Балқаш көлінің қазіргі экологиялық проблемасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 21:03, реферат

Описание

Халықаралық қауымдастық Арал теңізінің құрғап кетуін ғаламдық деңгейіндегі экологиялық апат деп таниды. Сол апат қоршаған ортаға едәуір түрде залал келтіріп, жергілікті халықтың денсаулығының нашарлауына себепші болды.
Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.
Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Работа состоит из  1 файл

Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы.docx

— 22.58 Кб (Скачать документ)

Балқаш көлінің  қазіргі экологиялық жағдайы

Халықаралық қауымдастық  Арал теңізінің құрғап кетуін ғаламдық деңгейіндегі экологиялық апат деп  таниды. Сол апат қоршаған ортаға едәуір түрде залал келтіріп, жергілікті халықтың денсаулығының нашарлауына  себепші болды.

Бүгін Қазақстан  ғалымдары тағы бір экологиялық  апат қаупін болжамдайды. Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі  бар.

Балқаш көлемі бойынша  Орталық Азияда төртінші көл болып  табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы  экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Би-Би-Си тілшісі  Джил МакГиверинг Балқаш көлінің  солтүстік жағалауына барып, сондағы  жағдайды зерттеп көрген.

Көл жағасында тұратын  жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі  су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті  суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры  қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.

Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені  туралы былай деп айтып берді:

"1968-69 жылдармен  салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі  күрт төмендеді. Қазір өзіміз  тұрған жерімізде бұрын су  болатын. Анау тұрған мұнарадан  жұрт парашютпен суға секіретін.  Кафелер тұрған жерде де су  болатын бұрын", - дейді Егор.

Су деңгейінің төмендегеніне  табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті.

Көлдің негізгі  қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.

Соның үстіне Іле  Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы  жұрт біле де бермейді екен.

Бұл туралы зейнетке шыққан ғалым Михаил Сироткин айтады:

"Халықтың басым  бөлігі Балқашқа құрғап кету  қаупі төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап  кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың  көзі ашылып, кейбірі не істеу  керек деп қимылдай бастайтын  шығар. Ол заңды да. Өйткені,  проблеманың бар екенін халық  әзірше білмейді", - деп шағымданады  Михаил Сироткин.

Әйтсе де, қарапайым  халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай  жыл айналысып келеді. Наталья  Воробьева - биология ғалымы. Балқаштың  шынымен-ақ аянашты халде қалғанын ол мойындап отыр.

"Балқаш көлі  құрғап кетсе, климат өзгереді. Аймақ шөлге айналып, экологиялық  апат орын алады. Арал теңізі  айналасында Балқашқа қарағанда  адам аз тұрды. Балқаш құрғап  кетсе, жергілікті халық көше  бастайды, жаппай эмиграция басталады", - дейді Наталья. 

Оның осы сөздерін тағы бірқатар ғалымдар растап отыр. Кейбірінің айтуынша, Балқаш аралдың тағыдырын  тартса, зардап шегетін Қазақстан  ғана емес бүкіл Евразия аймағы болмақ.

"Халықаралық қауымдастық  Балқаш көліне өз назарын аударады  деп үміттенеміз. Балқаш тек  біздің ғана табиғи қазынамыз  емес - бүкіл әлемнің қазынасы. Аралдың  ғаламдық дәрежедеғі ықпалы жөнінде  бәрі де біледі. Оның құрғап  кетуі тек Орталық Азияға ғана  әсер етпей, Қытай, Монғолия, Еуропаға  да теріс әсерін тигізді. Балқаштың  Арал сияқты құрғап кетуіне  жол беру - барып тұрған қылмыс  деп санаймын",- дейді қазақстандық  табиғат қорғаушы Мэлс Елеусізов. 

Балқаштың жағасына келіп, көлге көз тастасаң, мөлдір суы көкжиекке шейін созылып, күннің көзіне жылтырайды.

Алайда, көлдің құрғап кетуін болдырмау шаралары бүгіннен бастап еңгізілмесе, Балқаштың суы, көлді мекендеген құстар, айналасында  тұратын халық он жылдан кем уақыт  ішінде осы жерден ғайып болуы  әбден мүмкін.  
 

Балқаш өңірі - әрі  жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін  табиғаты жағынан Қазақстандағы  тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып  келетін қуаң дала Балқаш көлінен  нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар  дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына  дейін бұл жерде хайуанаттар  қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын  шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны  да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен  қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.

Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері  түпкірлерінде қызғылт және бұйра  бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде  жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері  әсіресе елсіз даладағы шабындықтар  мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен  және сасыр. Сонымен қатар талды  ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы  сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ  пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге  бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата  тау алабы созылып жатыр.

