Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 20:05, реферат
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Қазақстандағы
экологиялық проблемалар
Қазақтар - тумасынан табиғатты сүйіп
өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен
қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін,
туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын
айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық
- "экология" деген сөзді естімей
өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің
"Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра
алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз
керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман
халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді
терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел
үшін біраз игі істерді жүзеге асырды.
Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген
көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды.
Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке
орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері
және шапшаң дамуы, адамзаттың барған
сайын аш көздікпен табиғатты тонауы,
биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік
заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде
жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп,
жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған
ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады.
Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы
жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына,
ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның
әр түрлі улы қосылыстармен ластануына
әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер
бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап
аурулардың түрлері және саны көбейді.
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай
құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға
болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін
ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген
көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек,
тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан
бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында,
адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға
деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру
керек. Қазіргі заманға сай экологиялық
идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты
кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге
тәрбиелемесе көп нәрседен үтылатынымыз
хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы,
экология негіздерін жақсы білуі қажет.
Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында,
көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу
керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар
сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда
белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға
мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан
мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен
кездесулер өткізудің нәтижелері мол
болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың
бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған
соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл
бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда
ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді
болашақта, экология саласында білім берудің
аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі,
"экология" пәнін бала бақшаларынан
бастап барлық мектептерде, орта және
жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз
ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді
табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік
аламыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі
күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп
отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына,
республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік
және орталықтандырған түрде күрделі
қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың
ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының
50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі
кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі
тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының
интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен
өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне
келіп жатқан антропогенді салмақтың
жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған
сайын нашарлатуда.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді
қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына
кәсіпорындары ерекше "үлес қосып"
отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат
кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты,
Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор
полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл
комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы,
Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты,
Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар
алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары
мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық
кешені, Қарағанды металлургия заводы,
"Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі,
Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда
1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға
5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған,
ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың
мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы
әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті
улы заттар тиесілі екен.
Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында
өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді,
түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып
жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта
тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының
басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді
екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар,
көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр.
Осылардың салдары болу керек, Балқаш
қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың
түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай
өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып
кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін
құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде.
Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың
көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп
те жүр.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана
мультипликатор - қорғасын ингредиентін
мысалға алайық. Қорғасын - политропты
у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы,
органдар мен тканьдарды, қан жүйесін,
орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап,
бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері
- Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының
атмосфералық ауа құрамында байқалады.
Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері
бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын
мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден
6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар
мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері
арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар,
шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен
науқастанғандардың саны көбейіп отыр.
Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін,
1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға
дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді.
Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның
концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында.
Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін,
1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған
уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы
қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін
жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар
ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер
зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері
де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін,
Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының
техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық
цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд
тонна. Республика бойынша қалдықтардың
16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне
тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл"
өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық
қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік
бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың
тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі
30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма
және қолданылған суларынының әсерінен,
Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы
жөнінен нормативтік көрсеткіштерден
әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың
өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік
жол жүріп өткен соң ғана турбулентті
және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге
аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте
сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі
экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника
жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға
қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай...
Жер және минералды шикізат ресурстары,
ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ
алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға,
үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел
бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың
төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус
қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан
далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып
отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы
5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген
жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар
үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні
анық. Топыраққа рекультивация жасау да
қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың
теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын
жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің
микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін
күй кешеді.
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға,
әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық
және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны
полиметалл кендері, түсті металлургия,
ал микроэлементтерден - қорғасын, хром
оксиді, марганец және уран. Олардың басым
көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге
жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның
тиімділігін солар көріп отыр. Біздің
маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат
өндіретін орындардың маңындағы зиянды
қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ
әсерлері.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы
халықтың науқастануына тигізер әсері
60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі
орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда
экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің
өршуіне ықпал етуде.
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті
республика аумағынан асып, бүкіл планетаның
бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру
бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет
- Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан
және Түркменстанның президенттері бірнеше
рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен,
Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына
қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің
Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына
1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе,
алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан
басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары
пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер
көптеген суару-суландыру жүйелерін іске
қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей
Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып
ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен
асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне
қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы
ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай
күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені
де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі
суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы
жылдардың басында 60 текше шақырым су
берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен,
4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал
теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде
жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың
бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан,
қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға
жуық су айдыны қалып отыр.
Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан
алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады.
Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің
түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы
суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де,
қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі
мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де
сондықтан.
Экологиялық апат аймағында отырған ел,
ең алдымен, ауыз су тапшылғынм көріп отыр.
Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті
тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені,
елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза
су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік
стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз
суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық
жерде, су бір адамға бір шелектен келеді.
Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400
литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы
аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына
кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан
Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның
астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр
ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде.
Соның салдарынан, тұрғындар арасында
жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр
және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші
республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы,
Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы
көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен
науқастанған адамардың жалпы саны 19,5
мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға
болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының
хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын
кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су
жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу,
"Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап,
Кіші Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның
орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе,
ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін
қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай
көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың
қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып,
оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал"
бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау.
Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария
суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып,
үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып,
ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан
бері, оның табиғи байлықтары да көбейе
бастады. Оның болашағы баянды болу үшін,
Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек
жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.
Табиғат - бізге ата-бабамыздан мұраға
қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық
апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші,
күресі қажет.
Қазақстан экологиясы үшін, Семейдегі
полигон әкелген зардап-қасірет орны толмас
өкініштерге ұрындырып отыр. Осы өңірде
жарылған 500-ге жуық бомбаның сойқаны,
адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып,
Жер-Ананы осьінен тайдырын жібере жаздады.
Егер жарылыс тоқтамағанда, әр сынақ табиғатқа
өлшеусіз зиян әкеліп, улы
тозаң мен аждаһа ошағы жарты әлемді ойрандап,
Орта Азияны ядролық тозаңға тұншықтырып,
ондағы халықттың түбіне жететін еді.
Өйікені, осы полигон маңындағы қазақтардын
көбі, дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын
аурулардан қырылғаны белгілі. Жарты ғасырға
жуық жалғасқан атом от-
жалын жер-суды ойрандап, неше түрлі аурулардың
шығуына жол ашты. Осы залалды аймақта
тұратын 1,5 миллионға жуық адам жазылмайтын
дертке шалдығып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын
кеселге душар болғаны жасырын емес