Еліміздің экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 15:18, доклад

Описание

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Работа состоит из  1 файл

ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.docx

— 261.26 Кб (Скачать документ)

Арал теңізінің 1960-2010 ж.ж. аралығындағы көрінісі

Арал теңізінің  болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне  өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу,атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференцияларұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, РесейАҚШЖапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа  кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат  қауымының білімі мен біліктілігіне  байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі  ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.[5]

Арал  теңізі мәселелері жөніндегі  келісім

Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті АқаевТәжікстанРеспубликасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. РахмоновӨзбекстан Республикасының Президенті И.А. КаримовТүрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.

Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы  экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының  әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.

Арал  теңізі мәселелері жөніндегі  мемлекетаралық кеңес

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (ҚазақстанӨзбекстанҚырғызстанТүрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавиттәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.[5]

Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді. [6]

Арал  теңізін сақтау жөніндегі  халықаралық шаралар

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер  басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге  бағытталған алғашқы халықаралық  келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. « 
Диагностикалық құжат» 1992 ж. тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.ҚарамановК.Салықов, Н.Мұқитановқол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕППРООНЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.[7]

Арал-Сырдария алабының су ресурстары

Арал-Сырдария алабының су ресурстары (Водные ресурсы Арал-Сырдарьинского бассейна) — Сырдария өзенінің алабы 39° 23'—46° солтүстік ендік пен 61°-78°—24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін — 3019 км. Өзен Орталық Азияның төрт мемлекетінің (ҚазақстанҚырғызстанӨзбекістанТәжікстан) аймағын басып өтеді. Оның алабында ұзындығы10 км- ден асатын 497 тұрақты өзен бар. Бұлардың жиынтық ұзындығы — 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы — 462 мың кмSuperscript text2. Антропогендік факторлардың сипатын анықтайтын алабының негізгі ерекшелігі — оның аумағының қалыптасу зонасы ағынды пайдалану немесе "таралу" зонасына бөлінуі.

Алаптың жазықтық бөлігін  алып жатқан каналдар желісінің көмегімен  тауларда қалыптасқан ағын аумақ  бойынша таралады, содан кейін  барып транспирацияға және жер асты суларының қорын толықтыру үшін сейіледі. Сонымен бірге тарамданған  кәріздеу және коллектрлеу желісінің  құрылысы ағындыны табиғи гидрографиялық желіге жоне көптеген табиғи төмендеген жер бедеріне жинауға мүмкіндік  тудырады. Осының нәтижесінде табиғи ыңғайлы жағдайда ағынның сейілу зонасы мелиорация құрылысының кейбір этаптарында оның қайтадан қалыптасу  зонасы болуы мүмкін.

Табиғат жағдайы

Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып  табылады. Сырдария өзені алабы жазық  аумағының климаттық жағдайы  жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен  қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері  қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен —  Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға  пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық  режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын  жеткіліксіз.

Жазда мұнда бірнеше  ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі  мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері — 90 мм, ал солтүстікте — 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы — 462000 км2.

ШуСарысуТалас және т.б. өзендердің бұрын Сырдария өзеніне кұйғаны анықталған. Ал казір олардың сулары оған жетпейді. Сырдария алабы ең негізгі артериясын Қазақстан шегінен алып жатқан Қарадария жоне Нарын өзендерінің қосылуынан алады. Олар Тянь-Шань тау жүйесінің кар мен мұұздығынан мол қоректеніп ағады. Суы молы — Нарын, . бұл өзенмен бірге Сырдария 2900 км ұзыңдықта, ал осы екі өзеннің суын қосып : алған соң, Сырдария солтүстікте — Шатқал, оңтүстікте — Түркістан беткейінің аралығында кең жайылған Фергана аңғарымен (300 км аса) ағады. Аңғардың оңтүстік шетінде Үлкен Ферғана, ал сол-түстік шетінде Солтүстік Ферғана каналы жүргізілген. Озен аңғардан шыққан кезде Моғалтау жотасының Ферхад аласа тау жотасы сілемін қиып өтеді. Осы жерде ол Ферғад ГЭС-ы салынған Бекабад шоңға-лын қалыптастырады.

Ағыс бойынша жоғарыда бөгенімен бірге Қайраққүм ГЭС-ы орналасқан. Осы өзеннен Киров атындағы, Дальверзинский жэне Голодностепной бас каналдары тартылған. Соңғысы дала жазығымен 150 км қашықтыққа созыла келе, Қазақстан аумағьша енеді. Бұдан кейін тағы да 1000 км-дей аға отырып, Арал теңізіне құйылады. Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстан аумағында Қызылорда облысымен 218,4 мың км2 аудан қүұай ағады. Сырдария өзен жүйесі Нарын, Қарадария, Келес және Арыс, сондай-ақ солтүстік жаға шағын өзендерінің ағысын қосып алады.[8]

Бұрынғы порттары

Барсакелмес аралы

  • Арал (Қазақстан);
  • Мойнақ (Өзбекстан);
  • Қазақдария (Өзбекстан).

Бұрынғы аралдары

  • Возрождения аралы;
  • Барсакелмес;
  • Көкарал.

Қызықты айғақтар

  • Аралабад кеңес курортты қаласы “Syberia” компьютерлік ойынында, атауына қарағанда Арал теңізінде орналасқан.
  • Рашид Нығмановтың «Ине» ( Игла) киносында басты кейiпкерлер (Цой, Смирнова) Арал теңізіне барады.
  • Арал теңiзiнiң таязданған түбiнде екi қоныс пен кесенелердiң қалдықтары табылған (солардың бірі Кердері кесенесі[9].
  • «Иттер» ( Псы) киносы (рөлдерде Андрей Краско, Юрий Кузнецов, Михаил Жигалов және б.) Арал теңізінің құрғау нәтижесінде туындаған адам мен табиғаттың арақатынастарының трагедиясын ашып көрсетеді. Бұл кинода экспедиция аңшыларының, кезінде толы өмір мен су, ал қазір Арал теңізінің жағасындағы тастанды қалаға қасқыр-жалмауыздарды ату үшін баруы туралы айтылады.
  • «Call of Duty: Black Ops» компьютерлік ойынында басты кейіпкер белгілі бір тапсырманы орындау барысында Арал теңізінің аралдарының біріне түсіп қалады.
  • «X-Men: First Class» киносында Арал теңізімен аттас кеменің атауы жайлы айтылады.[10]

Информация о работе Еліміздің экологиялық жағдайы