Ағза және орта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 11:29, реферат

Описание

Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттері әр түрлі және үнемі өзгерістерде тұрады.
Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі, өзгермелі тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.

Работа состоит из  1 файл

Агза и орта(2).doc

— 85.00 Кб (Скачать документ)

Гүлдер  мен өсімдіктердің  бейімделушілігі.    

Ертеде  ассириялықтар мен вавилондықтар  Екі өзендік мемлекетінде құрма  пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).    

Х.К.Шпренгель  «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында  гүлдердің құрылысы сол өсімдікті  тозаңдыратын және балауызымен қоректенетін насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасының нектар соратын  мүшесі ұзын болып келеді; Оңтүстік Америка көбелегінің де тұмсықтары өте ұзын болуы гүл формасына  байланысты; шмель -> аконит, т.б.    

Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.

  1. Қоректену немесе трофикалық байланыс.
  2. Топикалық байланыс (грекше топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.
  3. Форикалық (латынша форас – сыртта) – бұл байланыс бір ағзаның басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Экологиялық факторлар  әсеріне организмдердің  жалпы заңдылықтары

 

 

    Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен  оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.     

Өзара әрекеттесу факторлар  ережесі: бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Бергман ережесі (1847 ж): бір түрге жататын дене көлемі әртүрлі өкілдердің ішінде неғұрлым ірілері анағұрлым салқын аудандарда таралады.

Аллен ережесі (1877 ж): жылы қанды жануарлардың салқын климаттық жерлерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді    

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар  ережесі (1840 ж): экологиялық факторлардың жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор организмнің күйіне көбірек ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.    

В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңы (1913 ж): экологиялық фактордың минимумы ғана емес, максимумы да шектеуші фактор бола алады, олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық (лат. шыдау, төзу) шамасын, яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділік аумағын анықтайды.    

Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Оны әрбір ағзаның өзіне  тән экологиялық валенттілігі анықтайды. Экологиялық валенттілік дегеніміз  экологиялық факторлар әсеріне  организмдердің төзімділік шегі (серпімділігі). Бір ағзалар үшін төзімділік аймақ  аралығы біршама көп, мұндай ағзалар  эврибионттар тобына жатады (грекше эури – кең, биос – тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады (грекше стенос – тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер :

 

  1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.
  2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология  негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
  3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
  5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
  6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

Информация о работе Ағза және орта