Қазақстан экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 15:44, творческая работа

Описание

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

Презентация1.pptx

— 7.06 Мб (Скачать документ)

Қазақстан экологиясы

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан құрамына

 

    • Батыс Қазақстан,
    • Атырау,
    • Маңғыстау 
    • Ақтөбе облыстары кіреді.

 

Бұл аймақ Республиканың  ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

 

Каспий теңізі

  • Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.

 

Каспий  теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

  • Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу

фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

  • Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.
  • Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр

Каспий теңізінде  су деңгейінің өзгеруі

Каспий теңізі аумағындағы  экологиялық дағдарыс ошақтары:

 

    1. Кен орындарының қалдықтары жанып жатқан теңіз жағалауы ( Түркменстан аумағы).
    2. “Теңіз” мұнай кен орнындағы ауаның жоғары температуралық ауытқуы.
    3. Мұнаймен ластанған шалшықтар (Жанаөзен маңы).
    4. Баутин порты айлағының ластанған айдыны.
    5. Мұнайлы Тастар аралдарындағы (Әзербайжан) мұнай өндіру кәсіпшілігі нысандары.
    6. Мұнайлы Тастар аралдарындағы жанып жатқан кен қалдықтары.

Мұнайдың  төгілуінен

зардаптар

Жарамсыз  қалдықтарды

Қайда жібереміз?

Мұнайдың  төгілуі

Ақ бөкендірдің мүйізі үшін, адамдардың  оларды өлтіруі

Орталық Қазақстан

 

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

 

    • Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

 

    • Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.

 

    • Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.

 

    • Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска кұрылыс кәсіпорындары,тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

 

Экологиялық проблемалары

 

Республика аймағында бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде

Қоқыс

2007жылы рұқсатсыз ұйымдастырылған қоқысты жинақтау орындары (полигон) 600 жабылды.

Санитарлық-экологиялық 

талаптарына сай 500 орын келтірілді.

Оңтүстік  Қазақстан

 

Оңтүстік  Қазақстан, 

Алматы, 

Жамбыл, 

Қызылорда облыстары

Арал теңізі

Арал теңізінде су деңгейінің өзгеруі

Арал апатына  себеп болған факторларға:

 

    •  Жергілікті жердің тарихи – табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
    • Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
    • Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
    • Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
    • Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді.   Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.

Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды  шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына  зардабын тигізуде.

Арал деңгейінің өзгеруі

Арал теңізін құтқару  жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар  мен жобалар бар. Олар:

 

    •  Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
    • Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
    • Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
    • Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
    • Жер асты суларын пайдалану.
    • Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Балқаш көлі

Балқаштың экологиялық  ахуалы

 

Балқаш көлі –  Қазақстандағы ең

ірі экожүйелердің  бірі. Көлемі – 501 мың км2,

ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км. Ең

терең жері – 26м. Балқашқа құятын жетісу

өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі.

Көл шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде

 орнасқандықтан  оның климаты шұғыл 

континентті болып  келеді. Су айдынының 

булануы өте жоғары болғандықтан,

су деңгейі  тез өзгеріп отырады.

Көлдің экологиялық  жағдайының нашарлау себептері:

 

Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле өзені  бойына салынған Қапшағай су қоймасы  да әсер етеді. Ол Іле суын бөгеу  үшін 1970ж салынған. Іле өзенін қоректендіріп  отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгелді, Үлкен Алматы каналы салынды.

 

Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының көлге  жетпей суармалы егістерге жұмсалуы;

 

Бұрынғы кездері  Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер  Балқашқа құймайды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары:

 

    • Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себеп болды.
    • Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеріледі.
    • Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
    • Көл деңгейі соңғы жылдары 2 м-ге төмендеп отыр. Көл жағалаулары сорланып, шөлдерге айналуда.  

 

    • Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде.
    • Балық аулау 5 есе төмендеді, уылдырық шашу тіпті азайды.
    • Балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
    • Көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. 

1999 жылы “Балқаш көлін  құтқару, оның бүгінгісі мен  болашағы” атты халықаралық деңгейде  экологиялық форум өтті. Онда  Балқаш көлін құтқару мәселелері  қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Форумда

қабылданған

негізгі

шешімдер:

 

5) Суармалы 

жерлердің

көлемін шектеу.

 

3) Ақдала 

және Шарын 

Массивтеріндегі

күріш алқаптарын

азайту;

 

4) Жер асты 

суларын пайдалануды 

жүзеге асыру;

 

1) Іле өзені 

бойындағы өндіріс 

орындарында суды

тиімді пайдалануды 

реттеу;

 

2) Қапшағай 

суқоймасынан 

Балқашқа жіберілетін 

судың үлесін т

ұрақтандыру;

  1880           1900         1920           1940        М  г/л             1980           2000

 

Балқаш көлінде су діңгейінің өзгеруі

Атмосфералық  ауның 

ластануы

Шығыс Қазақстан

Республикамыздың аумағында  ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпияда сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем де шұрайлы жайылымдар еді. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз.

Қазақ даласына жасалған

зардап

    • Ақмола,
    • Қостанай,
    • Солтүстік Қазақстан
    • Павлодар

облыстары өз алдына Солтүстік Қазақстан аймағын құрайды.

 

Солтүстік Қазақстан

Лас қалдықтардың шығуы

Қазақстанның  әдемі жерлерінің  
бірі

Кең байтақ қазақ жерімізді бір ауыздан қорғайық

Назарларыңызға

РАХМЕТ!


Информация о работе Қазақстан экологиясы