Биосфера және адамзат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 21:23, курсовая работа

Описание

Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Содержание

І. Биосфера құрылысы
1.1. Атмосфера
1.2. Гидросфера
1.3. Литосфера
ІІ. Биосфераның пайда болуы
2.1. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
ІІІ. Биосфера және адамзат
3.1. Биосферадағы алғашқы шегіністер

Работа состоит из  1 файл

Биосфера.doc

— 60.00 Кб (Скачать документ)

      Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік  шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады.

      Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың  бәрі де биосферадан алынады деген  сөз. 

      3.1. Биосферадағы алғашқы  шегіністер 

      Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды.

      Биосфера  тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.

      Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді.

      Адам  өз биосферасына сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай ғана темір мен пайдалы  қазбалардың пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық құралдардың пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне 40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының көлемін алыстан алақанға салып қарағанда үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем» - деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген жеріміз өз ортасында тым көркем. Бірақ оның алғашқы көркі қайда ығысып барады? Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар мен мал түліктер, тас үйлер мен техникалық алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз ба? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Пайдаланған әдебиеттер: 

    1. Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж
    2. В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж
    3. А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж
    4. М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

Информация о работе Биосфера және адамзат