Балқаш көлі –  Каспий теңізі мен Арал теңізінен  кейінгі ірі көлемді және ағынсыз  су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін  жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін  барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы  шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

Балқаш көлінің  ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс  бөліктерінің минералдарының екі түрлі  болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда  ағып құйылған су түгелге жуық буланып  кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып  отырады.

Іле – Балқаш бассейнің  биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық  шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда  да маңызды су қоймаларының бірі болып  табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна  балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен  оның алабұғасы Халықаралық Қызыл  кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы  тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай  арасында, өзен жағалауларында жыл  сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл  кітабына жазылған жиырмадан астам  құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.

Көлдің солтүстік  жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы  жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс  пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің  әр түкпірінен мыңдаған адам келіп  демалады.  

Балқаш Арал тағдырын қайталауы мүмкін  

29-30 сентября в  Алматы проходил экологический  форум «Балхаш-2007». Казахстанские  экологи бьют тревогу: Балхаш  может повторить судьбу Арала.  Между тем, как считают казахстанские  экологи, проблему Балхаша, невозможно  решить без участия Китая…

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінің 29-30 аралығында Алматыда «Балқаш-2007» атты экологиялық форум  өтуде. Бұл басқосуға Қытай және Қырғызстан сынды көршілес елдердің мамандары қатысады, деп жоспарлануда. Қазақстандық мамандар форумға міндетті түрде қытайлық әріптестерінің келгенін күтіп отыр. Олардың айтуынша, «Балқаш  мәселесін қытайлық мамандарсыз  шешу мүмкін емес».

Бүгінгі таңда қазақстандық мамандар – Қытай мемлекеті суғарлатын жер көлемін көбейтпесе деп алаңдап  отыр. Болжам бойынша, аспанасты мемлекеті  жыл сайын суғарылатын жер  көлемін 3, 64-есеге өсіруі әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде Іле-Балқаш бассейнінің  су балансына кері әсерін тигізіп, Балхаш көлінің жағдайын нашарлатып жібермек. Мұндай жағдайда Балқаш Арал тағдарын қайталауы да мүмкін. Қазіргі кезде  мамандар бұл апаттың алдын алу  үшін түрлі шараларды іске асырып жатқанын айтады. Мәселен, Балқаш көлінің  экожүйесін анықтайтын ғылыми-зерттеу  жұмыстары жүргізілуде сол сияқты, көлдің ауасы мен су сапасын анықтайтын арнайы жүйе іске қосылды. Бірақ, бұл шаралардың нақты нәтижесін көру үшін қытайлық мамандар осы мәселенің түпкілікті шешілуіне ат салысуы керек.

Бұл тұрғыда, Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл САМАҚОВА, аталған мәселе жиі көтерілгенімен Қытай тарапынан қолдау табылмайтынын  айтады: «Жыл сайын біз Балқаш көлі мәселесін айтудай-ақ айтып келеміз, алайда Қытай жағы бұл мәселені келер  жылы қарастырайықшы деп, кейінге қалдыра  береді. Сол себептен үстіміздегі  жылғы Балқаш форумында біз қытайлық әріптестерімізбен ашық сөйлесіп, пікір  алмасамыз, мәселенің шешу жолдарын іздейміз, деп жоспарлап отырмыз», – деді Самақова ханым.

Естеріңізге сала кетейік, Балқаш форумы елімізде алғаш рет  Қазақстанның экологиялық «Табиғат»  одағының жетекшісі Мэлс ЕЛЕУСІЗОВтің ұйымдастыруымен 1999 жылы өткізілген-тін.

«Сол кездің өзінде-ақ, біз, бұл кездесуге Қытай мемлекетінің мамандарын арнайы щақырғанбыз, бірақ  олар біздің шақыруымызды ескерусіз  қалдырды», – дейді бүгінгі таңда  президенттікке үміткер азаматтардың бірі Мэлс Елеусізов.

Айтқандай-ақ, соңғы  мәліметтер бойынша, Қытай мемлекеті  мыңдаған, миллиондаған адамды Шыңжың-Ұйғыр  ауданына көшіріп жатқаны белгілі. «Егер қытайлықтар бұл аймаққа  толықтай көшіп келген болса, онда олар ауыл шаруашылығын дамытуда су тапшылығына  тап болары сөзсіз. Ал, егер біздің көрші  мемлекет Іле өзені суының 15 пайызын  иеленіп жатса, онда келешекте Аралға туған күн Балқашқа да келмек. Бұл  өз кезегінде климаттың өзгеруіне  де әжептәуір әсер етуі ықтимал. Сол  себептен Балқаш проблемасын шешу үшін, бұл мәселені, қалайда халықаралық  деңгейде көтеріп, дүниежүзіндегі мемлекеттер  назарына шығару керек. Қытай су мәселесіне арналған халықаралық конвенцияға  қол қойған жоқ, ендеше біздің мықты  көршіміздің бірі бұл құжатты  мақұлдамай, Іле суын емін-еркі ала  береді деген сөз», – деп түйіндейді Мэлс Елеусізов.

