Арал теңізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 13:16, реферат

Описание

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңіз көлемі жағынан екінші орынды еленеді.Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың км2, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.

Работа состоит из  1 файл

Арал теңізі.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)


                              Арал теңізі

 

            Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңіз көлемі жағынан екінші орынды еленеді.Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың км2, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.

              Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударуда, Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан-жақты зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С.Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.

              Арал теңізі аймағының климаты қатаң континентті, құрғақ. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 100мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын-шашыннан бірнеше есе көп.

Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы +24 С, +26 С, қыста -7 С, -13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып тайыздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.

               Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

              Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң-құс түрлері қорғауға алынған. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.

               Аралдың экологиясы. Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандарың экологиялық жағдайларының нашарлануының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп- Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режімін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан  Арал  теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км  су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды  шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км  жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріп, қоршаған ортаға  таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

             Атмосфераға  зиянды заттардың  шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфераға ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында  жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттау басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек аурулары және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда. Қазір Арал теңізінің экологиялық жағдайы шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. 1988 жылы «ХХ ғасыр: бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шараларға шет мемлекеттер де аталасуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.  

 

     Арал-Сырдария су алабының қазіргі экологиялық жағдайы

 

               Арал-Сырдария су алабының соңғы жарты ғасырда зор экологиялық апатқа ұшырағаны белгілі. Үлкен Арал теңізінің  қайырылмас  құрдымға кеткені халқымыз үшін орны толмас өкніш. 1992 ж. Үлкен теңізде ең соңғы экологиялық зерттеу Ресей ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сол жылы теңіз суының тұздылығы орта есеппен 33,8 %(%-промиля, немесе г/дм3) болған. Демек 1950- 1960 ж.мөлшерінен (10,08 %) үш еседен артық  жоғарылаған болатын. 1996 ж.зерттеулеріміз бойынша теңіз суының тұздылығы 42,1-84,3 % шамасында кей  жерлерде 85,8% жетті. Кейінгі жылдардағы деректер бойынша су тұздылығы 100% дейін көтерілген. Демек Үлкен Арал  айтарлықтай  тіршілік қалмаған өлі теңізге айналды.

                Кіші Арал теңізінің қалпына келтіру шаралары 1992- жылдан басталды. Жергілікті ұйымдардың күшімен екі дүркін екі теңіз аралығына уақытша бөгет салынды. Бірақ олар су деңгейі көтерілген мезгілде жарылып, жиналған су Үлкен  теңізге ағып кетіп жатты.

                Соңғы жылдары Кіші  теңіз және Сырдария  өзенін қалпына келтіру  жобасы іске  асырылуда. Көкарал  бөгеті салынып теңіз суы 42 метрлік деңгейге көтерілді. Бұл деңгейде  теңіздің  жалпы  аумағы 330 мың гектарды құрайды. Келешекте Кіші Арал теңізін қалпына  келтіру  жобасының  екінші сатысында  су деңгейі  бұданда жоғары  көтеріліп теңіз суын Арал қаласы маңына жеткізу  шаралары  көзделіп  отыр. Сырдария  өзені атырауында орналасқан  үлкен  көл  жүйелері   соңғы жылдары мөлшерлі  деңгейіне дейін  суға  толтырылып, өздерінің табиғи  аумағына келтірілді. Бұл  маңдағы  бес көлдер  жүйесінің  жалпы аумағы 85,8 мың гектар, оның  ішіндегі  ең  ірілері Қамыстыбас көлдері  51,4 мың  гектар, Ақсай-Қуаңдария  көлдері  25,0 мың гектар, Ақшатау көлдер жүйесі- 20,5 мың гектар.

                Әрине бұның барлығы қуанарлық іс, өйткені  бұл  айдындардың  қалпына  келтірілуі  балық  шаруашылығын  және  экономиканың басқа да салаларын өркендетуге  үлкен ықпал  жасамақ. Халықтың  әлеуметтік  жағдайын  көтеруге  және  осы маңайдың экологиялық жағдайын жақсартуға  бұл  шаралардың  мәнісі үлкен.

