Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2011 в 18:28, реферат
Наурыздың 11-і күні Жапонияның солтүстік-шығысындағы «Фукусима-1» атом электр станциясында орын алған апат әлемді дүр сілкіндірді. Ұлттық діңгегін берік қалыптастырған Күншығыс елінің қайғысы күллі адамзат баласын қара жамылдырды. Қазір радиация деңгейі мөлшерден тыс жоғарылап кеткен «Фукусима-1» атом электр станциясының жұмысшылары қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, ел үкіметі «Фукусима-1» аймағындағы барлық жұмыстарды тоқтатты.
«Фукусима-1» атом электр станциясындағы радиациялық жағдай
Наурыздың 11-і күні Жапонияның солтүстік-шығысындағы «Фукусима-1» атом электр станциясында орын алған апат әлемді дүр сілкіндірді. Ұлттық діңгегін берік қалыптастырған Күншығыс елінің қайғысы күллі адамзат баласын қара жамылдырды. Қазір радиация деңгейі мөлшерден тыс жоғарылап кеткен «Фукусима-1» атом электр станциясының жұмысшылары қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, ел үкіметі «Фукусима-1» аймағындағы барлық жұмыстарды тоқтатты.
Темірден түйін түйген тапқыр халықтың апатты өз күштерімен залалсыздандыруға қауқары жетпеді. Осы АЭС-тің қожайындары апат зардабын жоюда Франция мамандарынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Ал, бұдан бұрын Жапония Министрлер кабинетінің хатшысы Юкио Эдано АЭС реакторларын салқындату шарасына атсалысуға американдық әскерилерден көмек сұрауы мүмкін екендігін айтқан-ды. Кім қол ұшын созса да, фирмаға келген 29 млрд доллардың орнын толтыру оңайға соқпайтындығы болжалып отыр.
Қазір аталған АЭС-тің операторы – «Токио Электрик Пауэрс» компаниясының акция сатылымдары 18 пайызға төмендеп, соңғы 30 жылда болмаған құлдырауға ұшырады. Компания басшысы М.Симидзу өз-өзіне қол жұмсады, елден қашып кетті деген сөздер қауесетке айналды: Таяуда ғана Жапонияның БАҚ Симидзудың қан қысымы жоғарылап, ауруханаға жатқызылғандығы туралы ақпарат таратты.
Алғашқы апаттан бері айға жуық уақыт өтсе де, станциядағы жарылыстар әлі азаймай отыр. АЭС-тің бірінші реакторындағы өзекшелердің 70 пайызы, екінші реактордағы 33 пайызы зақымдалған.
Фукусимадағы радиация мөлшерінің адам денсаулығына қауіпті деңгейге жетуі Жапон үкіметін тығырыққа тіреді. «Токио Электрик Пауэрс» компаниясы жуырда радиоактивті сутегіні Тынық мұхитына ағызуға мәжбүр болды. Ел үкіметі осы әрекетке наразылық білдірген Оңтүстік Корея мемлекетінен кешірім сұрады. Дегенмен, Жапонияның Сыртқы істер министрі Т.Мацумото бұл іске шарасыздықтан барғанын және радиоактивті сутегіні Тынық мұхитына ағызу ешқандай халықаралық заңға қайшы келмейтіндігін атап өтті.
АЭС – адамзаттың электр өндірісі үшін ойлап тапқан ең арзан, бірақ, ең қауіпті жолы. Қазір әлемде әкелер зардабы «Фукусиманың» қаупіне пара-пар 436 атомдық реактор бар. Ал, 13 мемлекетте 56 реактордың құрылыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар Фукусиманың жағдайын қалпына келтірумен қатар, аталған атом реакторларында жарылыстардың орын алмауын бақылауға тиісті.
Бұрын электртогынан таршылық көрмеген Токио қаласында мүлгіген тыныштық. «Токио Электрик Пауэрс» компаниясы қала аудандарын кезек-кезекпен электр қуатынан ажыратып отыр. Қаладағы дүкендер электр қуатын үнемдеу мақсатымен кешкі алтыда жабылатын болған. Темір-терсектерден Терминатор құрастырып, төрткүл дүниенің төресіне айналған Жапонияны мұншалықты мүшкіл халге түседі деп кім ойлаған?
Апат айтып келмейді… Ал Қазақстанда 14 АЭС салу жоспарлануда.
Информация о работе «Фукусима-1» атом электр станциясындағы радиациялық жағдай