Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:24, реферат
Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.
Кіріспе
Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
Қорытынды
Қорғаныш жүйесінің міндеттері:
9 жасырын және өте жасырын ақпараттарды онымен рұқсатсыз танысудан және оның көшірмесін жасап алудан қорғау;
10 деректер мен программаларды рұқсат етілмеген кездейсоқ немесе әдейі өзгертуден қорғау;
11 деректер мен прогграммалардың бұзылуының салдарынан болатын шығындан көлемін азайту;
12 есептеу техника құралдарының көмегімен орындалатын қаражаттық қылмыстардың алдын алу және т.б.
Сенімді қорғаныс құру үшін мыналар керек:
- ақпарат қауіпсіздігіне төніп тұрған барлық қауіп-қатерлерді айқындау;
- олардың келтіретін залалдарын бағалау;
-нормативті құжаттардың талаптарын, экономикалық мақсатқа лайықтылықты, қолданылатын программалық қамтамамен сайысушылықты және қақтығызсыздықты ескере отырып қорғаныштың керекті шаралары мен құралдарын анықтау;
- қорғаныштың таңдап алынған шаралары мен құралдарын бағалау.
Ақпараттық қорғау жүйесі - деп белгіленген қорғаныш мәселелерін шешу үшін онда көзделетін барлық құралдар, әдістер және шаралардың ұйымдастырылған жиынтығын айтады.
Ақпарат қорғау жүйесін құрудың жалпы әдістемелік ұстанымдары:
13 тұжырымдамалық тұтастық-бірлік,
14 талаптарға барабарлық,
15 икемділік,
16 функционалдық тәуелсіздік,
17 пайдалану ыңғайлығы, берілетін құқықтарды шектеу,
18 бақылаудың толықтығы,
19 қарсы әрекет жасаудың белсенділігі
20 тиімділік.