                 Іске асырылып  жатқан  Кіші Аралды  және Сырдария  өзенін  қалпына келтіру  жобасына  енгізілген  біздің  мекеме  мамандарының болжамы бойынша келешекте жылына Кіші Арал  теңізінің 3,0 мың  т., көлдер жүйесінен 4,2 мың т. балық  аулауға  мүмкіндік туады.

                 Қазіргі кезде Кіші Арал суының  біртіңдеп тұщуына байланысты өзенде мекендейтін балықтар- сазан, табан, көксерке, жайын т.б. теңізге кең  тарала бастады. Оларға қоректік теңіз  организмдері де  көбейіп келеді. Көлдер жүйесінде  де су  едәуір тұшып балықтың өсуіне, көбейуіне жағымды  гидрохимиялық жағдайлар бар. Бұл қолайлы өзгерістер теңізде  және көлдерде балық шаруашылығын  қалпына келтіру және одан әрі  дамытуға жол ашады.

                  Бірақ та Арал- Сырдария су алабындағы өзен, көлдер суының  сапасына антропогендік әрекеттердің  ықпалы  өте  үлкен  болып отыр. Өзен жүйесіне  құйылатын  ауыл  шаруашылығы және  өндірістік кәсіпорындары  тарапынан  улы қалдықтармен  ластанған сулар  мөлшері өте мол. Сырдария жүйесіне жыл сайын 12-14 км3 ластанған өндірістік және коллектор- дренаждық сулар  құйылады. Өзеннің тек  төменгі ағысында ол сулардың мөлшері 1,2-1,5 км3.

                  Сонымен қатар өзен  өте  көп ласты Өзбекстан территориясынан  әкеледі. Өзеннің транзитті  ағысында пестицидтердің (ДДТ, ГХЦГ), мұнай өнімдерінің, фенолдар мен  азотты қоспалардың мөлшері өте  жоғары  екендігі байқалады. Мырыш, мыс және  сынап мөлшері  балық  шаруашылық суларының  нормативті шекті деңгейінен  жыл  бойы артық.

                  Сырдария өзені Қазақстан  территориясында да  едәуір  ластанады. Табиғат қорғау  мекемелерінің ресми деректері  бойынша, Сырдарияның  салалары  Келес, Арыс және  Бадамның суының ластану индексі 3,2-4,3, яғни 4-5 «ластанған» және «лас» кластарына жатады.

                    Өзен суының осындай жоғарғы деңгейде ластануы оны қабылдайтын Шардара  бөгені, Арал  теңізі  және  көптеген  көлдер жүйесінің  су  сапасын өте  төмендетіп отыр. Пестицидтер, ауыр  металдар  және басқа да улы  заттар аталған су  айдындарының  экологиялық  жүйесінде  кең тарап, жинақталуда. Оларда мекендейтін  балықтар  және өсімдіктер  денесінде  пестицидтер  мен  металдардың тұну мөлшері  жоғарғы көрсеткіштерге  жетуде. Айдындар экожүйесінде  соңғы  жылдары ДДТ метаболидтері мен мырыш  хром элементтерінің жоғарғы мөлшерде жинақталуы  байқалды.

                     Арал-Сырдария су алабында  соңғы  15-20 жылдарда  балық  өлу оқиғасы тіркелген жоқ. Бірақ та улы заттардың  суда, балықтар  денесінде және  олар  қорек ететін  объекттерде нормативтен жоғары  деңгейде  жиналуы балықтардың көбеюіне және тағы басқа  маңызды  тіршілік  жүйелеріне  зиян  келтіреді. Бұл ғылым жүзінде   дәлелденген қағида.

