Қазақстан мұздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:17, реферат

Описание

Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан мұздығы.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан мұздығы

Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).

Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады:

  • аңғарлық мұздықтар
  • беткейлік мұздықтар
  • денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда)

Осылардың ішінде көбірек  таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық '''Корженевский мұздығы''' – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұзындығы 11,7 км, ауд. 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

"Алтай мұздықтары"

 

Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлшері 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.

"Тянь-Шань мұздықтары"

Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

Өзен

"Ертіс өзені"

Қазақстан өзендерін  ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500–1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4–1,8 км/км² шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км²-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара теңіз алабына қарайды.

Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы 1700 км, жалпы ұзындығы 4248 км. Жоғарғы бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр станцияларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы 1400 км, жалпы ұзындығы 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі алабындағы ірі өзен – Іленің республика шегіндегі ұзындығы 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап, Шамалған өзеніне дейін ұзындығы 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.

"Жайық өзені"

Батыс Қазақстан жерін  негізінен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңтүстік Оралдан басталады. Қазақстандағы ұзындығы 1082 км, жалпы ұзындығы 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.

Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді:

  • қар суынан толығатын
  • мұздық суынан
  • аралас толығатын өзендер

Өзендердің көпшілігі  көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэффициенті негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өзенінің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58–0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солтүстік беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохимиялық құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200–300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500–600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералдығы 100–200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төменгі ағысында) артады.

Өзендердің лайлылығы жөнінен  Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500–700 г/м3). Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50–100 г/м3-ге дейін артады.

Көл

Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауданы 1 км²-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауданы 10 км²-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км²-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 15 623 км² болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км² болатын 17 554 көл ғана бар. Солтүстік Қазақстанда 100 км²-лік аймаққа 3 км²-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орталық және Оңтүстік Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км²-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоникалық және экзогендік түрлерге бөлінеді.

 
Тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан ірі көлдер:

  • Каспий теңізі
  • Арал теңізі
  • Балқаш көлі
  • Алакөл
  • Теңіз
  • Сасықкөл
  • Марқакөл
  • Жалпы республика айдындарының көпшілігі абсолюттік биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км²-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төменгі деңгей қазан–қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансындағы жалпы кірістің 10–90%-ы жер беті ағынынан, 12–40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келеді.[1].

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ↑ "Қазақ энциклопедиясы"

Информация о работе Қазақстан мұздығы