Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 23:35, доклад

Описание

Атмосфералық ауа - айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды.

Работа состоит из  1 файл

Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары.docx

— 33.60 Кб (Скачать документ)

 

Кең байытатын, мұнай өнімдерін  өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп  орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз  технолоғияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу Казанды қатарынан  бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың  негізгі шаралары болып табылады.

Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты  болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне  әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете  отырып, топырақ пен судағы бүкіл  химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен  адамдар тұншыға бастайды.

 

Оның өндіруші көзі –  жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп  жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл  газының да ауадағы шекті мөлшері  көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан  ауа құрамындағы негізгі екі  газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң  сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық  дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай  түрліше үлес қосып келеді.

Біздің республикамызда  атмосфера ауасына шығарылатын  зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде  химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу  институтының үнемі бақылауында  болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға  және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы  арқылы көпшілікті хабардар етеді.

Атмосфераның ластану  индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі  өзгеріп отырады.

Өйткені аталған қалалардағы  өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған  қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары  Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен  Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы  қолайсыз.

Республика жағдайында атмофераның  ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан  жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық  процестер нәтижесінде құрамында  қатты және сұйық бөлшектері бар  газ тәрізді заттар орасан көп  мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

Атмосфера тұрақты көздерден  шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар  бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың  т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары  болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,

металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары  шоғырланған.

      Атмосфераны қорғау – атмосфера қабаттарының химиялық және энергиялық тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтауға арналған шаралар жиынтығы. Адам баласы өзінің материалдық мұқтаждығын өтеу үшін өнеркәсіпті, автокөлікті,  ғарышты, су көліктерін пайдалана отырып, атмосфераның ластануына жол береді. Атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары – ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарында аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынан бөлінетін газ тәрізді, аэрозол, ауыр металдар, фенолдар, т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау.

   Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті  одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының   Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар  мен атмосфера ластануының алдын  алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік  жоспарларында көзделеді.  Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық  ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері   белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы  ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары  мен  қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

Рұқсатта көзделген шарттар  мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау  жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер  мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға  дейін шаралар қолданылуға тиіс.       «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»  заңға  сәйкес атмосфералық ауаны  қорғау туралы дауларды шешу  сот  арқылы  жүзеге  асырылады. Қазақстан  Республикасы мен басқа елдер  арасындағы атмосфералық ауаны қорғау саласында туындаған дауларды мүдделі  елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.

      Атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы   заңдардың   мынадай талаптары  бұзылған  жағдайларда:

—   атмосфералық   ауаға  лас  заттар   шығарудың   жол берілу шегінің нормативтерінен  асып кеткені;

—  атмосфералық ауаға  зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

—   атмосфераға шығарылатын  заттарды тазалау және бақылау   үшін орнатылған  құрылыстарды,   жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану  ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

—  атмосфералық ауаны  қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын    жаңадан    салынған    және   қайта құрылған    кәсіпорындарды,    құрылыстарды   және   басқа объектілерді   пайдалануға  қосқаны;

—     шығаратын    заттарында    лас    заттардың    құрамын   белгіленген      нормативтерден,      мәселен,      автомобильдер,  ұшақтар,   кемелер   және   басқа   қозғалыс   құралдары   мен қондырғыларын  артық  өндіріп,  оларды  пайдаланғаны  үшін;

—   өнеркәсіптік  және тұрмыстық қалдықтарды  жинап  қою,   өсімдік   қорғау   құралдарын,   өсімдіктің өсуін   шапшаңдататын   заттарды,   минералдық   тыңайтқыштар   мен басқа     да     аппараттарды     тасымалдау,     сақтау     және қолдану   ережелерін  бұзғаны,  атмосфералық  ауаны  ластағаны  немесе  ластайтын  қатер  төндіргені;

—  мемлекеттік бақылауды  жүзеге асырушы органдардың   атмосфералық   ауаның   қорғалуын   қамтамасыз   ету жөніндегі   нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар     Қазақстан     Республикасының     заңдарына    сәйкес қылмыстық,    әкімшілік,    тәртіптік,    материалдық    және басқадай жауапқа тартылады.  


Информация о работе Атмосфераны ластанудан қорғау жолдары