Барсакелмес қорығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 02:56, реферат

Описание

Барсакелмес қорығында өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Работа состоит из  1 файл

Барсакелмес қорығы-википедиа.docx

— 44.68 Кб (Скачать документ)

Ендігі айтылатын жәйт, Аралды оңтүстік пен солтүстікке  бөлмей, оның табиғатының тұтастығын толықтай сақтағанымыз абзал. Алайда оңтүстік теңіздің кепкен 4,0 млн га. астам  тіршіліксіз тақыр табаны бүгінде  нағыз апат ошағына айналып, жылына жүз миллиондаған тонна тұзды  шаң жер бетіне таралып жатыр. Жылдар өте келе оңтүстік Арал теңізінің  қалған батыс бөлігіндегі су мүлдем жойылса, экологиялық ахуал бүгінгіден әлдеқайда нашарлай түседі. Қазіргі  таңда сол жердегі шаңды тозаң  желмен көтерілгенде 3-5 метрдегі ағаштарды  ақ түтек тұзды шаңға орайды, осы  құбылыстың салдарынан адамның көзі қызарады, бет-аузы тұзды топырақтан ашиды, тыныс алуы қиындайды. Алайда, бұл құбылысты тоқтатудың өзіндік  жолдары да бар. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, теңіздің құрғаған табанын көк өскіндермен  жауып, осында орман алқабын өсіру. Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғауға немесе орманды алқапты  ұлғайтуға арналған жобада қаралған 35 млн. АҚШ долларының 8 миллионы Аралдың  кепкен табанына 59 мың га. жерді алып жататын сексеуіл отырғызуға жаратылады. Алты жылға жоспарланған бұл жұмыстардың  барысында теңіздің кепкен табанынан жер асты суын ұңғыма арқылы шығарған жағдайда сексеуіл де, жыңғыл да өздігінен өсу дәрежесіне жетеді. Мұнда Оңтүстік Аралды қалпына келтіруге қарастырылған қаржының 5-10 пайызы ғана бөлінсе, жер асты суларын бұрғылап шығаруға болар еді.

Айдың бір бөлігі қараңғы  болғанымен, екінші бетінің жарық  болатыны сияқты, теңіздің сорға айналған тұзды батпағының да өзіндік пайдасы  жеткілікті болып шықты. Оның емдік  қасиеті айрықша. Осы тұзды қара батпақ медицинада жоғары бағаланады. Мысалы, Израиль мемлекетіндегі өлі теңізге шетелдерден келіп ем қабылдап жататындардың миллиондап саналатынын бәріміз де білеміз. Сол секілді Солтүстік Кіші теңіздің батысындағы Ақбасты, Ақеспе елді мекендеріндегі емге шипалық жер асты ыстық суы да көп дертке дауа дер едік. Мұнда жұрт қырық күн шілде кезінде ағылып келіп, өздігінше ем қабылдайды. Бірақ, бұл аққан шипалы су медициналық тұрғыда өзінің лайықты бағасын алып, тиісті емдеу мекемесі санатында болмағандықтан, өз деңгейінде толық пайдаланылмай, босқа ысырапқа ұшырауда.

Сырдария мен Әмудария өзендерінің Аралдың түстік бөлігіне көп жылдардан бері су тастамауынан бүгінде ұлы теңіздің жағалауы жылдан жылға 300 метрден 500 метрге дейін тартылуда. Мұнда Сыр өзенінен біраз да болса түстікке қарай су жіберіледі, ал Әмудің бұл жақты “ұмытқанына” ондаған жылдар өтті. Осылай жалғаса берсе, Барсакелмес аралының батыс бөлігі де 5-10 жыл шамасында құрлықпен жалғасып кетері анық. Сол кезде бұрынғы Аралдың батысы мен шығысындағы тұяқты аңдардың миграциялық жолының өзгеруі әбден мүмкін. Ол осы жердегі табиғи орта құбылысына бұрынғыдан да кері әсер ететіні сөзсіз. Тұзды шаң бүгінгіден де көп мөлшерде әлемге тарайды. Сондықтан мемлекет тарапынан алдын-ала сақтық шараларды бүгіннен бастап қолға алмасақ, экологиялық апат ошағының аумағы бірнеше есеге ұлғаймақ.

– Арал өңірі Тұран ойпатында орналасқандықтан, жер асты суына өте бай, – дейді тағы бір сөздің ретінде қорық директоры Мағжан Тұрсынбаев. – Ғылыми тұрғыдан зерделеп, ұңғымалардың арақашықтығын шахматтық кесте әдісімен 20-30 шақырымнан тастап, жер асты суын дұрыс пайдалана білсе, біріншіден, бұл көтерілген тұзды шаң мен топырақты басады. Екіншіден, табиғи өсімдіктер дүниесі өздігінен өніп шығады, үшіншіден аң мен құстың қатары көбейеді. Төртіншіден, табиғатта экологиялық тепе-теңділік жүйелігі реттеледі. Мысалы, қолдан егілген сексеуілдің 25-30 пайызы ғана өсіп шықса, еткен еңбектің ақталғандығы болып есептеледі. Жылына 10 мың гектар жерге қолдан орман отырғызғанда, әзірге 4 млн. га аумаққа жетіп отырған теңіздің құрғаған табанын қашан көктеп шығуға болады? Ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай: “Табиғаттағы тіршіліктің барлығы да босқа өмір сүрмейді”. Осыдан жүз жыл бұрын Арал өңірінде құстың 319 түрі болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге азайған. Міне, экологиялық апат ошағының бір белгісі деген осы.

Барсакелмес қорығының басқа  осындай бақпанды мекендерден бір  айырмашылығы, оның экологиялық апат аймағында орналасқандығы. Осының өзі  әлемдік табиғат қорғау қауымдастығын  алаңдатуда. Дегенмен, қорық ұжымы  қолдан келгенінше кездескені қиындықтармен  күресіп жатыр. Соңғы уақыттары Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қолдауымен біраз шаруаның басы қайырылды. Қорықтың жер көлемінің он есеге ұлғаюы өз алдына, тұралап қалған ғылыми жұмыстар жолға қойыла бастады. Инспекторлар қызметтік киім, байланыс құралдарын, табельдік қару-жарақтар алса, кеңсеге қажетті техникалар әкелінді, штаттық кестедегі қызмет керлер саны өсті. Алдағы жылы осы шаралар түгелімен қайта қайталанбақ.

Солтүстік Арал бассейніндегі  артық су Көкарал бөгетіндегі шлюз арқылы оңтүстік өлі теңізге 5-6 метрлік биік сарқырамадан құлайды. Сол ағынмен келетін мыңдаған балық қайтып тұщы суға көтеріле алмай, босқа қырылып кетіп жатыр. Дарияның құярлығында балық аулаушылардың осы өңірді өртеп, күл-қоқысқа айналдырғанын да тексерушілер көріп келеді. Қандай қиындықпен оралған Кіші теңіздің табиғи байлығы ретсіз ысырап


Информация о работе Барсакелмес қорығы