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай-ақ табиғи ландшафтыны  әдейілемей өзгертуі барысыңда пайда  болған географиялық ландшафт.

АНТРОПОГЕНДІК ТОПЫРАҚТАР

адамның қарекетінің нәтижесінде  түзілген топырақтар. Мысалы, ауыл шаруашылығы  жерлерінің, көшетханалар мен жылыжайлардың өте құнарлы топырақтары.

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР

табиғаттың кейбір құрамдастары мен табиғи кешендеріне адамның  әр түрлі қарекетінің әсерінен туындайтын факторлар.

АНТРОПОГЕНДІК ЭКОЖҮЙЕЛЕР

Aдам өзгерткен немесе  адам қолдан жасаған мәдени экожүйелер.


Информация о работе Антропогендік жүйе