Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 10:30, курсовая работа
Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.
Кіріспе......................................................................................................................4
І тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік........................................................6
Биоалуантүрлілік құрылымы мен деңгейлері………………………….....6
Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі……………………………………….8
ІІ тарау. Экологиялық факторлар...................................................................10
2.1. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары……..10
2.2. Экологиялық фактор әсерінің оның белсенділігіне тәуелділігі……….12
ІІІ тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау……………14
3.1. Жануарлардың биоалуандылығы………………………………………..14
3.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі…………………………………………...15
3.3. Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу…………………………...16
3.4. Биологиялық әралуандылықты сақтау………………………………….19
Қорытынды…………………………………………………………….……….25
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………26
Қауымдастықтың
дамуы барысында жалпы
Ортаның қолайлылығы топтпнудағы түрлер санының артуына елеулі ықпал тигізеді. Қорегі аз мекен ететін жерлерде жануарлар жемтігінің әртүрлі типтерінен елеусіз қалдыра алмайды. Ал қорек көп жерлерде олар едәуір күй таңдағыш болады және өзінің тамақ ішу рационын ең жақсы қоректік объектілермен шектеуге мүмкіндігі бар.
Көптеген
организмдер өсіп-өнген ортаның
қолайлы жағдайларында
3.3. Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу.
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі – табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.
Биоалуантүрлілік тек мағызды шаруашылық ресурс ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. Рио-де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенцияларының екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250-ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.
Жабайы түрлер – табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерінің шығаруда маңызы зор.
Жабайы түрлер – дәрі-дәрмектердің маңызды көзі. Қазіргі кезде осы мақсатта шамамен 5 мың өсімдіктің түрлері қолданылады. Олардың жалпы бағасы 40 млрд доллар. Шипалы қасиеті бар өсімдіктердің көптеген түрлері әлі медицинада қолданылмай келеді.
Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.
Биоалуантүрліліктің
экожүйедегі байланыстарының
Биосфераның
геологиялық тарихының
Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарама-қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.
П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.
Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Түрлердің алуантүрлілігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, қандай да бір түрдің толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсақ омыртқалылыр үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.
Ішкі су қоймаларының ластануы, тұздылығының, қышқылдылығының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалылығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе кеміп кеткен. Әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улану, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу факторлері белгілі.
Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекелеген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.
3.4. Биологиялық әралуантүрлілікті сақтау.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Қызыл
кітапқа сирек және жойылу қаупі
төніп отырған ағзалар
Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік көзі нашарланған түрлермен толықтырылады.
Қазақстанның Қызыл кітабын шығаруы, республикамыздын өте сирек жануарларын сақтап қалу және оны қорғаудағы рөлі өте зор.
Экономикалық проблемаларды шеше отырып, біз өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын естен шығармауымыз керек. Ғылым мен техниканың алға басуы адам мен табиғат арасында үндестіктің болу қажеттілігіне еріксіз ой тоқтаттырады.
Қазақстанның Қызыл кітабының жарыққа шығуы біздің әрқайсымыздың соншалықты көркем, әрі тамаша табиғат әлемін сақтаудағы жеке-жеке жауапкер екенімізді саналы түрде ұғынуымызға түрткі болады.
Қызыл кітаптың беттерін аша отырып, бізге жойылып бара жатқан немесе жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері тізімінің өсуіне себепші болатын жағдайлар мен себептер туралы терең ойлануымыз керек.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.
Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітіліп, осы жылдың аяғында оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жарық көрді. Оған 87, оның ішінде: балықтардың 4, қосмекенділердің 1, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрлері енгізілді; олардың барлығы сирек және жойылып бара жатқан деп екі категорияға бөлінді. Бұл кітап бұрынғы Кеңестер Одағы бойынша бірінші басылым болғандықтан тек түрдің аты – жөні және түрге байланысты міндетті мақала ғана емес сонымен қатар қосымша мәліметтер – жануардың сыртқы пішінінің сипаттамасы мен оның жыныстық белгілері де берілді. Басылымның жеделдігіне байланысты көптеген түрлердің таралуы мен саны жайында бұдан 10 – 20 жыл бұрынғы мәліметтер пайдаланылды.
Қазақ ССР Қызыл кітабының екінші басылымына (1991) омыртқалы жануарлардың 129 түрлері мен түршелері (балықтардың – 16, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың – 58, сүтқоректілердің - 42 ) және бірінші рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі (насекомдар – 96, шаянтәрізділер – 1, моллюскалар – 6, құрттар - 2) енгізілген еді. Қызыл кітапта «тіршілік етушілердің» санының біршама өсуі республикамызда жануарлар дүниесінің қалжағдайының тек қана төмендеуінен деп есептеуге болмайтынын айта кеткен жөн, себебі бұл Қазақстан жануарлар дүниесі жайындағы біздің біліміміздің біршама артқандығын көрсетеді. Қызыл кітап алдын – ала сақтауда үлкен рөл атқаратын және тұрақты қызмет ететін документ болып саналады. Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлердің жаңарған тізімін және олардың статусын өзгертуді авторлар ұжымы талқылап, ол Қызыл кітап жайындағы Зоологиялық комиссияның отырысында қаралып, белгіленген тәртіп бойынша оны 1995жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті бекітті.
Қазақстанда «Қызыл кітап » Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16-қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітіледі(Қазақ ССР Министрлігі Советінің № 20 қаулысы).Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді(1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді).Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде:сүтқоректілері– 37, құстар – 43,бауырымен жорғалаушылар
- 8, қосмекенділер
-1 және балықтардың 4 түрі тіркеледі.
1981 жылы Республика Қызыл
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «Жануарлар» мен «Өсімдіктер» деп аталатын 2 томнан тұрады. Әрбір том бір кітап немесе бірнеше бөлім болып басылып шығуы мүмкін. Жануарларға арналған том 3 мәрте (1978,1991,1996) басылып шықты. Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр.
Адам баласы жануарлар мен
өсімдіктер туралы
Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да
елдерде қолдау тауып, Еуропа,Ресей,Қытай,Үндістан,
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО – ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР – ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
Информация о работе Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау