Қауіп төнген Балқаш көлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:05, реферат

Описание

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстан картасындағы Балқаш көлі
2 Табиғаты
3 Балқаш аңызы және атауы
4 Балқаш өңіріндегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі
5 Қауіп төнген Балқаш көлі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Балкаш.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Жоспар

Кіріспе

1 Қазақстан картасындағы  Балқаш көлі

2 Табиғаты

3 Балқаш аңызы және  атауы

4 Балқаш өңіріндегі  жануарлар мен өсімдіктер дүниесі

5 Қауіп төнген Балқаш  көлі

 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 Қазақстан  картасындағы Балқаш көлі

 

Балқаш көлі Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Балқаш Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 22 мың км2, ұзындығы 600 км- ден астам,ені шығыс бөлігінде 9 19 км, батыс бөлігінде: 74 км-ге жетеді. Суының көлemі шамамен 100110 км3, Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық, Орташа тереңдігі 5,8 м. Ал ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші,Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

 

 Табиғаты

 

Балқаш өңірі - әрі  жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін  табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

Батыстан оған тас-топырақты  Бетпақдала шөлі жалғасады, ал солтүстіктен аласа тастақ шоқылар иектейді. Бұлардың арасын Тоқырау, Жәмші, Мойынты өзендері иректеп өтеді. Оңтүстігінен көлге Тауқұм, Сарыесік – Атырау құмды шөлейттері ұласып жатыр. Қазастанның табиғаты көркем жерұйықтарының бірі – Іле өзенінің атырауы осы тұста. Балқаш өңірі арқылы түрлі географиялық аймақтардың шекарасы өтеді. Бұл – солтүстікке ең жақын өсетін шөл дала өсімдіктері аймағы, сондай-ақ оңтүстікке ең жақын қарағайлы өңірлер. Мұнда бірегей және өте сирек өсімдіктер мен жануарлар көп, ал отызыншы жылдарда жолбарыстар мен құландар да еркін жортқан. Бұл – оңтүстікте және солтүстікте ұя салатын жыл құстары кездесетін сирек аудандардың бірі. Шөл даланың қатал тіршілік-тынысы өзінше әсем. Жаздың күні мұнда шаң-тозаңды, құмды дауылдар көтеріледі, ал қыста алай-түлей қарлы боран соғып тұрады. Жазғы ыстық 48 градусқа дейін жетеді, ал жауын мүлде жаумайды десе де болғандай.

 

                    Балқаш аңызы және атауы

Ертеректе Балқаш бойының  тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.

Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел Жұмбақ көл деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш өңіріндегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі

 

ХХ ғасырдың 50-жылдарына  дейін бұл жерде хайуанаттар  қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

Балқаш өңірін әр түрлі  құстар мекендейді. Көлдің шеткері  түпкірлерінде қызғылт және бұйра  бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде  жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе  елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық  және оның қарама-қайшылықтары да өте  көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле – Балқаш бассейнің биологиялық  тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы  тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.

Көлдің солтүстік жағалауында  отандық өндірістің алыбы, әлемдік  кәсіпорынның алдыңғыларының бірі –  "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл  сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.

 

 

 

 

 

 

Қауіп төнген Балқаш көлі

 

Бүгін Қазақстан ғалымдары  тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.

Балқаш көлемі бойынша Орталық  Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік  жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген. Көл жағасында  тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі  көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.

Су деңгейінің төмендегеніне  табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті.

Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле  суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.

Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар  тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен.

Бұл туралы зейнетке шыққан ғалым Михаил Сироткин айтады:

"Халықтың басым  бөлігі Балқашқа құрғап кету  қаупі төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап  кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі не істеу керек деп қимылдай бастайтын шығар. Ол заңды да. Өйткені, проблеманың бар екенін халық әзірше білмейді", - деп шағымданады Михаил Сироткин.

Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін. Қоршаған ортаның жанашырлары осылай дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Бұл жөнінде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова және "Табиғат" экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов құлағдар етті. Осы ретте қыркүйектің аяғында Балқаш өңірінің экологиялық мәселелеріне арналған екінші халықаралық форум өтпек. Айта кету керек, бірінші форум осыдан бес жыл бұрын өткен болатын. Айткүл Самақованың айтуынша, алдағы форумда талқыланатын маңызды мәселенің бірі-Қытай жағы тарапынан аймақтағы тұрақты даму бағдарламасына қатысты шешім қабылдау болмақ.

Балқаш көлі- ұзындығы 700 шақырымға жуық қайталанбас табиғи су қоймасы. Балқаш суының 80 пайызын Іле өзенінен алады екен.Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде орташа тереңдігі 6-ақ метр Балқаш көлінің тартылып, түбіндегі тұздың ауаға ұшуына, сөйтіп жақында орналасқан тау мұздықтарының еруіне және көлдің айналасында мекендейтін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады, дейді "Табиғат" экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

 

 

                               Қорытынды

 

Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңт.-шығыс  аймағында 20 ғ-дың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі екі себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиясының тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 су қорының 11,9 -і (80%) Іле өзенімен келсе, қалған 3,0 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 – 85 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 -ден 11,8 -ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 -ге дейін өсті, оның 6,5 суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 -ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсалют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 46 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өз-нің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының

90%-ы тек Иір тармағымен қосылған  Қоғалы тармағына жинақталып, бір  арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 есе өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аумағы 1 -ден астам 86 ірі мұздықтың алтауы ғана қалды. 1980 – 90 ж. Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 м-ге төмендетілді, сөйтіп, көлде 2 есеге (28 км3-дің орнына 14,5 км3) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады.

 

 

 

 


Информация о работе Қауіп төнген Балқаш көлі