Қазақстандық экологтардың пайымдауынша, Балқаштың мәселесін  шешу үшін бұл тақырыпты Шанхай Ынтымақтастық  ұйымына мүше мемлекеттердің кезекті  басқосуларында көтеру қажет. Алайда, отандық сарапшылар Қазақстан экологтарының  геополитикаға тіреліп отырған  бұл апатты мәселесінің шешімі қаншалықты жүзеге аса қоятынын қазір дөп  басып айта алмай отыр. Себебі, Балқаш тағдырының елді мазалап, алаңдатып  отырғанына біраз уақыт болды, тіпті, осы мәселе бойынша, арнайы сарапшылар тобы да жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, күні бүгінге дейін транс-шекаралық  өзендердің төңірегінде қалыптасып отырған жағдай шешімін табар  емес.

«Қазақстан «Транс-шекаралық  өзендерді бірлесіп пайдалану және қорғау» жөніндегі халықаралық  конвенцияға қол қойғанымен, бұл  құжатты Қытай мемлекетінің мақұлдамағаны, көп жәйтті байқатады, – дейді  саясаткер Мырзакелді КЕМЕЛ. – Ал ресми Бейжин өкілдерінің айтуынша, олар пайдалануға болатын су мөлшерінің тек 20 пайызын ғана пайдаланып отыр. Болашақта олар көп дегенде 40 пайызды  ғана алатынын, осы өлшемнен аспайтынын жеткізіп отыр. Бұл жайында, мәселен, Қытай халық республикасының  Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжоу СЯО ПЭЙ мәлім етті».

Балқаш көлінің  су бассейні мен экожүйесінің тұрақтылығына  көлге келіп түсетін су сапасы мен су көлемі әсер ететіні белгілі. Қазіргі кезде мамандардың тұжырымынша, Балқашқа су әкелетін Іле өзенінің 4,42 текше метрі Қытай жағына ағып жатыр. Ал 2000 жылғы көрсеткіш бойынша, Қазақстанға бұл өзеннен 4,48 текше  метр су ағатын болса, Қытай жағына бес жыл бұрын өзеннің 15,09 текше  метр суын немесе 77 пайызы ағып кететін. Көрші мемлекет шекарасы маңындағы  гидро-бекеттің мәліметті бойынша, қазіргі кезде Қытайдан келетін  судын сапасы нашар, себебі су құрамында өндірістік және мұнай өнімдерінің қалдықтары бар. Сонымен қатар, қазақстандық экологтар «Іле-Балқаш бассейнінің экожүйесіне жергілікті тұрғындардың да әсері мол» дегенді айтады. Мәселен, Балқаш көлі маңында ретсіз ағаш кесіледі, заңсыз аң аулаушылар да аз емес. Осының салдарынан осы өңірде бар 120 түрлі құстың 12 түрі қызыл кітапқа енгізілген, көлде бар балық 20-есеге азайған. Бұрын болған 16 көл жүйесінің 5-і ғана қалған. Қазақстандық гидролог маман Достай ЖАҚЫПтың айтуынша, Балқаш көлі мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама керек, бұл бағдарламаларды іске асыратын қаржы қажет. «Кеңес Одағы кезінде мұндай жұмыстарға қомақты ақша бөлініп, арнайы институттар зерттеу жұмыстарын жүргізетін», – дейді ол.

«Балқаш көлі тек  су көзі емес, ол біздің климатты қалыптастырушы нысан. Егер, көл жойылып, оның маңы тұзға айналатын болса, онда біздің тауларға тұз жауатын болады. Олай болған жағдайда біздің қорда тұрған суы да жоқ болып кетеді, сөйтіп, біз, тек жаңбыр суымен ғана отыратын боламыз. Біздің дабыл қағып, мәселе көтеріп отыруымыздың себебі де осы. Қазіргі кезде көлдің деңгейі  жаман емес, бірақ судың сапасы нашар, суда жүзетін балықтар түрлі  ауруларға шалдыққан. Ал, бұл мәселені шешуге арналған арнайы бағдарлама жоқ, отандық ғалымдар өз еркімен жұмыс  істейді, бірақ нақты қаржылай қолдау болмағандықтан оның нәтижесі болмай жатады. Кеңес Одағы кезінде бұл  мәселені зерттейтін арнайы институт болған, қазіргі кезде су мәселелерімен  арнайы комитет шұғылданады. Меніңше, дұрыс емес», – дейді гидролог маман Достай Жақып.

Информация о работе Балқаш көлінің қазіргі экологиялық проблемасы