Айта кететін  бір жайт, салынған Көкарал  бөгеті Кіші Арал  теңізі  балық қорына  тигізіп отырған  кейбір  жағымсыз  әсерлері де бар. Бұл бөгет 2005 жылы  іске қосылып  Кіші теңізге  Сырдария  суы  қарқынды  жинала  бастады. 2006 жылдың көктемінде  теңіз  суы 42 м  деңгейге көтерілді. Жобаға сәйкес  одан артық  су бөгеттің су ағытатын   қондырғылары арқылы Үлкен Арал теңізіне қарай ағызылды. Өкінішке орай  сол сумен Кіші Аралдан өте көп балық және оның шабақтары кетіп екі теңіз  арасында жаппай  қырылды.

                      Бұның себебі бөгеттің  жобада  көзделген балық  қорғау қондырғысымен жабдықталмағындығы. Демек бұл бөгет құрылысы кезінде  жобадан  аутқудың  нәтижесі. Жасалған  жобада  Көкарал  бөгетінде  бұл қондырғының  керектігі  дәлелденіп, құрылыс құрамындағы  объектілер қатарына  енгізілген. Аталған жобада  балық шаруашылығын  қалпына  келтіру және  өркендету  мәселесі  үлкен  маңызды орын алған. Үйткені жобада көрсетілгендей, бұл гидротехникалық  құрылыстың экономикалық және шаруашылық тиімділігі балық шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты. Айтылған және де басқа жағдайларды еске ала отырып, балық шаруашылығы  ғылыми өндірістік  орталығы  мамандары  мынадай шараларды жүзеге асыруды ұсынады:

-         Кіші Арал теңізін және Сырдария өзенін қалпына келтіру жобасының екінші  сатысын  жүзеге асыру;

-         Кіші Арал  деңгейінен артық  Көкарал  бөгеті  арқылы босататын суды Үлкен  теңіздің Тұщыбас шығанағы жіберіп, оны тұщытып, балық өсіруге пайдалану;

-         Көкарал бөгеті  арқылы  ағытқан  сумен  кететін  балықтар  мөлшерін тежеу үшін  ол суды  күз  немесе қыс мезгілінде  ағыту  қажет;

-         Көкарал бөгетін  балық  қорғау қондырғысымен  жабдықтау құрылысын тездетіп жүзеге асыру қажет.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

                       Адамзат баласының дамуы қашан, қай қоғамдық құрылыста болмасын табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат – адам өмірінің басты негізі. Табиғат байлығынсыз тіршілік ету мүмкін емес, бұл – заңды нәрсе. Осыған сүйене отырып, біз қоршаған  ортаны қорғау мәселесінің әлемдегі ең басты мәселелердің бірі екеніне көзімізді жеткіземіз. Қазір бүкіл дүние жүзіндегі елдердің барлығы қоршаған ортаның  тазалығы үшін  қолдан  келген мүмкіндіктерін жасауда. Хайуанаттар мен  құстардың қырылуы, бағалы балықтар қорының азаюы, өзендер мен көлдердің, су қоймаларының ағынды сулармен, улы қалдықтармен  ластануы, ядролық қарулардың сынақтарының зардабы – адамның  табиғатқа жағымсыз әсер етуінің нәтижесі.

                       Қоршаған ортамыздың жағдайы табиғатқа деген саналы көзқарасымызға байланысты. Суды, жерді, ауаны ластау, таза ұстау, табиғаттың байлығын тоздыру немесе жақсарту өз қолымызда. Ендеше табиғатымыздың гүлденуіне, көркеюіне ат салысуымыз керек, бұл әр  адамның парызы деп түсінеміз. Қарасаңыз, кез келген елдің болашағы халқының денсаулығына, рухына байланысты. Сондықтан да біз тек экологиялық мәселелерді шешіп барып, мемлекетіміздің  экономикалық-әлеуметтік  жағдайын одан әрі жақсартатын боламыз. Ендеше елімізді, жерімізді, халқымызды аман сақтап қалайық.



Информация о работе Арал теңізі